«Мен сенің досыңмын!» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жүргізілген еріктілер акциясы
"BALA_TIME.KZ"
6-13 сәуір аралығында үй жағдайында оқытылатын 8 «Ә» сынып оқушысы Николаева Назеркенің (Диагнозы: зияты қалыпты) үйіне ДҚТІЖО Р.Игиликова, әлеуметтік педагог А.Ермаханова, еріктілермен бірге барып мүмкіндігі шектеулі оқушыларға қамқорлық, көңіл бөлу сезімін дамыту, достық қарым-қатынасты дамыту, адамгершілік қасиеттерді көрсету және айналасындағылармен бөлісу мақсатында «Менің қолымнан бәрі де келеді» тақырыбында тренинг өтті, бейнесюжеттер жасалды. Тренинг барысында еріктілермен бірлесе отырып оқушыларға «Табысты күн», «Джунглидегі жаңбыр», «Дыбыстық жаттығу», «Жіп графикасы», «Сиқырлы кілт», «Тілек гүлі» атты жаттығулары жүргізілді.
Сонымен қатар, «Мен сенің досыңмын!» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жүргізілген еріктілер акциясы аясында инклюзивті білім алатын
Әбдисейитов Улукбек (Диагнозы: қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылуы. Психикалық дамуының тежелуі. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының І деңгейі), Данияр Арсен (Диагнозы: қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылуы. Психикалық дамуының тежелуі. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының ІІ деңгейі), Жолдыбек Алинұр (Диагнозы: қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылуы. Психикалық дамуының тежелуі. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының І деңгейі), Қалижанұлы Исмаил (Диагнозы: қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылуы. Психикалық дамуының тежелуі. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының ІІ - ІІІ деңгейі), Асанбекова Медина (Диагнозы: қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттестіктің бұзылуы. Психикалық дамуының тежелуі. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауының І деңгейі), Оразхан Эмирхан (Диагнозы: психикалық дамуының тежелуі. Мінез құлқының бұзылуы) оқушыларға «Дыбыстық жаттығу», «Жіп графикасы», «Табысты күн» психологиялық жаттығулары жүргізілді. Қатысушыларға кішігірім тәттілер, сыйлықтар табысталды.![]()