2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығындағы ата-аналар комитетінің ата – аналармен жүргізілген жұмыс есебі » СШ №25
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 345859
Есепші бөлімі:
+7(7262) 345859
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығындағы ата-аналар комитетінің ата – аналармен жүргізілген жұмыс есебі
16
январь
2018

2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығындағы ата-аналар комитетінің ата – аналармен жүргізілген жұмыс есебі

Тәрбие отбасынан басталса, Егеменді еліміздің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесі. Бала бақытының кепілі- ата-атаның өнегелі тәрбиесі десек,ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға.
2017 жылдың 14 қыркүйек күнгі жалпы ата-аналар жиналысының шешіміне сәйкес 4 «А» сыныбының ата-аналар комитетінің төрайымы болып Салмаханбетова Ельмира Медетовна сайланды.
Ата-аналар комитетінің мүшелері:
1. 1 «А» сынып оқушысы Рахымжан Бақдаулеттің ата-анасы Рахымжанова Меруерт Тлепбергеновна.
2. 5 «В» сынып оқушысы Ринатұлы Темірланның ата-анасы Изентаева Балдырған Таймагамбетовна.
3. 9 «А» сынып оқушысы Қайрат Нұртілеудің ата-анасы Ділдаханова Айгул Кабыловна сайланды.
2017 жылдың 21 қыркүйек күні №30 мектеп гимназиясының мәжіліс залында өткізілген ата-аналар жиналысына ата-аналар комитетінің төрағасы мен мүшелері және мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Есентаев Нұржан Ауесбаевич қатысып қайтты.
2017 жылдың 22 қыркүйек күні мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» мақсатында дін маманы Б.Алпысбаев, мобильдік топтың хатшысы Ж.Далиева қатысты. Экстремисттік ұйымдар идеологиясы және олардың Қазақстан аумағындағы тоелогиялық ұстаным ерекшелігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Р.Моншаева, Т.Малибеков Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша ұйымдастыру шараларымен ата-аналарды таныстырды.
2017 жылдың қазан айында «Мейірімді жүрек» қамқорлық қайырымдылық акциясы өткізілді. Қамқоршы ата – аналар Ш.Еркебекова, С.Салманова, Ф.Кучалиева, З.Досовалар қамқоршы күніне арналған № 46 мектепке қайырымдылық концертке қатысты.Ш.Еркебекова, С.Салмановаға аздаған сыйлық тапсырылды.Қамқорлықтағы оқушыларға ата – аналарымен бірге мектепішілік іс – шара ұйымдастырылды.
2017 жылдың қараша айында І тоқсан бойынша 1-11 сынып ата-аналар жиналысы болып өтті. Сынып жетекшілер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында ата-аналарға баяндама оқыды.
2017 жылдың 22 қараша күні жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың және зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу бойынша мектеп ұжымы мен ата-аналарға балалардың өміріне әрбір ата-ана өз баласын қадағалау туралы айтылды.


Желтоқсан айында мектеп психологы Б.Жолдасова 8 сынып ата-аналарына «Жасөспірім шақтағы суицидтің алдын алу» тақырыбына баяндама оқыды. ІІ тоқсан қорытындысы бойынша 1-11 сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізілді. Сынып жетекшілер ата-аналарға «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.





Ата – аналар комитетінің төрайымы: Е.Салмаханбетова
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив