АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » СШ №25
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
16
май
2019

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №25 орта мектебі» КММ
2018-2019 оқу жылындағы ата-аналар жиналысының
Хаттамасы

Тараз қаласы 09.04.2019ж.
Өткізілген орны: №25 орта мектеп
Басталуы: 17.00-де
Қатысқандар:
Мектеп директоры: А.Абашова
ДҚТІЖО- Р.Игиликова
ДТІЖО- Ж .Төленбекова
Мектеп инспекторы- Б.Альмухамедов
Қамқоршылық кеңес төрайымы- Э. Қосымбекова
Ата-аналар комитетінің төрайымы- Э.Салмаханбетова
Әлеуметтік педагог – Ш.Умиралиева
Қатысушылар: ата-аналар-140, сынып жетекшілер-23
Өткізілу форматы : жалпы ата-аналар жиналысы

Күн тәртібінде:
1. Мектепте қаражат жинауға тыйым салынғандығы туралы ата-аналарды хабардар ету (Мектеп директоры А.К Абашова)
2. Мектеп оқушыларының 3-тоқсандағы білім сапасының қорытынды есебі (ДОІЖО: К Шатаева)
3. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі және жаз мезгіліндегі суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралар (ДТІЖО: Ж.Туленбекова)
4 .Балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру лагерін ұйымдастыру жұмыстары (Әлеуметтік педагог: Ш. Өміралиева)
5 .Әртүрлі мәселелер
Тыңдалды:
Мектеп директоры Абашова Айнұр Каримуллақызы жиналысқа қатысушыларды күн тәртібі бойынша қаралатын мәселелермен таныстырды.
1-мәселе бойынша мектеп директоры А.К Абашова мектепте қаражат жинауға тыйым салынғандығы туралы және мектеп бітіруші 4,9,11-сыныптар тарапынан ешбір қаражаттың жиналмау керектігін қатаң түрде ескертті
2-мәселе бойынша ДОІЖО: К Шатаева мектеп оқушыларының 3-тоқсандағы білім сапасының қорытынды есебін берді.Жалпы мектепте 441 оқушы бар 3-тоқсан бойынша білім сапасы -59,9%. Өткен тоқсанмен салыстырғанда 3,8 % өскен.Мектеп бойынша бағаланбаған 8«Ә» сынып оқушысы Рысбеков Эльман (іздестірілуде)
3-мәселе бойынша бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі және жаз мезгіліндегі суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралар туралы ДТІЖО Ж.Туленбекова өз анықтамасын оқыды.
Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз- ата-ана екендігі, жанұяда тәрбие балаға сөзбен,теориямен дамымайтындығы, тек үлкендердің үлгісімен сінетіндігі туралы айта келіп,әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп,мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете біліп олардың пікірімен де санасып ашық сөйлескендері дұрыс екендігін баса назарға аударды.Суда жүзу ережесі, суда жүзу кезіндегі негізгі талаптар,Рұқсат етілген жерлерге ғана шомылу керек.Таныс емес жерлерден уға секірмеу керек т.б . ақпараттық парақшаларды таратты. Ата-ана назарына! ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі127 бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оғанбілім беру жөніндегі міндеттерді орындамау.Балаларды тәрбиелеужәне оларға білім беру жөніндегі міндеттерді орындамауы-3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.7 575 теңге. Суда шомылудың 7 қатаң ережелерін ата-аналарға таныстыра отырып күнделікті жанұяда балаларының қауіпсіздігіне үлкен назар аударуды атап өтті.Жас балалар мен адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін орындауы, келеңсіз оқиғалардың алдын алудың бірдең-бір шарты екендігін атап өтті.
4-мәселе Балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру лагерін ұйымдастыру жұмыстары туралы әлеуметтік педагог Ш. Өміралиева мәлімет бере отырып,мектебімізде ұйымдастырылатын лагердің және сыртқы демалыс лагеріне де әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың ақысыз түрде қамтылатындығын айта келіп,ата-аналарды жиналатын құжаттар тізімімен таныстырып өтті.
Әр түрлі мәселелер бойынша мектеп инспекторы Б Альмухамедов ата-аналардың әр балаға мектептен тыс уақытта, әсіресе кешкі мезгілде көшеде жүрмеу керектігін, рейд жұмыстарының күнделікті жүргізіліп жатқандығын ескертіп өтті
ШЕШІМІ:
1. Мектепте қаражат жинамау, әсіресе мектеп бітіруші 4,9,11- сыныптардан да ешбір қаражаттың жиналмауы қатаң бақылауға алынсын.
2. Мектеп оқушыларының 3-тоқсандағы білім сапасының қорытындысы қанағаттанарлық деп танылсын.
3. Бала тәрбиесіне ата-ана жанұяда үлкен жауапкершілікпен қарап, жаз мезгілінде суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтасын
4 Балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру лагеріне баласы қамтылған ата-аналар тарапынан қажетті құжаттар мен өтініштер дер кезінде тапсырылсын

Хатшы: Ж. Туленбекова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив