Бос лауазымдық орынға конкурс » СШ №25
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№25 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 345859
Есепші бөлімі:
+7(7262) 345859
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос лауазымдық орынға конкурс
14
август
2026

Бос лауазымдық орынға конкурс

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі» №25 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагогтердің бос тұрған лауазымдарына конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

📌 Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «hr-nobd.edu.kz», «Facebook» парақшасында және «Enbek.kz» сайтында жарияланды.

Конкурсқа құжат қабылдау: орыс тілі және тәрбиеші 2026 жыл 14 тамыздан бастап 25 тамыз аралығында жүргізіледі.

📌 Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі лауазымына — 1 штаттық бірлік, тұрақты орын;

📌 Тәрбиеші лауазымына — 1 штаттық бірлік, уақытша орын.

📌 Конкурс өткізілетін орын:

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімі» №25 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

📌 Құжаттарды қабылдау мектептің қабылдау бөлмесінде жүргізіледі.

📌 Мекеменің мекенжайы: Тараз қаласы /25 орта мектеп

📧 Электрондық пошта: Shool125-08@yandex.kz

📞 Телефон нөмірі: 34-58-59

Қабылдау кезінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (өтініш үлгісі 3-қосымшаға сәйкес);

2) жеке куәлік;

3) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;

4) білімі туралы диплом көшірмесі;

5) еңбек кітапшасы (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат;

11) осы қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат;

13) конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне, ғылыми дәреже, атақтар, әдістемелік жарияланымдар және басқа да кәсіби жетістіктерін растайтын құжаттарды ұсына алады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив