12
сентябрь
2017
Мектеп тарихы
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №25 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ТАРИХИ АНЫҚТАМАСЫ
ТАРИХИ АНЫҚТАМАСЫ
Жамбыл облысы Жамбыл қаласының 5 мөлтек ауданындағы арналған жалпы білім беру №25 орта мектебі 1972 жылы пайдалануға берілген.
1972 жылдың 1 қыркүйегінде №25 орта мектебі Ағаділ Сұхамбаев атындағы орыс мектебі болып ашылды. Мектеп 1072 оқушыға арналған.Ең алғашқы мектеп директоры Ораз Жынысбаев тағайындалған. Ауысу тәртібіне байланысты директор Роза Шакеевна, Дүрімбетов Ермек Жүнісбекович, Медведова Вера Дмитровна болды. Осы жылдары қазақ бастауыш сыныптары ашыла бастаған кезде Айман Садыковна тағайындалды. Вера Дмитровна 1994 жылға дейін директор болып жұмыс атқарды. 1994 – 2006 жылдар аралығында Қаңлыбай Оңласын мектеп директоры болып қызмет атқарды. 2006 - 2007 жылы Жандарова Мираш Мұхтаровна, 2007-2010 Қойлыбаева Эльмира Сериковна, 2010 жылы Тұрысбек Мұрат, 2010 жылы Мұхтар Досмұханбетұлы, 2011 -2013 жылы Найла Қожамқұлова, 2014 - 2017 жылы Өмірбекова Эльмира Кеңесбайқызы директор болып қызмет атқарды.
2017 жылдың 20 қарашасынан бастап Абашова Айнур Каримуллақызы
«А.Қ. Букетов» атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне 1990 жылы түсіп 1997 жылы аяқтаған. Мамандығы «Қазақ тілі әдебиет» пән мұғалімі, санаты жоғары. №25 орта мектебінің директоры болып қызмет атқаруда.
2011 жылы мектеп жанынан «Балдәурен» шағын орталығы ашылды.
2016 жылы мектеп жанынан «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті» ашылды.
Мектептің жалпы көлемі 20 047м3., ал жобалық сыйымдылығы .
1.Тараз қаласы әкімдігінің 26.11.2010 ж. №1047 қаулысы негізінде «Тараз қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің №25 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі болып мекеме атауы өзгертілді.
2.Тараз қаласы әкімдігінің 24.10.2011 ж. №783 қаулысы негізінде «Тараз қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің №25 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып мекеме атауы өзгертілді.
3.Тараз қаласы әкімдігінің 14.05.2012 ж. №329 қаулысы негізінде «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №25 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
4.Тараз қаласы әкімдігінің 22.10.20214ж №01-01-12-06 қаулысы негізінде «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №25 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
Оқыту тілі: қазақ
Оқушылар контингенті: 510 оқушы;
Мектептің педагог пен тех.қызметкерлерінің саны: 137;
Сабақтың басталуы мен аяқталу уақыты: І ауысым: 8.00ден – 14.00 дейін;
ІІ ауысым:13.30 ден – 19.30 дейін;
Материалдық-техникалық жағдайы: Оқу кабинеттері – 22;
Спорт зал –1
Мәжіліс залы –1 ( орын)
Асхана –1 ( орын)
Компьютерлік сынып –2,
Интерактивті тақта саны – 4
Шеберхана –1
Мекеменің орналасқан жері: Тараз қаласы, «Карасу» мөлтек ауданы,28 үй.