2018-2019 оқу жылындағы ата – аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ » СШ №25
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№25 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7262) 345859
Есепші бөлімі:
+7(7262) 345859
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2018-2019 оқу жылындағы ата – аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ
28
август
2018

2018-2019 оқу жылындағы ата – аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ

Өткізілген күні: 28.08.2018 ж.
Өтілетін орны: № 25 орта мектеп
Басталуы:11 .00 – де
Мектеп директоры: А.Абашова
ДҚТІЖО - Р.Игиликова
ДТІЖО - Ж.Төленбекова
Мектеп инспекторы- Б.Альмухамедов
Қамқоршылық кеңес төрайымы –Э.Қосымбекова
Ата-аналар комитетінің төрайымы- Э.Салмаханбетова
Әлеуметтік педагог- Ш.Умиралиева
Қатысушылар: ата – аналар - 108 , сынып жетекшілер - 23
Өткізілу форматы: жалпы ата – аналар жиналысы

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

1. Жаңа оқу жылына дайындық
2. «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» Ережесіне сай киім киюді ата-анаға түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
3. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы бойынша тиісті жауапкершілік қарастырылғандығын ескерту
4. Балалардың қауіпсіздігін ұйымдастыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын –алу.

Жиналысты мектеп директоры Абашова Айнұр Каримуллақызы ашып, жиналысқа қатысушыларды күн тәртібі бойынша қаралатын мәселелермен таныстырды.
Бірінші мәселе бойынша сөз алды: Мектеп директоры А.Абашова жаңа оқу жылына дайындық бойынша- ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, мектепке 350 000 теңге бөлінді.Бөлінген қаржыға сыр, әк, гипсополимер, шетка т.б. заттар алынып, мектептің іші-сырты толығымен ақталып, сырланды. 5,22 оқу кабинеттеріне , қыздар шеберханасы мен шағын орталықтың ойын бөлмелеріне линолеум төселді. 10 дана жаңа өрт сөндіру құралдары алынды.Мектептегі күзгі-қысқы жылыту жүйелеріне тексеріс жүргізіп, дайындық актісі берілді. 2018-2019 оқу жылында мектебімізде 472 оқушы білім алуда. Оның ішінде -176 оқушы аз қамтамасыз етілген отбасынан. Бірінші кезекте аз қамтамасыз етілген , көп балалы отбасыларының балалары, жетім, бала кезінен мүгедек балаларды оқулықпен түгел қамтамасыз етілді. Мектеп кітапханасында 9545 дана оқулық анықталды. 1,3,5,6,7,8, 9,10,11 сыныптар 100 % , 2 сынып 90% , 4 сынып 97%, жалпы 98,2 % оқулықпен қамтамасыз етілді. 2018-2019 оқу жылында аз қамтылған отбасы балаларының саны-176. Осы оқушылар тегін ыстық тамақпен, қыстық киіммен қамтамасыз етіледі.2018 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өткізілетін «Мектепке жол» акциясы бойынша «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» мектепішілік жоспар құрылып, осы бағытта қалалық білім бөліміне әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасына сұраныс жіберілгендігін айтып өтті.Сонымен қатар 9 «ә» сынып оқушысыЕ.Малдыбаевқа «Мектепке жол » акциясы бойынша мектеп ұжымы көмек көрсетті. Екінші мәселе бойынша сөз алды: ДТІЖО Ж.Төленбекова білім басқармасының 20.08.2018жылғы №03-4756 хатына сәйкес жалпы білім беретін мектеп оқушылары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды 2018-2019 оқу жылында ата-аналар комитеттері мен Қамқоршылық кеңестерімен бірлесіп жұмыс атқару қажет екендігін айтып өтті. Себебі қала мектептерінде дәстүрлі емес діни ағымдарға тартылған 61 оқушы қыздар мектеп формасын сақтамай жүргендігі анықталған. Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға тигізетін зияны жөнінде, діни білім мен діни сананың төмендігі салдарынан белгілі бір адамдар тобының діни экстремистік ұйымдардың пайда болып, қоғамға зиянын тигізуге себеп болуда. Егер де сіз немесе сіздің туған-туыстарыңыз деструктивті культтерінің әсеріне ұшыраған болса, онда сенім телефоны арқылы орталық мамандардың кеңесіне жүгіне аласыз:8 (7262) 51-50-20 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығын орындау мақсатында орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар негізінде мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтындығы және кез келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді (хиджап,никап,бурка,паранжа т.б), сондай-ақ кез келген діни атрибуткаларды киюге тыйым салынатындығы (БҒМ 14.01.2016жылғы №26 бұйрықтың 13 тармағы) жөнінде ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жөнінде айтып өтті.
3 мәселе бойынша Мектеп инспекторы Б.Альмухамедов сөз алды: Ата-аналарға қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстермен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде «Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдерінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы бойынша тиісті жауапкершілік қарастырылғандығын ескертті. Сонымен қатар қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың көпшілігі бос уақыттарын ғаламторға, ұялы телефондарындағы әртүрлі бағдарламаларға қараумен өткізетіндігін, кейбір кездегі ғаламторға жағымсыз жаңалықтардың, бейнекөріністердің әсерінен баланың көзқарасы, психологиясы өзгеріп, ұрлық-зорлық әрекеті мен құқық бұзушылық фактілері орын алып жатады. Сондықтан әлеуметтік желілер арқылы жағымсыз көп ақпараттардың тез тарайтынын, балаларының ұялы телефонында тыйым салынған сайттарға кіріп-шығу, қолдану уақыттарына назар аудару керек екендігі айтылды.
4 мәселе бойынша сөз алды: ДҚТІЖО Р.Игиликова Ата-аналарға облыстық білім басқармасының 2018жылғы 27 шілдедегі №03-4468 хатына сәйкес 2018 жылдың 20 тамыз-20 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз мектеп» атты республикалық акциясын өткізу жоспарланып отыр
. Акция мақсаты : білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен қауіпсіздік шараларын жетілдіру. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оны болдырмау бағытында сынып жетекшімен тығыз байланыста болу, ата-анасыз (заңды өкілсіз) шықпауын, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіндегі 442-1, 442-2 баптарында көрсетілген талаптарды орындап, түнгі сағат 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ойын-сауық орындарына бармауын, үйден тыс жерде жалғыз жүрмеуін қадағалауды, жалпы балаларды күнделікті қадағалау керектігі айтылды.


Шешім:
1. «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» Ережесіне сай киім киюді ата-аналарға міндеттелсін.
2. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оны болдырмау бағытында іс-шараларын жүргізе отырып, ата – аналар мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер тарапынан жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу, бақылауды күшейту.




Отырыс төрайымы А.Абашова

Хатшы М.Рахымжанова
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Guago
15 апреля 2021 17:34
Специалисты таможенного агента Азия-Трейдинг, прежде всего, учитывают интересы клиентов участвующих во внешнеторговых сделках. Мы умеем делать сложные процессы простыми, прозрачными и понятными.