01
ноябрь
2018
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мектеп инспекторының ата-аналар комитеттері мен қамқоршылар кеңесінің алдындағы есебі

Анықтама
Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы қылмысты тұрақтандыру, кәмелетке толмағандардың құқықтарын және жасөспірімдер арасында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын алу, құқықтық тәрбие жұмысын жетілдіру.
2018-2019 оқу жылының басында Тараз қалалық ІІБ «КТІЖБ»-мен бірлескен жоспары бекітіліп, сол бойыншаоқушылар арасында төмендегі бекітілгенпрофилактикалық іс- шаралар жүргізілді.Мектеп 454 оқушымен бастады, 23 сынып жетекшілері тағайындалып бекітілді.
2018-2019 оқу жылының басында 1оқушы полиция бөлімшесінде есепте тұрды. Қыркүйекте темір жол колледжіне оқуға түсуіне байланысты есептен шығарылды. Қазіргі уақытта полиция бөлімшесінде есепте тұрған оқушы жоқ. Мектепішілікте 4 оқушы тұр. 1-11 сынып жетекшілері сынып оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын – алу, құқықты насихаттау, зиянды заттардың алдын – алу іс – шаралары бойынша тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер, баяндама, бейне фильмдер көрсетілуде. Мысалы,жолда жүру ережесі бойынша «Қауіпсіз мектеп» акциясы, Жолда жүру айлығы бойынша тәрбие сағаты, сапта жүру жарысы, рейд жүргізілді. Кеңес алқасы отырысында мектеп ережесін бұзған оқушылардың тәртібі, ата-аналарын шақырып, қаралды. 2017-2018 оқу жылының қыркүйек айынан сабаққа келмей отырған Э.Рысбеков жөнінде Тараз қаласының ІІБЖПҚ басшысы полиция полковнигі Қ.Төлешовқа 21.09.2017ж. күні және 11.12.17ж күндері ата- анасын жауапқа тарту мәселесін қарап, тиісті шара қолдануын сұранып сұраныс хат жіберілген. 2017 жылдың 12 желтоқсанында Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодексінің 127 бабы 1 бөлімі бойынша жинақталған іс-құжаттары жіберіліп, сот отырысы болып, ата-анасына 7 айлық көрсеткіш бойынша айып пұл салынды. 8 «Ә» сынып оқушысы Э.Рысбеков жөнінде ІІБ-на, әр ай сайын білім бөліміне оқушының сабаққа келмегендігі жөнінде мәлімет беріліп отырды. Оқушыны сабаққа тарту үшін бірнеше ретсынып жетекшісі Ш.Умиралиева, психолог Б.Жолдасова, мектеп инспекторы Б.Альмухамедов,ДҚТІЖО Р.Игиликова Э.Рысбековтың үйіне барып, анасы Г.Рысбековамен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Үй – тұрмыс жағдайы туралы АКТ толтырылып отырды . Қазіргі уақытта іздестірілу үстінде. 5-11 сынып оқушылары арасында әр сәрсенбі күндері ұстауға тыйым салынған затттарды (пышақ, біз, өткір заттар) және аптаның жұма күндері ұстауға тиым салынған заттар (темекі,насыбай,есірткі т.б) тәркілеу мақсатында мектеп инспекторы, ДҚТІЖО Р.Игиликова, психолог Б.Жолдасованың қатысуымен рейдтер жүргізілуде. Рейд кезінде құқық бұзушылық кездескен жағдайда АКТ жасалып , түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырды. Сынып жетекшілермен бірге құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықты насихаттау, зиянды заттардың алдын алу іс-шараларына қатысудамын. 2018-2019 оқу жылының қыркүйек айында 1-11 сынып оқушыларына жаз мезгілінде 22.00-ден кейін, қыс мезгілінде 20.00-ден кейін көшеге ата-анасыз немесе оны алмастырушы тұлғасыз шығуға болмайтыны көрсетілген арнайы ескертумен таныстырылды. ПБ-де, мектепішілік есепте тұрған оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін мектепішілік үйірмелерге, сыныптан тыс іс-шараларға қамтылды. Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды, тәртіп бағынбаған ел, ел болмайды»-дегендей, тәртіп бар жерде тыныштық,бірлік, татулық,білім болады. Қоғамдық ортада, мектеп ішінде және мектептен тыс жерде тәртіп сақтау, өзгелерді құрметтеу, сыйлай білу т.б төңірегінде сұхбат жүргізілді. Мектеп әкімшілігі, мектеп психологы Б.Жолдасова, сынып жетекшілермен бірлесе отырып сабақтан себепсіз қалған, қашқан, тәртіп бұзған оқушылармен, ата-аналармен кездесіп түсініктеме алынып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 28 тамыз күні жалпы ата-аналар жиналысында күн тәртібінде Жаңа оқу жылына дайындық, «Орта білім беру ұйымдарында міндеттті мектеп формасына қойылатын талаптар» Ережесіне сай киім кию, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы » ҚР кодексінде Ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің ҚР білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы бойынша тиісті жауапкершілік қарастырылғаны ескертіліп, балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық –зомбылықтың алдын алу түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 6 қыркүйек күні мектепке бекітілген ІІБ-ң ЖПҚ КТІЖ УПИ полиция майоры Б.Альмухамедов,полиция аға лейтенанты А.Нұрбаева, полиция капитаны А.Таңатаров
7-8 сынып оқушыларына «Жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында дәріс оқып, 11 қыркүйек күні ӘҚБК 442б. 2б,132б.түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілсіз жүрмеу жөнінде дәріс оқып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 18 қыркүйек күні Дін істері проблемаларын зерттеу орталығы маманы Дін проблемаларын талдау» секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы З.Зулхарнайн «Діни сауатсыздық-діни экстремизмнің бастауы» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстелге қатысып,оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сабақтан себепсіз қалған оқушылардың үйіне барып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 10 «а» сынып оқушысы Ш.Абдуқашымұлы кешкі мектепке ауысты. Жайсыз отбасына бір жанұя тіркеуде. Сынып жетекшісі Э.Саршаева, әлеуметтік педагог Ш.Умиралиева, ДҚТІЖО Р.Игиликова мен бірге рейд жүргізіліп, АКТ толтырылды. Оқушының жағдайы мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшінің, мектеп инспекторының бақылауында. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу ,тағы басқа іс-шаралар Құқық қорғау органы қызметкерлерімен бірлесе отырып, алдағы уақытта жыл бойы өз жұмысын жалғастырады.