2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығындағы атқарылған іс – шаралар есебі » СШ №25
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 345859
Есепші бөлімі:
+7(7262) 345859
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығындағы атқарылған іс – шаралар есебі
15
январь
2018

2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығындағы атқарылған іс – шаралар есебі

2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығындағы атқарылған
                           іс – шаралар есебі

«Қазақстандықтар жоғары білімді ұлт болуы керек»- деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай, еліміздің болашағы жас ұрпағымызға сапалы білім, саналы тәрбие беруде мектебімізді бірқатар жұмыстар жоспарлы түрде атқарылуда.
Мектептің шығармашылық тақырыбы:
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру
Мақсаты:
1. Көшбасшылық арқылы ынтымақтастық орта жасау;
2. Алған білім мен дағдыларын өмірде қолдану арқылы жетістікке жетуге бағыттау;
3. Оқушылардың білім сапасын бағалау мен мониторинг жүргізу жүйесін дамыту;
4. Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыта отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру;
Мектептегі барлық педагог саны – 50 Оның ішінде: жоғары санатты-18, бірінші-10, екінші санатты-11, санатсыз-11
2017-2018 оқу жылында Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында жаңартылған білім беру мазмұны аясында 24 мұғалім, «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша 1 мұғалім, «Тиімді оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша 2 мұғалім өз білімдерін көтерді, үш тілде білім беру бағдарламасы бойынша 4 мұғалім курстарын аяқтады. Мектепте мұғалімдердің курстан өту кестесі жасалынған, осы кестеге сәйкес мұғалімдер кезегімен білім жетілдіру курстарына жіберіліп отырады. Сонымен қатар,Қ.Р. білім және ғылым министрлігі кеңесінің нұсқаулығы негізінде жалпы білім беретін мектептері педагог кадрларының кәсіби дамуының «Тәжірибедегі рефлекция»білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерге мектепішілік курс ұйымдастырылды.Курсты НЗМ ДББҰ ПШО-да мектеп тренері Бағдарламасы бойынша курстан өткен және сертификатталған педагог М.Ахметова өткізді. Курсты барлығы 18 мұғалім оқып аяқтады және аталған курсты мектеп тренері А.Тажеева 12 мұғаліммен жалғастырып келеді.
Педагогтің ғылыми-әдістемелік жұмысының рейтингісі әр тоқсан сайын есептелініп отырады. Мектептің әр педагогіне арнайы есеп тапсыру формасы әзірленген. Қорытынды рейтинг әр тоқсан сайынғы жиналған балдардың жиынтығы негізінде оқу жылының соңында анықталады. Мәліметтер жиынтық кестеге енгізіліп, диаграмма құрылады және №25 орта мектеп мұғалімдерінің кәсіптік біліктілігін әрі қарай дамыту үшін нәтижелер талданады. Әзірленген мұғалімнің ғылыми-әдістемелік жұмысын рейтингтік бағалау әдісі мұғалімнің кәсіби өсуіне жан-жақты мүмкіндік береді
2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығында оқушылар арасында қалалық-10, облыстық-5, халықаралық-28, республикалық-13 орындар болса, мұғалімдер : қалалық-7, облыстық- 4, халықаралық - 8 алғыс хат, 4 орын, республикалық-3 алғыс хат иеленді.
Мектеп мұғалімдерінің озық жұмыстары, шәкірттерге өнегелі білім берген іс-тәжірибесі мен тәрбие жұмыстары жинақталып, тәжірибе алмасу мақсатында қалалық «Бағдарламаның жеті модулі-сапалы білім негізі» атты семинар –практикумы өткізілді.
Биылғы оқу жылында мектеп Назарбаев Зияткерлік мектебімен желілік қоғамдастық жоспарын бірлесе құру жұмысы жалғасын тауып, Меморандумға қол қойылды.
2017-2018 оқу жылында жаз мезгіліндегі оқушылардың жылжу есебінің қорытындысы нәтижесінде 5 қыркүйек күні мектеп контингенті-447 оқушы болып бекітіліп, 22 сынып комплектісі ашылды.Оның ішінде:
1 сынып – 54 оқушы, 3 сынып
2 сынып -60 оқушы, 3 сынып
3 сынып – 50 оқушы, 2 сынып
4 сынып -45 оқушы, 2 сынып
5 сынып -47 оқушы, 2 сынып
6 сынып – 42 оқушы, 2 сынып
7 сынып – 35 оқушы, 2 сынып
8 сынып – 48 оқушы, 2 сынып
9 сынып- 40 оқушы, 2 сынып
10 сынып – 10 оқушы, 1 сынып
11 сынып -16 оқушы, 1 сынып болып бекітілді.
2017-2018 оқу жылында 36 оқушымен 2 мектепалды даярлық тобы ашылды.
5 күндік сабақ кестесі құрылып, сыныптардың оқу бөлмелері белгіленді.
Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын балалардың саны 5.
Оқу жылының басында 5 оқушы ПМПК қорытындысы негізінде үйде оқытылатын оқушылар тізіміне енді:
1. Әбіш Мақсат – 3 «ә» сынып оқушысы;
2. Әндер Ришат – 5 «ә» сынып оқушысы;
3. Аманжан Әділжан, 8 «а» сынып оқушысы;
4. Талап Мұқағали - 9 «ә» сынып оқушысы,
5. Булекбаева Элеонора - 10 «А» сынып оқушысы
Инклюзивті оқытылатын оқушылар:
1. Алиасқар Асқат – 1 «б» сынып оқушысы. Оқушыға арнайы үлгідегі оқу жоспары дайындалып, бекітілген, күнделікті бақылау жүргізіледі.
2. Уалиханов Мейірбек – 9 «ә» сынып оқушысы ПМПК қорытындысы негізінде диагнозына байланысты сыныптың оқу жоспары бойынша білім алады, дене шынықтыру пәнінен босатылған.
Үй жағдайында оқытылатын оқушылар және инклюзивті оқытылатын оқушылар оқу құралдарымен толық қамтамасыз етілді.
Балалар мен жасөспірімдерді оқуға қамту шараларын ұйымдастыру туралы кәмілетке толмағандардың тегін жалпы орта білім алуға арналған Концтитуциялық құқығын іске асыру және Тараз қалалық әкімдігінің білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдерді оқуға қамту шараларын ұйымдастыру туралы» 27.07.2017 ж. № 903 бұйрығын орындау мақсатында «Карасу» шағын мөлтек ауданында №25 мектепке қарасты үйлерді мектеп мұғалімдеріне 0-18 жас аралығындағы балалардың тізімін анықтау, басқа мектептерде оқитын балалардың анықтамасын алу 44 мектеп қызметкеріне жүктелді. Барлығы 0-18 жас аралығындағы-1369 жасөспірім тіркелді. 5-ші мөлтек аудан территориясында тұратын оқушылардың 398 оқушысы №25 орта мектебінде білім алуда.
2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша оқушылардың оқу үлгеріміне тоқталатын болсақ, ІІ тоқсанында білім сапасы: 51,8%, үлгерім 99,7% көрсетті.
І тоқсанда 47%, болған, яғни білім сапасы 3,8%-ға артып отыр.
2–4 сыныптарда білім сапасының көрсеткіші 59,52%, оқу үлгерімі 100%.
5–9 сыныптарда білім сапасының көрсеткіші 48,1%, оқу үлгерімі 99,5%.
10–11 сыныптарда білім сапасының көрсеткіші 37,5% оқу үлгерімі 100%
Биылғы оқу жылында білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесіне көшу жүргізілуде. 2017-2018 оқу жылында жаңа бағалау жүйесіне 1, 5, 7- сыныптар көшті, 2-сыныптарда критериалды бағалау жүйесін енгізу жалғасын тапты. Мектебімізде жаңа білім мазмұны енгізілген 7 сынып бар. Оның ішінде 2 сыныптарда 5 негізгі пәннен және орыс тілі мен ағылшын тілі пәнінен жиынтық бағалау жүргізіледі. 5 сыныптарда 9 пәннен жиынтық бағалау, дене шынықтыру пәнінен әр тоқсан сайын, музыка, көркем еңбек, өзін өзі тану пәндерінен әр жартыжылдықта сынақ алынады. 7 сыныптарда 13 пәннен жиынтық бағалау, дене шынықтыру пәнінен әр тоқсан сайын, көркем еңбек, өзін өзі тану пәндерінен әр жартыжылдықта сынақ алынады.
Жаңа білім беру мазмұны енгізілген сыныптардың білім сапасы

№ сыныбы І тоқсан білім сапасы(%) ІІ тоқсан білім сапасы (%) Өсу динамикасы
(%)
1 2 а 60 62 +2
2 2 ә 57 67 +10
3 2 б 55 63 +8
4 5 а 55 56 +1
5 5 ә 43 52 +9
6 7 а 50 53 +3
7 7 ә 35 44 +9

Бағалаудың жаңа жүйесі мұғалімнің ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және ата-аналармен тығыз байланыс орнатуды талап етеді.
Білім алушылардың ата-аналарына бағалаудың жаңа жүйесінің мақсаты мен негізгі принциптері № 1 мектепішілік ата аналар жиналысында түсіндірілді, сынып жетекшілер тарапынан ата-аналар үшін тренингтер өткізіліп түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда.
Мектептің тәрбие жұмысының жылдық жоспары бойынша І жарты жылдықта төмендегідей іс-шаралар өткізіп, жетістіктерге жетті. 1-қыркүйек «Салем саған мектебім!» алғашқы қоңырау салтанатты мерекелік жиын өткізілді.
3 қазан күні «Адал ұрпақ» ерікті клубының мүшелері 10 «А» сынып оқушысы Ж.Билалова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында «Жемқорлыққа жол жоқ!» қалалық шығармалар байқауына қатысып, І орынмен, 10 «А» сынып оқушысы Н.Сейтбек қалалық авторлық өлең байқауынан ІІІ орынмен марапатталды.
25.09-25.10.17ж аралығына рухани-адамгершілік тәрбиесі бағыты бойынша айлық өткізілді.
25.09-06.10.17ж аралығында «Ұстазым менің ұстазым» декадасы болып өтті.
11 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісі Исакова Галинаның ұйымдастыруымен «Ұстазым, менің ұстазым» мерекелік іс-шарасы өткізілді. Мерекелік іс-шараға ардагер ұстаздар Жұматаева Дүйсенкүл, Нақыпбекова Ұлжалғас, Сертекова Асия әпкейлер шақырылды.Оқушылар ұстаздарға ән, би,өлең жырларын арнады.
Қазан айында «Қамқорлық, қайырымдылық» апталығы өткізілді.
Тәлімгер С.Даулетбаева, музыка пәні мұғалімі Л.Нұртазаеваның ұйымдастыруымен «Жасұлан» ұйымының Ұланбасы Сейітбек Наурызбек, «Жасұлан», «Жас қыран» ұйымының мүшелері «Сарқылмайтын жылылық, ана аты - ұлылық» тақырыбында №1 қарттар мен мүгедектер үйіне құттықтау акциясын өткізді.Желтоқсаның айында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық –патриоттық тәрбие айлығы өткізілді. Қараша айында қалалық «Мен жүргізушімін» жарысына қатысып 10«А» сынып оқушысы Н. Сейтбек, 8 «А» сынып оқушысы Б.Бану қатысып ІІІ орынмен марапатталды
1 желтоқсан –ҚР Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы» апталығы өткізілді.Г.Тулеуованың ұйымдастыруымен қалалық сурет байқауына қатысып сынып оқушысы 3 «а» сынып оқушысы Б. Жақсыбек ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
8-15 желтоқсан аралығына 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай апталық өткізілді. Қалалық шығарма байқауына қатысып 8 «А» сынып оқушысы Асылхан Жазерке ІІ орынмен марапатталды. Қазақ тілі және әдебиеті пән мұғалімі Т.Тажимуратованың жетекшілігімен «Тәуелсіздік тәтті ұғым таңдайдағы» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауына 8 «а» сынып оқушысы А.Алтынбекқызы қалалық жарысқа қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді. Пән мұғалімі Т.Тажимуратова «Елбасы -Ел тірегі» тақырыбында эссе жазып, жүлделі 2 орынмен марапатталды.Желтоқсан айында қалалық «А снег идет» сурет байқауына 9 «А» сынып оқушысы М.Сейілхан І орынмен марапатталды
2017-2018 оқу жылының құқықы бұзушылықтың алдын алу бойынша жылдық жоспаралары бекітіліп құрылыды.
І – жарты жылдық бойынша ІІБ-де есепте 4 оқушы тұрды. Есепке алынған оқушыларға тәлімгерлер тағайындалып, үйірмелермен қамтылды.
№5 мобильдік топ мүшесі, мектеп психологы Б.Жолдасова, мектеп инспекторы Б.Альмухамедов, ДҚТІЖО Д.Иманбеков ІІБ-де есепте тұрған және тәртіп бұзуға бейім оқушылармен, және олардың ата - аналарымен жеке жұмыс жүргізді.
ІІБ-де есепте тұрған, мектепішілік есепте тұрған оқушылардың күнделікті сабаққа, қоғамдық жұмыстарға, мектепішілік іс-шараларға қатысуы қадағаланып отыр.
Есепте тұрған оқушылардың ата- аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
1-11 сынып жетекшілеріне құқық бұзушылық, тәртіпсіздіктің алдын-алу, құқықты насихаттау, зиянды заттардың алдын-алу іс-шарасын жүргізуге байланысты бағыт-бағдар беріліп отыр.
5-11 сынып оқушылары арасында әр аптаның сәрсенбі күндері ұстауға тыйым салынған заттарды (пышақ, шеге, біз,өткір заттар) тәркілеу мақсатында мектеп инспекторы Б.Альмухамедовтың қатысуымен рейдтер жүргізіліп отырылды. 5-11 оқушылары арасында аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері пайдалануға тыйым салынған заттар (темекі, насыбай, есірткі, клей т.б.) тәркілеу мақсатында рейдтер жүргізіліп отыр. Рейд кезінде кездескен, құқық бұзушылық болған жағдайда АКТ жасалынып, тіркеліп отыр. 1-11 сынып жетекшілері оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық насихаттау, зиянды заттардың алдын алу іс- шаралары бойынша тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер, баяндама, бейнефильмдер көрсетіп, мектеп оқушылары арасында «құқықтық білім беру» сабақтарын өткізуде. Полиция, ЖИТС, ЖОНД, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының мамандары айына бір оқушыларға дәріс оқып бейне роликтар көрсетіп түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Оқушыларды күзгі және қысқы демалыстарында түрлі спорттық кешендерге, музейлерге апарылып таныстыру жұмыстары атқарылып отырады.
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы əлеуметтік- психологиялық жағдай жасау жəне білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Қыркүйек айында 1-ші сынып оқушыларының мектепке психологиялық даярлығы анықталып, түзету-дамыту жаттығулары жүргізілді.
1-ші сынып ата-аналарына «Бірінші сынып оқушыларының бейімделу
кезеңінің ерекшеліктері» атты дәріс оқылып «Танысу» тренингі жүргізілді.
Қазан айында 5-ші сынып оқушыларының орта буынға бейімделу кезеңіне
диагностикалық зерттеу жүргізіліп, «Кел танысайық!» «Бесінші сынып деген
не?» т б тақырыптарда түзету-дамыту сабақтары жүргізілді.
Сонымен қатар «Өзіне-өзі қол жұмсаудың» алдын алу бағытында
оқушылардан төрт тест алынып, «Өмір сен маған қымбатсың!», «Біз және
біздің болашағымыз», «Қиын жағдайлардан не үйренуге болады»
тақырыптарында тренингтер жүргізіліп, мектеп мұғалімдеріне
«Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол салу мәселесінің психологиялық
ерекшеліктері» атты дәріс оқылды.
Ерекше назардағы, І ПБ бөлімінде есепте тұрған, тәртіп бұзуға бейім оқушылармен «Оқушылардың бойында жағымды қасиеттерді дамыту», «Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз», «Менің болашағым» атты тақырыптарда топтық жұмыстар , «Мақсат-жетістік желкені, Адамгершілік деген не?, Ақыл-парасатқа бастайтын қағидалы сөздер», «Іздегенде табылатын қасыңнан...» тақырыптарында ағарту әңгімелері «Мен ашуланамын, Өзіндік бағаны дамытуға арналған жаттығулар, Өзін-тану» тақырыптарында психокоррекциялық жаттығулары жеке,топпен жүргізілді. Сонымен қатар зиянды заттардың алдын-алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 7,8,9 сынып оқушыларына «Елдің болашағын салауатты өмірге тәрбиелеу, Зиянды дағдылардан аулақ бол, Темекі шегу, насыбай зиянды» тақырыптарында шағын дәрістер оқылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген. Үлгі ережесі жаңа редакцияда жарияланған қосымшада №660 бұйрығын негізге ала отырып, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:
1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.
2. ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу емтиханы
ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған.
2017-2018 оқу жылында 11 сыныпта 17 оқушы болса, оның 12-і ҰБТ-ға қамтылып отыр. Мектепшілік дайындық жұмыстарының соңғы алынған тест қорытындысы бойынша орташа балл 50 болып отыр. Оқу жылының соңына дейін орташа балды 69 –ға жетку жоспарымызда бар.
11 сынып оқушыларын ҰБТ және мемлекеттік емтиханға психологиялық тұрғыдан дайындық бағыты бойынша «Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады?», «Есте сақтау қабілетін дамыту», «Емтихандағы мінез-құлық» т б тақырыптарында тренинг сабақтар және психодиагностикалық жұмыстар жүргізілуде.
Кәсіптік бағдар беру бағытында оқушылардан екі тест алынып, мамандық таңдау тақырыбында ақпараттық сессия беріліп, тренингтер жүргізілді.
Салауатты өмір салтын насихаттау, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында: зиянды заттардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау тақырыбында дәрістер оқылып, «Нашақорлық-ғасыр-дерті» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, жасырын сауалнама жұмыстары алынды.
Мектепалды даярлық топ балаларымен қыркүйек айында «Танысу» тренингі өтіліп, психодиагностикалық жұмыстар жүргізілді. Жоспар бойынша психолгоиялық ойын жаттығулар жүргізіліп отырылады. Сонымен қатар жыл бойына оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға қажетті жағдайда кеңес беріліп, сұхбат жүргізіліп отырылады.
Мектебімізде әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан көмек алуға құжаттары тіркелген -234 оқушы бар. Олар жалпы оқыту қорынан берілетін бір мезгіл тегін ыстық тамақпен, қыстық киіммен, кітаппен қамтылған.
«Менің таңдауым- балаларға көмек көрсету!» ұранымен 2017 жылдың
1 тамыз - 30 қыркүйегі аралығында Республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілді.
Мектептің қалалық білім бөліміне берген сұранысы бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 25 оқушының 15-не көмек көрсетілді.
«Мектепке жол» акциясының аясында көмек алған оқушылар туралы мәлімет

р/с Оқушының аты-жөні         сыныбы                                        қандай соммаға көмек көрсетілді
      
1 Орманов Алихан Ерланович 2 «А» Жамыл былғары аяқ -киім комбинаты 13000
2 Тургынова Асылай Амзеевна 2 «Ә» Жамыл былғары аяқ -киім комбинаты 13000
3 Курманәлі Мақпал Нурмуханқызы 2 «Б» Жамыл былғары аяқ -киім комбинаты 13000
4 Салманова Гаухар Бакытбековна 3 «Ә» Жамыл былғары аяқ -киім комбинаты 13000
5 Алдахмет Алина Кенжебекқызы 4 «А» Жамыл былғары аяқ-киім комбинаты 13000
6 Бақберген Абдрахман Ақылбекұлы 3 «А» Кіріс басқармасы 20000
7 Тургынова Асел Хамзаевна 9 «Ә» Кіріс басқармасы 20000
8 Қанатбек Ильяс Досжанұлы 5 «А» Қазақ-түрік экономикалық коллед. 15000
9 Баймұратова Ұлжан Бақытжанқызы 9 «Ә» Қазақ-түрік экономикалық коллед. 15000
10 Жеңісұлы Ерасыл 5 «А» Әділет департаменті 38000
11 Рахымжан Дәурен Айдарұлы 7 «Ә» Әділет департаменті 25000
12 Сейдахан Алтынай Ғаниқызы 4 «Ә» Каз.Транс. Газ аймақ 35000
13 Махмудов Руслан Муслимович 5 «Ә» Каз.Транс. Газ аймақ 35000
14 Акбергенов Дамир Мырзатаевич 8 «А» Каз.Транс. Газ аймақ 35000
15 Елеусизов Асылхан Сейілханұлы 8 «Ә» Каз.Транс. Газ аймақ 35000

Желтоқсан айында жаңа жылдық сыйлықтарды көп балалы отбасынан шыққан 4 «А» сынып оқушысы Тургунов Ербол, 4 «Ә» сынып оқушысы Қонысбекова Қарлығаш Тараз қаласы әкімінің шыршасына қатысып заттай (сырт киім, тәттілер т.б), аз қамтылған 5 «Ә» сынып оқушысы Алтаева Айымға қалалық білім бөлімінің әдіскері М.Г.Алиева заттай ( сәнді көйлек, тәттілер), «Аяз атаға хат» жазған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3 «А» сынып оқушысы Рауанұлы Ақниетке №16 балабақша меңгерушісі Д.Е.Салқынбекова жұмсақ (ойыншық, тәттілер), 4«Ә» сынып оқушысы Абуталип Әсемге «Три девятое царство» ойыншықтар дүкенінің президенті М.Т.Левыкина жұмсақ ойыншық табыс етті.
Мектепке жартылай ағымдағы жөндеу жұмысына 2017 жылы – 201889 теңге жұмсалған. Мектеп жанындағы «Балдаурен» шағын орталығына – 105946 теңге бөлініп, электр жүйесі жөндеуден өтті. Су және кәріз жүйесіне жартылай ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 5376000 теңге жұмсалды. Оны жүргізген ТОО «САНАТ» Тараз фирмасы. Жылу жүйесіне жартылай ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 8064000 теңге жұмсалды. Оны жүргізген ТОО «АЙ-ДИН ТАРАЗ ҚҰРЫЛЫС» фирмасы.
Жыл аяғында мектептің оқу-материалдық базасы 2 сыныптың жиһаз жинағымен толықты. Асханаға 12 стол және 48 орындығымен берілді. Құжат қоятын шкафтар – 15 дана және мұғалімдерге орналған 5 дана столдар берілді. 8 оқу кабинеттерінің жазу тақталары жаңартылды. Және де 3 дана жай және 1 дана түрлі-түсті принтер берілді. Төтенше жағдай болған жағдайға байланысты 1 дана генератор берілді. Мектепке жалпы соммасы 1258636 теңге бөлінді.



 

Баяндамашы:

мектеп директоры А.К.Абашова

Похожие публикации:

11 ноябрь 2017 Ұстаздар күні
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив