Хабарландыру » СШ №25
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 345859
Есепші бөлімі:
+7(7262) 345859
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Хабарландыру
30
сентябрь
2025

Хабарландыру

ДАРЫНДЫ ЕР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӘСКЕРИ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТҚА ТҮСУ ҮШІН ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған әскери мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2025-2026 оқу жылына оқушыларды қабылдау туралы хабарлайды



Мамандандырылған әскери мектеп-интернаты бұл:

✓ Сапалы білім мен әскери-патриоттық тәрбие.
✓ 7 сыныптан бастап бейінді оқыту.
✓ Оқушылардың функциональдық сауаттылығы.
✓ Оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін жүзеге асыру.
✓ Оқушылардың дарындылықтарын дамыту.
✓ Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
✓ Қазақстан Республикасы және басқа мемлекеттердің қарулы күштері салаларының жоғарғы оқу орындарының курсанты болу мүмкіндігі.


Мамандандырылған әскери мектеп-интернатының ерекшеліктері:

- Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер, информатика, ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады.
- Әскери, спорттық, музыкалық бағыттағы үйірмелер жүргізіледі.
- Оқушылар жатақханамен қамтамасыз етіледі.
- Күніне 5 рет тамақтандыру қарастырылады.
- Әскери мектеп формаларымен қамтамасыз етіледі.
(Ескерту: тамақтандыруға жұмсалатын қаражаттың 20% ата-ана есебінен төленеді, сондай-ақ, әскери сөмке, іш киімдері мен гигиеналық заттары, оқуға қажетті кеңсе заттары ата-ана есебінен қамтылады.)


Мамандандырылған әскери мектеп-интернатының түлектері келесі жоғарғы оқу орындарында өз білімдерін жалғастыра алады:

* ҚР Қорғаныс министрлігінің жоғарғы оқу орындары;
* ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғарғы оқу орындары;
* ҚР Ішкі істер министрлігінің жоғарғы оқу орындары;
* ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғарғы оқу орындары;
* ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғарғы оқу орындары;
* Шет елдік жоғарғы және арнайы кәсіптік оқу орындары.


Мамандандырылған әскери мектеп-интернатына қабылдау ережелері:

Интернаттық үлгідегі орта білім беретін мемлекеттік мекеме, кәсіби бағдарлы білім беруді іске асырып, тәрбиеленушілерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуге дайындайды.
Әскери мектеп-интернатқа денсаулығы жарамды, қабылдау емтихандарын сәтті тапсырған мемлекеттік тілде оқытылатын 7,8,9 сыныптарға ер балалар қабылданады.


Мамандандырылған әскери мектеп-интернатына оқушылар келесі тәртіп бойынша қабылданады:

1. Өтініштерді қашықтықтан қабылдау және тіркеу 2025 жылдың 29 қыркүйек-10 қазан күндері аралығында qabyldau2025@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі.
2. Қабылдау емтихандары кестеге сәйкес аудан/қала орталығындағы мектеп базасында 15 қазан күні өтеді. (қазақ тілі, ағылшын тілі, математика, Қазақстан тарихы пәндерінен тест және психодиагностикалық тест алынады).
3. Медициналық тексерістен 20-24 қазан күндері тұрғылықты жеріндегі емханадан өтеді.
4. Дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсыру емтиханы әскери мектеп- интернат базасында 25 қазанда өтеді.
5. Әскери мектеп-интернат базасында 28-29 қазан күндері қабылданған оқушылардың ата-аналарымен/заңды өкілдерімен сұхбаттасу кездесуі өтеді.


Қабылдау комиссиясы 2025 жылдың 29 қыркүйегінен бастап жұмыс істейді
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив