01
ноябрь
2018
Білім беру ұйымы басшысының ағымдағы жылдың есебі
Құрметті «Қамқоршылық кеңес» мүшелері!
Сіздерді 2018-2019 жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, білім мен тәрбие негізінің мектептен бастау алатыны, яғни, осы бағыттағы үрдістің ата-ана,мектеп, мұғалім үштігі болып бірге жұмыс жүргізгенде ғана жүзеге асатыны белгілі. 2017-2018 оқу жылында мектебіміздің білім сапасы 59%-ға көтерілді. Олай болса жаңа оқу жылының бастамасы ретінде өткен оқу жылындағы сіздермен тығыз байланыстаатқарылған жұмыстың нәтижелі тұстарына тоқталып кетер болсам, ең басты жетістігіміз әрине ҰБТ қорытындысы болмақ. Демек, 2017-2018 оқу жылында мектебімізде 11 сыныпты 17 оқушы аяқтады.Оның 11-і ҰБТ тапсырды. ҰБТ – ға қатысқан 11 оқушының ішінде жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушымыз Адилбеков Нұрбол-114 балл жинап, Гумилев атындағы ЕҰУ-не түсті. Сонымен қатар 80-99 балл аралығында 2 оқушы Бақберген М.(97 балл), Бердиярова Г (90 балл) жинады, 60-79 балл аралығында жинаған 5 оқушы: Жүсіпова А. (76 балл), Лим Э. (76 балл), Үкаш Л. (65 балл), Ұябаева С. 66 балл), Белгібай Г (69 балл). 50-59 балл аралығында жинаған 1 оқушы: Тойбаев М. (59 балл). 0-49 балл аралығында жинаған 2 оқушы: Ұябаева А. (47 балл), Асқар Б ( 31) болды.ҰБТ қорытындысы бойынша 75,8 балл болды. 2016-2017 оқу жылымен салыстырғанда орташа балл 66,9 болса, 2017-2018 оқу жылында +8,9 балға артып отыр. Бұл әрине жақсы нәтиже.ҰБТ-ның қорытындысы бойынша 11сынып оқушылары мемлекеттік грант конкурсына қатысып, 11 оқушының 5-і мемлекеттік грант иегерлері атанды: Адилбеков Нұрбол мен Бақберген Меруерт – Гумилев ат. ЕҰУ-не,Лим Эльмира – Қазақ ұлттық аграрлық униврситетіне, Бердиярова Гаухар –ТИГУ-ге, Ұябаева Сания – Аль Фараби атындағы ҚҰУ-не түсті. Ал 4 оқушы жоғарғы оқу орнының ақылы бөліміне және 1 оқушы арнаулы орта (медколледж) оқу орнына түсті.ОларАсқар Бекзат –ТИГУ-ге, Кәрібай Салтанат, Ұябаева Алия,Тойбаев Медет – ТарГУ-ге,Укаш Лаура – мед.колледжге түсті. Жалпы алғанда ҰБТ қорытындысы бойынша мектебіміз қала мектептері ішінде орта көрсеткішке ие болып отыр.
Мектебіміздің оқушыларының жазғы демалыс кезіндегі пайдалы іспен айналысуы, әсіресе олардың дұрыс демалуын негізге ала отырып, әлеуметтік отбасылық жағдайы төмен, аз қамтылған отбасы балаларынан жаз мезгілінде (маусым,шілде, тамыз айларында) мектеп жанынан ұйымдастырылған «Балдырған» лагеріне 120 оқушы,қала сыртындағы лагерге тегін 82 жолдама беріліп, олар «Рауан», «Болашақ» сауықтыру лагерьлерінде демалып қайтты. Осы бағытта аз қамтылған отбасы балаларының жаңа оқу жылына деген даярлығын ескере отырып, «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру барысында 20 оқушыға қалалық білім бөліміне сұраныс берілді. Ал өзіміздің мектеп ұжымы тарапынан 9 «Ә» сынып оқушысы Е.Малдыбаевқа 8000 теңге, Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылыс компаниясы тарапынан екі оқушыға 20000 теңге қаржылай көмек көрсетілді,олар 2 «Ә» сынып оқушысы А.Есбергенова, 3 «Б» сынып оқушысы М.Құрманәліге 10 000 теңгеден көмек көрсетілді. Сонымен «Абди» компаниясы 10 оқушыға мектепке қажетті құрал жабдықтар берілді.Былтырғы оқу жылында 226 аз қамтылған отбасы балалары болса, биылғы оқу жылында 204 болып отыр,оның сыртқа кеткені 72 оқушы.Кеткен оқушылардың орнына ата-ана өтінішімен 50 оқушы қосылып отыр.
Кітапхананың барлық жұмысы оқырмандардың сұранысын қанағаттандырумен қатар, оқушыларды оқулықпен, көркем әдебиетпен қамтамасыз ету және оларды өнерге, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру жолында бағытталады. Осыған орай 2018-2019 оқу жылында мектебімізде 472 оқушы білім алуда. Оның ішінде -176 оқушы аз қамтамасыз етілген отбасынан. Осы оқу жылдары «Білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етудің тетіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 450 бұйрығына сәйкес Министрлік бекіткен оқулықтарды кезең-кезеңімен сатып алу жолымен, жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік дәрежесіне қарамастан мемлекеттік мектептердің барлық оқушылары тегін оқулықтар мен ОӘК- мен қамтамасыз етіледі. Бірінші кезекте отбасы аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларының балалары, жетім балалар, бала кезінен мүгедек балаларды оқулықпен түгел қамтамасыз етілді.Биылғы жылы мектеп кітапханасында 9545 дана оқулық анықталды. Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз етуде кітапхана бірінші кезекте барлық сыныптардағы оқушылардың тізімі бойынша санын анықтады. 1-сынып бойынша 53 оқушыны 485 оқулықтармен қамтамасыз етілді, 100%, 2-сынып бойынша 62 оқушыны 553 дана оқулықпен 90% қамтамасыз еттік, 3-сынып бойынша 63 оқушыны жаңадан келіп түскен 712 дана оқулықтармен қамтамасыз етілді, 4-сынып бойынша 48 оқушыны 468 дана оқулықпен 98 %, 5-сынып бойынша 48 оқушыны 720 дана оқулықпен 100 % қамтамасыз еттік. 6-сынып бойынша жаңадан келіп түскен 550 дана оқулықтармен қамтамасыз етілді, оқушылардың 100%, 7-сынып бойынша 48 оқушыны 657 оқулықпен 100% қамтамасыз етілді, 8-сынып бойынша 34 оқушыны жаңадан келіп түскен 544 оқулықтармен 100 % қамтамасыз етілді, 9-сынып бойынша 47оқушыны 736 оқулық анықталып, оқушылардың 38,8 %, 10-жаратылыстану бағытындағы сынып бойынша 14 оқушыны 238 оқулықпен қамтамасыз еттілді, оқушылардың 100%, 11-ші сынып бойынша 7 оқушыны 126 дана оқулықпен 100% қамтамасыз етілді.Оқушылардың оқулықтармен жалпы қамтамасыз етілуі төмендегідей нәтижені көрсетіп отыр.
2018-2019 оқу жылына мектепті дайындау үшін ғимаратқа косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Косметикалық жөндеу жұмыстарына қалалық білім бөлімінен 350000 теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға сыр, әк, гипсополимер, валиктер, щеткалар т.б. құрылыс заттары алынып, мектептің іші-сырты толығымен ақталып, сырланды. Мектепті күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындау үшін «Эксиллон-Энерджи» ЖШС-і ішкі жылу жүйелеріне тексеріс жүргізіп, 30.05.2018 жылы дайындық актісін берді.
5-ші, 22 оқу кабинеттеріне, қыздар шеберханасы мен шағын орталықтың «Айгөлек» және «Балдырған» ойын бөлмелеріне линолеум төселді.Мектептің өрт қауіпсіздігіне байланысты бірнеше жұмыстар атқарылды. Барлық сынып бөлмелерінде өрт дабылы орнатылған. Әр қабатта эвакуация жоспары ілінген. Биыл 10 дана жаңа өрт сөндіру құралдары алынды. Шатырды өрттен қорғау үшін 11.07.2018 жылы (БИСОЛ-2 шатырға себіледі) өңдеуге арналған жұмыстар жүргізілді. Әр екі жыл сайын өрт сөндіру құралдары қайта қуаттаудан өтуі қажет. Осыған байланысты, ООИ «Қайтпас-Қайсар» 25 дана өрт сөндіру құралдарын қайта қуаттаудан өткізді. Әр ай сайын «Rin-as» ЖШС-і ғимараттың өртке қарсы құрал-жабдықтарын тексеріп, ақау болған жерлерді дер кезінде жөндеп, ауыстыруды қажет ететін құралдарды ауыстырып отырады. Жалпы айтқанда мектеп жаңа оқу жылына дайын.
Жылдағыдай оқушылардың мектеп формасы ҚР Үкіметінің 10.05.2018 жылғы №254 қаулысына сәйкес мектеп пен ата-аналар арасында келісім-шарт жасалынды. Қала мектептерінде дәстүрлі емес діни ағымдарға тартылған оқушылардың 61-і орамал тартатын оқушы қыздар болып отыр, яғни мектеп формасын сақтамай жүрген оқушылар қатарына осы бағыттағы жұмыстардың заң аясында талапқа сай жүргізілуі және ҚР БҒМ 2016 жылғы 14 қыркүйектегі №26 бұйрығында көрсетілген «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» ережесі жалпы ата-аналар жиналысында айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2018-2019 оқу жылында біздің мектепте діни сипатта орамал тағып келетін оқушылар жоқ.
2016 жылдың 25 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті алтыншы шақырылымындағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында : «Біз ЭЫДҰ-мен интеграцияланудамыз, бұл біз дәйекті болуға тиіспіз.Барлық дамыған елдердің мектептерінде бес күндік оқыту аптасы қалыптасқан.Балаға қалпына келуге, педагогқа демалып, сабаққа дайындалуға мүмкіндік беріледі. Кейбір елдерде тіпті төрт күндік оқыту аптасы бар. Мұндай форматқа көшу-бүгінде дамыған елдердің жалпы әлемдік үрдісі. (тренді)».Ғалымдар қазірдің өзінде оқыту аптасының ұзақтығын қысқарту оқытудың нәтижелігін арттыратынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Бізге де осы тәжірибені енгізу керек. Білім және ғылым министрлігі бұл үдерісті тым болмаса бастауыш мектептерден бастау керек»,-деп атап өтті. Республика көлемдерінде бескүндік оқытуға көшу жұмысы жаңартылған білім мазмұныныа көшумен бір мезгілде басталды. 2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына бірінші сыныптар, 2017-2018 оқу жылында 2,5,7- сыныптар көшкен болатын.2017-2018 оқу жылында 40 минут болғандықтан,бескүндік оқу аптасына 1-ден 11-ге дейін барлық сыныптар ды көшіру ұсынылды. Бескүндік оқу аптасы туралы шешімді әр мектептің әкімшілігі қабылдап, Қамқоршылар кеңесімен және ата-аналар комитетімен келіседі.