Әдістемелік жұмыс » СШ №25
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 345859
Есепші бөлімі:
+7(7262) 345859
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
ноябрь
2017

Әдістемелік жұмыс

№ 25 орта мектебінің әдістемелік жұмысының тақырыбы:
Тұлғаға бағытталған жаңа білім беру жүйесінде озық педагоикалық тәжірибені қолдану және жаңа тұрпатты ұстаз қалыптастыру арқылы мектепті дамыту

Мақсаты:
Тұлғаға бағытталған жаңа білім беру жүйесін жүзеге асыратын жаңа тұрпатты ұстаз қалыптастыру,мектепті дамыту.
Міндеттері:
 Педагогикалық ұжым іс-әрекетінің жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру ;
 Мұғалімдердің теориялық және педагогикалық–психологиялық даярлық деңгейін көтеру;
 Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, өзара тәжірибе алмасу арқылы дамыту;
 Өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау арқылы шығармашылыққа баулу ;
 Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, бағалауда әдістемелік көмек беру арқылы нәтижелерге бағыттау.
Күтілетін нәтиже:
Тұлғаға бағытталған білім беру жүйесін жүзеге асыратын жаңа тұрпатты ұстаз қалыптасады,мектеп дамиды.
Бағыттары:
1. Педагогикалық ұйымдастыру жұмыстары
2. Білім сапасын арттырудағы мұғалім жұмысын қадағалау
3. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату
4. Мұғалімдердің әдістемелік шеберлігі, кәсіптік деңгейі, жалпы мәдениетін көтеру
5. Жас және жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс
6. Пән онкүндіктерін өткізу,талдау, талқылау
7. Мұғалімдердің білімін жетілдіру жұмысы:
а) аттестаттау жұмыстары, біліктілікті көтеру
ә) өздігінен білім көтеру жұмысы
б) зерттеу мәдениетін қалыптастыру
8. Жаңа технологияларды оқу үрдісіне ендіру
9. Дарынды оқушылармен жұмыс
10. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
2016-2017 оқу жылының ғылыми-әдістемелік жұмысының есебі
Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңартып отыру - бүгінгі күннің басты талабы. Қандай да өркениетті мемлекеттің қуатты болуы білікті, білімді халқының санымен анықталады. Бүгінгі оқушы – ертеңгі азамат, олай болса, оқу-тәрбие үрдісін жаңартып, білім сапасын арттыру ұжым мүшелерінің үлкен жауапкершілігіндегі іс. Осыған сәйкес № 25 орта мектебі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы мен «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын», Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын, Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдардағы білім беруді дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламасын, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі принциптерін ұстана отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының, қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұйрық, шешім, нұсқаулары және әдістемелік кеңес ережесін басшылыққа алып, әдістемелік жұмысының жылдық жоспарын жасап, іс-шаралар атқарды.
Мектептегі барлық педагог саны – 69

2016-2017 оқу жылында Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 19 мұғалім, «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша 1 мұғалім, «Тиімді оқыту» білім беру бағдарламасы бойынша 4 мұғалім өз білімдерін көтерді, үш тілде білім беру бағдарламасы бойынша 3 мұғалім курстарын жалғастыруда. Мектепте мұғалімдердің курстан өту кестесі жасалынған, осы кестеге сәйкес мұғалімдер кезегімен білім жетілдіру курстарына жіберіліп отырады. Сонымен қатар,Қ.Р. білім және ғылым министрлігі кеңесінің нұсқаулығы негізінде жалпы білім беретін мектептері педагог кадрларының кәсіби дамуының «Тәжірибедегі рефлекция»білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерге мектепішілік курс ұйымдастырылды.Курсты НЗМ ДББҰ ПШО-да мектеп тренері Бағдарламасы бойынша курстан өткен және сертификатталған педагог Ахметова М. өткізді. Курсты барлығы 18 мұғалім оқып аяқтады.

Инновациялық жаңалықтың енуі төменнен басталып, өзін-өзі бақылауға айналса ғана нәтиже жоғары болмақ. Бұл - ұжым ұстаздарының ұстанған бағыты. Мектепте 22 компьютер орналасқан (барлығы 2 компьютер кабинеті жұмыс істеуде). ҚР «Білім туралы» Заңның талаптарына сәйкес оқу үрдісін ақпараттандыру, мектепте оқылатын барлық пәндерді оқытуда компьютерді кеңінен қолдануды жүзеге асыру үшін «Компьютерлік сауаттандыру» орталығы көмегімен барлық мұғалімдер курстан өтіп, компьютерді меңгергені туралы сертификат берілді. Мектепте 84 электрондық оқулықтар мектеп кітапханасында жинақталған. Сонымен бірге кабинеттерде электронды оқулықтар тізбесі жасалынып, сабақ үрдісінде қолданылуда. Сабақтар компьютер кабинеттеріне кесте бойынша ұйымдастырылған. Компьютер кабинеттерінің екеуі де интерактивті тақтамен жабдықталған. Барлық мектеп оқушыларына электрондық, мультимедия дискілерімен қосымша ақпарат алуға және интернет жүйесіне қосылуына мүмкіндік жасалынған. Ұжым мүшелері интерактивті тақтаның мүмкіншілігін өз сабақтарында кеңінен пайдалануда. Информатика, биология, химия, физика кабинеттерінде орналасқан интерактивті тақта, интернет жүйесіне қосылу мүмкіндігі мұғалімдердің сабақты сапалы өтуіне септігін тигізуде.
Оқу үрдісіне жаңа технологияны пайдаланатын және тәжірибе таратушы мұғалімдер қатары алдыңғы оқу жылына қарағанда артты. Биылғы оқу жылында мектеп Назарбаев Зияткерлік мектебімен желілік қоғамдастық жоспарын бірлесе құру арқылы жұмыс жасады.Желілік қоғамдастық жоспары аясында жыл бойы мұғалімдер Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен өткізген республикалық, облыстық семиарларға қатысып,озық ойлы ұстаздар қауымымен ой бөлісті. Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдер тәжірибе алмасу, деңгейлі бағдарламаның аясында жүргізілетін сабақтардың өтілу деңгейімен танысып сабақтарға қатысты. Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері №25 орта мектепте мұғалімдерге көптеген коучинг,семинарлар өткізді. Бұл желілік қоғамдастықтың тиімділігі мысалы, «Критериалды бағалау- білім сапасын арттырудың тиімді жолы» тақырыбында коучингте қандай оқушы оқытқысы келетінін білетін мұғалімге критериалды бағалаудың маңыздылығын зерделетіп, табыс критерийлері арқылы дамыта алатындай дағды қалыптастыра алды.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы 1997 жылғы шілде №151 бұйрығына сәйкес, № 25 орта мектеп директорының бекіткен тілдерді қолдану мен дамытудың 2016-2017 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізілді.
№25 орта мектепте Қазақстан халықтарының Тілдері күніне орай қыркүйек айында «Тілдерді жете білу арқылы ғана алға қадам басамыз» атты апталық өткізілді. Апталықта орыс , ағылшын қазақ тілдері мұғалімдері «Тіл-асыл қазынамыз» «Тілім– өлшеусіз қазынам», «Язык мой-друг мой» «Мәңгілік тіл-мәртебелі тіл» атты дөңгелек үстел т.б. сыныптан тыс сабақтар, дөңгелек үстел мен мәнерлеп оқу сайыстарын өткізді.
«21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні» мерекесіне орай ұлттардың ана тілін құрметтеу, насихаттау және қолданылу аясын кеңейту мақсатында «Тіл-ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі» атты апталық өткізілді.
2017 жылдың 16 ақпаны күні мектептің мәжіліс залында қазақ тілі, орыс тілі ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері үш тілде апталықтың ашылу салтанатын өткізді. Үш тілде тіл туралы көркемсөз, қара өлең, оқушылардың авторлық өлеңдері оқылды.
16.02.17ж. күні «Тіл-ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі» атты апталықтың ашылу салтанаты өткізілді. 20.02.17ж. күні 5-9 сынып оқушылары «English party» тақырыбында сахналық қойылым көрсетіп, 9 сынып оқушылары «Әрбір бала –жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет» дөңгелек үстелді өткізді.
21.02.17 ж күні қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндері мұғалімдері 10-11 сынып оқушыларымен «The rainbow» тақырыбында білгірлер сайысын , 7 сынып оқушыларымен «Тілім – өлшеусіз қазынам» атты дөңгелек үстелді және 6 сынып оқушыларымен «Абай-ұлттық ұранымыз»тақырыбындағы сыныптан тыс сабақтарды өткізді.
22-23.02.17ж. күндері орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері 8-10 сынып оқушыларымен «Лирика Пушкина » атты әдеби кеш, «Двуязычие-два крыла», «Қазақ тілі-арың бұл», «Тілім-менің тірегім» атты сыныптан тыс және тәрбие сағаттарын өткізді. Сонымен қатар, 5-11 сынып оқушылары арсында «Тілім менің тірлігімнің айғағы» тақырыбында шығармалар байқауы және мектеп кітапхана қызыметкерлері «Тілім менің-мақтанышым» атты көрме ұйымдастырды.
Қалалық «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына» арналған мүшәйрадан 8 «б» сынып оқушысы Тәңірбергенова Мерей ІІІ орынды,
«Тіл-өлшеусіз қазына» атты шығармалар байқауынан ІІ орынды 9 «А» Амантаева Балнұр, қалалық 14-18 жас аралығындағы мектеп, колледж, институт арасында өткен «Ата Заңым- ардақтым» атты мүшәйрадан 9 «Ә» сынып оқушысы Сейтбек Наурызбек, 11 «Ә» сынып оқушысы Наркулова Айнұр мақтау қағаздарын алса, республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газетінің ұйымдастыруымен «Үздік шығарма» байқауында Кутликадамова Жазира Қалдыбайқызы І орынмен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Тәуелсіздік-нұрлы тағдыр, елдігім» тақырыбында проза жанры бойынша өткен облыстық байқаудың жеңімпазы 9 сынып оқушысы Сания Нұрланқызы ІІІ дәрежелі дипломмен, «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырған «қазақ тілі» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасынан барлығы 7 оқушы 1 орынмен, 4 оқушы 2 орынмен марапатталды.
Мектепте Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 2001 жылғы 7 қаңтардағы №550 бұйрығының негізінде «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттің бағдарламасының» орындалуын және іс-қағаздар мен құжаттамаларды мемлекеттік тілде жүргізуді қамтамасыз етілді.
2016-2017 оқу жылына арналған мектеп оқу-тәрбие проблемасы негізінде әдістемелік жұмыс жоспары жасалды.
Мектебіміздің әдістемелік жұмысы - жаңаша оқытудың жолдарын тауып және оны дамыту мен қалыптастырудың алғы шарттарын жүзеге асыру мақсатында жұмыстың үлгісі мен әдіс –тәсілдері басшылыққа алынды.
Мектептің әдістемелік жұмыс жоспары бойынша 5, кезектен тыс 2 әдістемелік кеңес және ӘБ отырыстары болып өтті, онда қаралған мәселелер: Жаңа технология негізінде оқу процесін жетілдіру, пән апталықтарын өткізу, мұғалімдерді аттестациялау жұмыстары, оқушыларды мектепішілік, қалалық пән олимпиадаларына дайындау,жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату, білім беруді нәтижеге бағыттау арқылы білім сапасын арттыру жолдары, оқытудың тиімді технологияларын мектеп практикасына ендіру бағытындағы тәжірибе алмасу жұмыстары,нормативті құжаттар мен педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге шолу, тағы сол сияқты мәселелер, қажетті тақырыптарда әдістемелік баяндамалар тыңдалып, пікір алысулар жүргізілді.

Пән-мұғалімдерінің әдістеме бірлестігінің жұмысы «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқытудың жетілдіру жолдары» тақырыбы бойынша жүргізіледі.
Мақсаты: Педагогикалық технологиялар мен теорияларды игеру. Мұғалімдердің ӘБ міндеттері мынадай:
1. Жекелей оқытуды қолдану жолдарымен оқытудың сапасын жетілдіру.
2. Сабақтарда тест қолдану. Сол арқылы балаларды тестілеуге дайындау.
3. Сабақтарда өтілген тақырыпты қайталауға қатысты сұрақтарға оқушылардың бар назарын аударту.
Қызметтері:
1. Білім беру үрдісінің деңгейін көтеру шараларын әзірлеу және іске асыру. Оқытудың әдістері мен түрлерін таңдау;
2. Пән және кәсіби білім бойынша жеке тақырыптар мен бағдарлама бөлімдерін оқытылуын талқылау;
3. Оқу-проблемалық құжаттарды зерттеу және талдау, болашаққа тақырыптық және басқа да жоспарларды талқылау.
4. Ғылымдағы жетістіктер, алдыңғы қатарлы тәжірибелерді оқып білу, сұрыптау және қолдану;
5. Педагогикалық әдебиеттің, ғылыми әдебиеттің жаңалықтарымен таныстыру;
6. Білім беру үрдісі нәтижелерінің талдауы, бірыңғай бақылау жұмыстарына, емтихан билеттерінің материалдарына дайындау;
7. Пән және әдістеме апталықтарын, жалпы білім беру пәндері бойынша байқаулар мен олимпиадалар өткізу;
8. Ашық сабақтарды ұйымдастыру және оларға қатысу.
Білім бәсекелестігін дамытудың бір негізі - әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын күшейту. Мектебімізде әдістемелік 9 әдістемелік бірлестікте тәжірибелі ұстаздар жетекшілік етеді. 2016-2017 оқу жылында мектеп директорының №466 бұйрығы бойынша әдістемелік бірлестік жетекшілерін тағайындау туралы бұйрық шығарылды. Әдістемелік бірлестік жетекшілері келесі құрамда тағайындалды:
1. Тасыбекова Э.Ж.-«Тілдер» (орыс тілі мен ағылшын тілі ) бірлестік жетекшісі,
2. Төленбекова Ж.М. -қазақ тілі мен әдебиет пәні әдістемелік бірлестік жетекшісі,
1. Лесбаев Т.- математика пәні әдістемелік бірлестік жетекшісі,
2. Абжалелова С.А.- жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестік жетекшісі,
3. Саршаева Э.- тарих пәндері әдістемелік бірлестік жетекшісі,
4. Шалімбетова Ұ.- дене тәрбиесі және АӘД пәндері ӘБ жетекшісі,
5. Төлеуова Г.- «Өнер» бірлестігі әдістемелік жетекшісі,
6. Шатаева К.- физика-информатика пәндері әдістемелік бірлестік жетекшісі
7. Қозыбақова С - бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшісі
Әрбір ӘБ мектептің әдістеме тақырыбымен тығыз байланысты өз әдістеме тақырыбымен жұмыс істейді.
Ұжым алдына қойылған міндеттер сабақты жүргізу әдістемесін жетілдіру, мұғалімнің диагностикалық қызметі негізінде оқушылардың білімін түзету, оқушылардың қабілеттері мен дарындарын дамыту, оқыту мотивациясын арттыру, мұғалімдерді жаңа әдістемемен және педагогикалық әдебиетпен таныстыру арқылы шешілді. Әдістеме жұмысын жоспарлаған кезде мектептің пед. ұжымы мектеп алдында тұрған проблемалар мен міндеттерді шешетін жұмыс түрлерін іріктеп алуға тырысты.
Педагогтардың кәсіби шеберлігін дамыту әдістеме бірлестігі қызметінің аясында іске асады:
-нормативтік-құқықтық құжаттарға, хаттарға, бұйрықтарға шолу жасау, олардың іске асырылуы бойынша шараларды жоспарлау.
-әдістеме жұмысын білім берудің жаңа мақсаттары мен құндылықтарына, «Білім туралы» ҚР заңы мен оқытудың мемлекеттік стандарттарына сәйкес талдау жасау.
- білім стандарттарының талаптары, нұсқаулық-әдістемелік хатпен және оқу жылының ғылым негіздерінің оқыту ерекшеліктерімен таныстыру, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
- басты бағыт: оқушыларды МАБ, дәстүрлі түрдегі емтиханға және ҰБТ дайындау.
- педагогтардың талаптары мен тілектерін зерттеу бойынша мониторинг.
- «Пәндерді оқыту сапасын көтеру, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру және іске асыру жолдары» жұмысының бағыты анықталды.
- әдістемелік ұсыныстар әзірленді.
Онкүндіктерді өткізу барысында мектеп пен ӘБ тақырыбына сәйкес шаралар өткізілді, «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқытудың жетілдіру жолдары» тақырыбы бойынша әдістемелік онкүндіктер.
Оқу жылы ағымында ӘБ мұғалімдері оқыту, тәрбиелеу принциптерін іске асыру және тұлғаны дамыту, азаматтық позицияны, толеранттылықты қалыптастыру бойынша шаралар өткізді. Жыл бойы барлық мұғалімдер ашық сабақтар өткізді.
Тұтастай алғанда, онкүндік қортындылары бойынша мынаған көңіл бөлінді:
- оны өткізу деңгейі;
- тәрбие және білім мақсаттарының жетістіктері;
- оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.
Ұсыныстар: онкүндіктердің шараларын жоспарлау, мұғалімдердің жауапкершілігін күшейту, мектеп әкімшілігі мен ӘБ жетекшілері онкүндіктің өткізілуіне бақылауды іске асыру. ӘБ мұғалімдері олимпиадаға, ғылыми жобаларға қатысатын дарынды балалармен жұмыс істеді.
Ұсыныстар: болашақта ӘБ мұғалімдері дарынды балалармен жұмысты жүйелі жүргізу керек, олардың мүмкіндіктерінің ашылуына, дамуына көп көңіл және уақыт бөлу қажет. ӘБ жұмыс талдауы бір жыл ішінде проблеманы шешудің жолдарын табады.
-Мұғалімдер өздерінің кәсіби әдістемелік деңгейлерінің өсуімен жұмыс істейді.
- Мұғалімдердің білім сапасы, дарынды балалармен жұмыс үшін жауапкершілік күшейту.
- Мектепішілік бақылауды және оның қызметін жүйелі жүргізу.
Оқу-тәрбие, әдістемелік, зерттеу тәжірибелік және сыныптан тыс жұмыстарды жүзеге асыру, озық тәжірибені насихаттау мақсатында «Озат тәжірибе», зерттеу-тәжірибелік және мұғалімдердің шығармашылығын арттыру мақсатында «Шығармашылық топ», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудан өткен және тиісті деңгейдегі бағдарламалар бойынша сертификатталған мұғалімдердің іс-тәжірибелерін жүзеге асыру мақсатында «Сенім» кәсіби қоғамдастық құрамы және «Өзгеріс енгізу» тобы құрылды. Құрылған қоғамдастық пен топтың негізгі мақсаты заманауи білім беру дағдысын ұжымға қалыптастыру,тәлімгерлік пен тәлім алушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Оқыту мен оқуда жаңа бағыттағы білім беру теориясын мұғалімдерге таныстыруда мектеп басшысы Э.К.Өмірбекованың деңгейлі мұғалімдер мен олардың тәлім алушылары арқылы тарату мен теорияны практикамен ұштастыруда талмай еңбектенді.Әрбір тәлімгер және тәлім алушы өздерінің даму жоспарын жасап, жоспардың аясында көптеген жетістіктерге жете білді.
Оқу үрдісінде заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану білім сапасының артуына ықпал етуі тиіс десек, бұл міндет те алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Сонымен қатар, мектеп басшысы Э.К.Өмірбекова мектеп ұжымына жаңа білім беру жүйесінің тиімділігін айқындайтын тәсілдерді шеберлік сыныптары арқылы, деңгейлі мұғалімдер коучингтер өткізу арқылы ұжымға таныстырды.
Басылым бетінде жарық көрген жаңа білім беру аясындағы тың идеялар, жұмыстар мектепішілік семинарларда, әдістемелік кеңесте, «Озат тәжірибе» мектебінің отырыстарында талқыланып отырады.
Озат тәжірибелі мамандар жас ұстаздардың сабағына қатысып, әдістемелік көмек көрсетіп отырады. Мектептің әдістемелік семинарында, педагогикалық кеңесте мұғалімдердің оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өзінің іс-тәжірибесіне енгізуі және шеберлігін арттырудағы ізденістері ортаға салынды. Мектеп директорының №62 бұйрығымен біліктілігі жоғары педагогтардың талаптарына сәйкес ішкі қоғамдастық аясында озық педагогикалық тәжірибе ұйымдастырылды. Мектеп ұжымының «озық» деп танылған жұмыстары байқауларға, қалалық, облыстық конференцияларға ұсынылды.
Мектепте «Жас мамандар» мектебі құрылған. Мектеп директорының 2016 жылғы қыркүйектің 1 күнгі № 36/1 бұйрығы бойынша «Жас мамандар» мектебін бірінші санатты тарих пәні мұғалімі С.Сұранова жетекшілік етеді. «Жас мамандар» мектебінің құрамына жоғары, бірінші санатты тәжірибелі 7 мұғалім енді.
Мүшелері:
1. Шатаева К. - бірінші санатты информатика пәні мұғалімі
2. Қозыбақова С. – жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
3. Абжалелова С. – жоғары санатты география пәні мұғалімі
4. Таңатарова С.- жоғары санатты химия пәні мұғалімі
5. Шатаев М.– жоғары санатты технология пәні мұғалімі
6. Тулеуова Г.– жоғары санатты бейнелеу пәні мұғалімі
7. Джуматаева Д.-жоғары санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі

Похожие публикации:

11 ноябрь 2017 Ұстаздар күні
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив