16
май
2019
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ. СУДА ЖҮЗУ ЕРЕЖЕСІ
Хаттама
Тараз қаласы
Өткізілген күні: 25. 04. 2019 жыл
Қатысқандар: 1.Мектеп директоры-А.Абашова
2. Сынып жетекшілер-23
3. Ата-аналар-57
Шақырылғандар: 1.Қамқоршылық кеңес төрайымы Э.К.Ошакбаевна
2.Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, Азаматтық қорғау полковнигі -К.Б. Оразбаев
Күн тәртібінде
1.Судағы қауіпсіздік шаралары
2.Суда жүзу ережесі ақпараттық парақшалар тарату
Тыңдалды:
Сөйледі: Мектеп директоры А.Абашова Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 29-20-8-8773-И хатын орындау мақсатында ұсынымды назарға алып, 2019 жылдың жазғы шомылу маусымында білім мекемелерінде және жазғы сауықтыру лагерьлерінде, қаладағы (облыстағы ) су айдындарында судағы төтенше жағдайлардың сондай-ақ, балалар өлімін болдырмау және алдын алу жөнінде іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Судағы қауіпсіздік шараларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бүгін бізде Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, Азаматтық қорғау полковнигі - К. Б. Оразбаев келіп отыр деп таныстырып өтті.
Сөйледі: Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, Азаматтық қорғау полковнигі -К. Б. Оразбаев Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі №29-20-8-8773-И ұсынымы бойынша соңғы жылдарда су айдынында балалармен, ата-аналармен үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатса да, суға кету оқиғалары жалғасуда. Әр отбасы балалардың қала аумағындағы «Зербұлақ » көлі мен басқада аймақтардағы (облыс көлеміндегі) су тоғандарында балалардың жазғы маусымдағы шомылу қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Жазғы демалыс кезінде ата-аналар балаларды қадағалауда ұстап , ересектердің қарауынсыз суда жүзуге тыйым салынады және т.б жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сөйледі: ДҚТІЖО Р.Игиликова Суда жүзу ережесімен, суда жүзу кезіндегі негізгі талаптар: қоршау белгілері қойылған жерлерде жүзуге болмайды, тыйым салынған жерлерде суға түспеңіз, суда жүзіп жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз, суда жүзу кезінде қолыңызда камера, доп, тақтайша болмасын. Суға кету жайында жалған белгі бермеңіз. Жүзіп бара жатқан қайықтарға т.б жақын бармаңыз. Өзіңізге таныс емес жерге жүзіп бармаңыз. Қорғаныш заттарсыз суға түспеңіз. Қараңғы түскен мезгілде суда жүзуден бас тартыңыз. Жедел қызмет телефоны-112 ге хабарласыңыз т.б. түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық парақша таратылды.
Шешім:
3. Ата-ана бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, жаз мезгілінде суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтасын.
4. Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
Мектеп директоры А. Абашова
Хатшы А.Ақберді