"Mектепке жол" акциясының қорытындысы » СШ №25
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 345859
Есепші бөлімі:
+7(7262) 345859
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Mектепке жол" акциясының қорытындысы
01
август
2022

"Mектепке жол" акциясының қорытындысы

"Мектепке жол" акциясының қорытындысы

№25 орта мектеп 01 тамыз - 30 қыркүйек 2022 жыл аралығында жүргізілген "Мектепке жол" акциясының қорытындысы.
Білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 27.07.2022ж. күнгі  №03-209 хатының негізінде Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің 06.07.2022 жылғы №6-15-2/3235-И хатына сәйкес 2022 жылғы 1 тамыз - 30 қыркүйек  аралығындағы  "Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық!" ұранымен "Мектепке жол" жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына  дайындық кезінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келу үшін әлеуметтік көмек көрсету.

Акция аясында арнайы комиссия құрылып, мектеп ұжымына хабарланды. Сынып жетекшілермен бірлесе отыра рейд жұмыстары жүргізілді. Мектеп комиссия мүшелері мен сынып жетекшілері аз қамтылған отбасы балаларының мектепке дайындығын анықтады. Көмекке мұқтаж әр оқушының әлеуметтік төлқұжаты жасалды.
 
2022-2023 оқу жылын ұйымдастыруда көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында  және тұрақты  негізде "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы бойынша демеушілік көмек есебінен 21 оқушыға мектеп формасы, спорттық аяқ киім, кеңсе тауарлары, спорттық киім, сырт киім және т.б. түрінде көмек көрсетілді.

Жалпы мектеп бойынша акция кезінде  21 оқушыға 521 000 тенге (бес жүз жиырма бір мың теңге) көлемінде көмек көрсетілді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив