20
июнь
2018
«Адал ұрпақ», «Қыз жібек» клубтарының жұмыстары
Мектебімізде «Адал ұрпақ» клубында белсенді оқушылар жұмыс жасайды. Аталған клубта мектептің оқушылар арасындағы көшбасшысы Сейтбек Наурызбек бастаған белсенді оқушылар түрлі пікірсайыстар, көңілді кештер мен түрлі сайыстар өткізеді.
Қыркүйек айында № 30 мектеп - гимназиясында қалалық «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбыныда «Адал ұрпақ» еріктілер клубының слеты өтті. «Адал ұрпақ» еріктілер клубы ұйымының президенті Сейтбек Наурызбек сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзі шығарған өлеңін оқып ІІІ орын дипломымен марапатталды, 10 «А» сынып оқушысы Билалова Жансая «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында шығармадан І орынды иеленіп, дипломмен марапатталды.
«Қыз жібек» клубында 7-11 сынып қыздары қамтылған. Барлығы 47 қыз бала. Клуб жетекшісі Нұртазаева Л. Клуб мүшелерімен «Ұлтыңды сақтаймын десең қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең ұлыңды тәрбиеле», «Қыз тәрбиесі ұлтымыздың ұлылығы мен ұстанымы», «Қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз», «Біле жүріңіз» қыздарға кеңес, «Күз ханшайымы», «Инабатты ару» атты түрлі іс-шаралар мен қыздар жиналысы, өзара пікірлесулер өткізілді.