28
август
2018
Балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын –алу
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады (27-бап).
Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттер баланың игілігі үшін қажетті қорғау мен қамқорлықты қамтамасыз етуге міндеттенеді және осы мақсатпен барлық тиісті заң шығару және әкімшілік шараларын қабылдайды.
Бала туралы қазақстандық заңнаманың негізіне балаға қатысты мемлекеттік саясатқа қойылатын негізгі талаптары көрсетілген БҰҰ-ның маңызды халықаралық құқықтық құжаттары енгізілген.
Бала құқығын бекітетін маңызды заңдарға «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы» және тағы басқа да заңдар жатады.
Бұл нормативтік құқықтық құжаттарда баланың өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға, білім алуға, әлеуметтік қамтамасыз етілуге, денсаулық сақтауға және медициналық көмекке, демалуға, қоғамдық өмірге және мәдени шараларға қатысуға құқықтарын және мүддесін сақтауға кепілдік беретін нақты нормалар бар.
Баланы дене және психологиялық зорлық-зомбылықтың, қатыгез қараудың және пайдаланудың барлық түрлерінен қорғау үшін заңнамамен құқықтық жағдайлар жасалған.
Баланың қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауға құқығын бұзғаны үшін ересектердің жауапкершілігі заңнамамен белгіленген. Қазақстан Республикасы «Баланың құқықтары туралы» Заңының 10-бабына сәйкес мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тегін және «немесе) жанын жәбірлеуден, адамдық қадір-қасиетін қатыгездікпен, дөрекілікпен қорлаудан, кемсітуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден қорғауды жүзеге асырады. ҚР Қылмыстық кодексінің жаңа редакциясында кезкелген сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны, сексуалдық және экономикалық пайдаланғаны, бала ұрлағаны және сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Сонымен, Қазақстан Республикасында балаға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауда, алдын алуда және күресуде кешенді қарауды қамтамасыз ететін саясат жүзеге асырылады.
Аталған нормативтік құқықтық құжаттар бала қүұқығына кең көлемде әсер етеді және баланы зорлық-зомбылықтан әр секторлар бойынша және әсер ету факторын: саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, медициналық, мәдени, психологиялық, педагогикалық және т.б., ескере отырып алдын алу және қорғауға бағытталған.
Бұнымен қоса, бұл істе жауапкершілік тек мемлекеттік органдар мен қызметтерге ғана емес, сонымен қатар қоғамның барлық мүшелеріне – мемлекеттік мекемелерге, жергілікті атқарушы органдарға, үкіметтік емес ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, отбасыларға да жүктеледі.
Алайда бүгінгі таңда баланың денсаулығы мен өміріне қауіп әлі де жоғары. Соңғы кездері кәмелетке толмағандарға қатысты заңға қайшы әрекеттер факторлары жиіленіп кетті.Жыл сайын жүздеген бала қылмыстың құрбаны болады. Оқу орындарында немесе оның маңайында болатын құқық бұзушылық алаңдатушылық тудыруда. Ата-аналарға қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстермен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде «Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдерінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы бойынша тиісті жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың көпшілігі бос уақыттарын ғаламторға, ұялы телефондарындағы әртүрлі бағдарламаларға қараумен өткізетіндігін, кейбір кездегі ғаламторға жағымсыз жаңалықтардың, бейнекөріністердің әсерінен баланың көзқарасы, психологиясы өзгеріп, ұрлық-зорлық әрекеті мен құқық бұзушылық фактілері орын алып жатады. Сондықтан әлеуметтік желілер арқылы жағымсыз көп ақпараттардың тез тарайтынын, балаларының ұялы телефонында тыйым салынған сайттарға кіріп-шығу, қолдану уақыттарына құрметті ата-аналар ерекше назар аудару керек. Облыстық білім басқармасының 2018жылғы 27 шілдедегі №03-4468 хатына сәйкес 2018 жылдың 20 тамыз-20 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз мектеп» атты республикалық акциясын өтіп жатыр. Акция мақсаты : білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен қауіпсіздік шараларын жетілдіру. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оны болдырмау бағытында сынып жетекшімен тығыз байланыста болу, ата-анасыз (заңды өкілсіз) шықпауын, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі 442-1, 442-2 баптарында көрсетілген талаптарды орындап, түнгі сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық орындарына бармауын, үйден тыс жерде жалғыз жүрмеуін қадағалауды, жалпы балаларды күнделікті қадағалау керек. Ата-ана әрқашан мектеппен тығыз байланыста болып балалардың қауіпсіздігін ата-аналар тарапынан қамтамасыз ету қажет.