Мектепішілік ата аналар жиналысы
Тараз қаласы
Өткізілген күні: 12.01.2018 ж.
Өтілетін орны: № 25 орта мектеп
Басталуы:18 .00 – де
Қатысушылар: ата – аналар - 107, педагогтар - 46
Өткізілу форматы: жалпы ата – аналар жиналысы
Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1. 2017 – 2018 оқу жылының І – жарты жылдық бойынша мектептегі
атқарылған жұмыстардың есебі..
2. Ата – аналар комитеті төрайымы Э.Салмаханбетованың І жартыжылдық бойынша есебі.
3. Білім беру ұйымында қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру.
ДТІЖО Р.Игиликова
4. Әр түрлі мәселелер
1 мәселе бойынша мектеп директоры А.Абашова 2017 – 2018 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша мектептегі атқарылған жұмыстардың есебі жөнінде баяндама оқыды. Мектептің оқу тәрбие жұмыстары бойынша мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерін атап көрсетті.
2 мәселе бойынша ата – аналар комитеті төрайымы Э.Салмаханбетованың есебі тыңдалды. Тәрбие отбасынан басталса, Егеменді еліміздің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесі. Бала бақытының кепілі – ата – ананың өнегелі тәрбиесі десек, ата – ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға деп атап көрсетті. «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» мақсатында дін маманы Б.Алпысбаев, мобильдік топтың хатшысы Ж. Далиева ата – аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізгендігін және Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Р.Моншаева, Т.Малибековтің қатысып, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша ұйымдастыру шараларының өткізгендігін атап өтті. Қазан айында өткізілген «Мейірімді жүрек» қамқорлық – қайырымдылық акциясында қамқоршы ата – аналар Ш.Еркебекова, С.Салмановаларға аздаған сыйлық тапсырылып, қамқорлықтағы оқушыларға ата – аналармен бірге мектепішілік іс – шара ұйымдастырылғанды-ғы туралы айтып өтті.
3 мәселе бойынша ДТІЖО Р.Игиликова білім беру ұйымында қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру ережесімен , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен таныстырып,қамқоршылық кеңесінің құрамы, құрылымы және жұмыс істеуі туралы айтып өтті.
Әр түрлі мәселелер бойынша кешкісін сабақ аяқталған соң балаларын ата-аналар өздері алып кетуін, қазіргі таңда қылмыстың көбейіп жатқанын, оның ішінде нашақорлықтық, ұрлықтың, таксикоманияның белең алуы туралы айтылды.
Шешім:
1. 2017 – 2018 оқу жылының І жартыжылдық бойынша мектептегі атқарылған жұмыстардың есебі «қанағаттанарлық» деп табылсын.
2. Ата – аналармен жүргізілген І жартыжылдық есебі «қанағаттанарлық» деп танылсын.
3.Қамқоршылық кеңесі қызметін ұйымдастыру жұмыстарының жоспары жасалынып, қамқоршылық кеңесі қызметі жалғастырылсын.
Төрайымы А.К.Абашова