№25 орта мектебінің 2020-2021 оқу жылындағы мектеп директорының «Қамқоршылық кеңес» алдындағы І жартыжылдық есебі » СШ №25
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 345859
Есепші бөлімі:
+7(7262) 345859
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №25 орта мектебінің 2020-2021 оқу жылындағы мектеп директорының «Қамқоршылық кеңес» алдындағы І жартыжылдық есебі
04
февраль
2021

№25 орта мектебінің 2020-2021 оқу жылындағы мектеп директорының «Қамқоршылық кеңес» алдындағы І жартыжылдық есебі

№25 орта мектебінің 2020-2021 оқу жылындағы мектеп директорының «Қамқоршылық кеңес» алдындағы І жартыжылдық есебі
Құрметті «Қамқоршылық кеңес» мүшелері!
Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. Баланың бас ұстазы – ата – анасы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Бүгінгі мақсат-әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан — жақты дамуына ата-ана, мектеп жағдай жасауы керек.
2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектебімізде санитарлық талаптарды сақтай отыра кезекші сыныптар ұйымдастырылды. І тоқсанда 1-4 сыныптардан және мектепалды даярлық сыныпты қоса алғанда 11 кезекші сынып ашылып, 132 оқушы білім алды. Үйде оқытылатын және инклюзивті (арнайы) балалардың білім алуы ұйымдастырылды. Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын балалардың саны 7- оқушы, инклюзив 2 «б» сыныпта 5- оқушы, 3 «б» сыныпта 6-оқушы. ІІ тоқсанда 1-4 сыныпта-11,5 сыныптардан-2 сынып ашылып,жалпы 13 кезекші сынып ашылып ,157 оқушы кезекші сыныпта білім алды. ІІІ тоқсанда санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып 9,11сыныптар толықтай штаттық оқыту форматына көшті. Сыныптағы пәндерінің 70 пайызын ата-ана өтініштерінің негізінде мектепте оқытылып отыр. Оқу жылының басында 518 оқушымен, 34 тәрбиеленушілермен басталса, І тоқсан соңында 1 – 11 сыныптарда 527 оқушымен, мектепалды даярлық тобы 34 тәрбиеленушімен аяқтады. І тоқсанда келген оқушылар саны – 18, кеткен оқушылар саны – 9. 1 – 4 сыныптарда 242 оқушы, 5 – 9 сыныптарда 257 оқушы, 10 – 11 сыныптарда 28 оқушы. Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын балалардың саны-7. 2020 – 2021 оқу жылының І тоқсанында білім сапасы: 57,2%, үлгерім 100% көрсетті . 2- 11 сынып аралығында оқу озаты 79 оқушы, оқу екпіндісі 192 оқушы. 1– 4 сыныптарда білім сапасының көрсеткіші 63,4%, оқу үлгерімі 100%, 5–9 сыныптарда білім сапасының көрсеткіші 52,9%. 10–11 сыныптарда білім сапасының көрсеткіші 53,5%, оқу үлгерімі 100%,
ІІ тоқсанда 1-4 сыныптарда-245, 5-9 сыныптарда-259, 10-11 сыныптарда -28 оқушы.
ІІ тоқсанда 1-11 сыныптарда 532 оқушымен аяқтады. 2020 – 2021 оқу жылының
І тоқсанында білім сапасы: 57,2%, үлгерім 100% көрсетті, ІІ тоқсанда 59 пайыз, І тоқсанмен салыстырғанда +1,8 пайызға өсім бар.
№25 орта мектебінде мектеп бітіруші түлектер саны-12, оның ішінде ҰБТ-ға баратындар саны-11, 1-оқушы ата-анасының өтініші негізінде ҰБТ-ден бас тартып отыр. ҰБТ-ға қатысуға өтініштер беру мерзімі 1-15 желтоқсан аралығында жүргізілді.11 оқушыға өтініштер ҰТО-ның сайты арқылы онлайн режимде берілді. 2020-2021 оқу жылында короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шараларына қарамастан оқушылар мен мұғалімдер көптеген жетістіктерге ие болды, атап айтсақ, оқушылар: республикалық «Ақ бота » интеллектуалдық марафонынан -28 оқушы орын алса, пәндік Әль Фараби атындағы олимпиададан-2 орын, пәндік қашықтық олимпиадаларынан -24 орын, КИО республикалық қашықтық олимпиадасынан-6 орын, халықаралық ПОНИ олимпиадасынан-16 орын, халықаралық «Абай – дана, Абай- дара қазақта» балалар мен жасөспірімдер байқауының көркем сөз жанры бойынша І орындарды , облыстық «Өрлеу» орталығының ұйыдастыруымен өткізген ғылыми жоба байқауында -4 орын, қалалық «Бауыржан оқулары», шығарма , сурет байқауларынан-7 орынды иеленді. Сондай-ақ мұғалімдер арасында республикалық КИО қашықтық олимпадасынан -8 орын, облыстық байқаулардан-2 орын, қалалық байқаулардан -3 орынға ие болды. 2020-2021 оқу жылына мектепті дайындау үшін ғимаратқа косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаржыға сыр, әк, гипсополимер, валиктер, шеткалар т.б құрылыс заттары алынып, мектептің іші толығымен ақталып, сырланды. Мектепті күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындау үшін «Эксиллон-Энержи» ЖШС-і ішкі жылу жүйелеріне тексеріс жүргізіп, 25.07.2020ж. күні дайындық актісін берді. Пандемияға байланысты ашылған кезекші сыныптарға санитайзер орнатылып, кілемшелер төселді. Дәліздегі еденге сыныптарға апаратын бағыт-бағдар орнатылды. Мектептің өрт қауіпсіздігі бойынша сынып бөлмелеріне өрт дабылы орнатылған және өрт сөндіру құралы бар. Әр қабатта эвакуация жоспары ілінген. Шатырды өрттен қорғау үшін БИСОЛ-2 себілді. Әр ай сайын ИП «Systema» ғимараттың өртке қарсы құрал-жабдықтарын тексеріп, ақау болған жерлерді дер кезінде жөндеп, ауыстыруды қажет ететін құралдарды ауыстырып отырды. Оқу жылында пандемияға байланысты 7 қазаннан бастап мектепке жылу берілді. Мектеп ғимаратын суықтан, желден, жаңбырдан қорғау мақсатында сынып бөлмелері мен дәліздегі терезелердің саңлаулары бекітілді. 2020-2021 оқу жылында аз қамтылған отбасындағы оқушылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға әлеуметтік көмек берілді. Мектебімізде аз қамтылған отбасынан шыққан 255 оқушы бар. Олар жалпы оқыту қорынан берілетін кітаппен, мектеп формасымен, бас киім және аяқ киіммен, сөмкемен, кеңсе тауарларымен, қыстық аяқ киім, ақ жейде мен қыстық сырт киімдермен қамтамасыз етілген. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен 146 роутер, 74 планшет, 5 компьтер, 10 моноблок, 25 ноутбукпен қамтамасыз етіліп, оқушыларға таратылып берілді. «Мектепке жол» акциясы бойынша демеушілер тарапынан ЖШС «Аль-Мансур» құрылыс компаниясының басшысы Мамбет Сайлауұлы Сағымбеков әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасына 10 дана клавиатура, 10 дана тышқан тетігін беріп, көмек көрсетті. Мектепте ұйымдастырылған «Қайырымдылық» акциясы аясында мектеп ұжымы қаржылай, киім-кешек, ұялы байланыс бірліктері ретінде 21 балаға көмек көрсетті. 2020-2021 оқу жылының жүргізілген тәрбие жүйесінің жұмыстары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тұжырымдамалық негіздермен іске асырылуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Дәстүр мен ғұрып», «Үнем-қоғам қуаты», Еңбек елдің мұраты», «Құқықтық мәдениет» жобалары іске асырылып, онлайн форматта өткізілуде.Тарихи тұлғалармен танысу, ақын жазушылармен танысу және шығарма, эссе жазу байқаулары өтті.Тарихи өлкелерімізді танып білу, вертуалды экскурсия жасау, табиғатты аялау,атақты тұлғаларымызға танымдық сағаттар,адалдық сағаттары, Даңқ залына оқушылармен саяхат, түрлі сурет байқаулары, кітап оқу байқауы, отбасына арналған фото байқаулар және бейне жазбалар түсіру сияқты іс-шаралар түрлерін өткізілді. Отбасы мерекесіне байланысты «Менің отбасым», «Менің жанұям», «Біздің отбасымыз», «Отбасы отанымыздың ошағы», «Отбасым-аялы алақан мекені» тақырыптарында жоспар жасалынды.10-12 қыркүйек аралығына ән байқауы, 1-4 сынып оқушылар бақытты балалық шақтары жөнінде бейнеролик жасады, 7-11 сынып оқушылары фото сурет байқауы, 4-6 сынып сурет байқауы, 9-11 сынып эссе жазу байқаулары өткізілді.Белсенді ата-аналарымызбен оқушыларымыз дипломдармен марапатталды. 1 Қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне байланысты «Ата мен әже ісі бізге өнеге» , 1-4 сынып оқушылары арасында фото байқау, 5-11 сынып оқушылары арасында бейнежазба түсіру байқауы өтті , 1-11 сынып оқушылары ата-әжелерімен фото суреттер, бейнероликтер жасап байқауларға қатысып үздік бейне түсірілім Республикалық «Балдаурен» байқауына қатыстырылды. Нәтижесінде 4 «ә» сынып оқушылары А.Рахметілдә және Н.Арсланова жүлделі 1-2 орындарды жеңіп алды. «Ұстаз – ұлағатты есім» тақырыбында бірыңғай онлайн ашық тәрбие сағаттары, ардагер ұстаздармен онлайн кездесу, эссе, шығарма жазу байқаулары өткізілді. «Бала Абайдан- дана Абайға дейін» тақырыбында шығарма жазу байқауы ұйымдастырылып, оқушылар марапатталды. Ұлы Абайдың 175 жыл, Әбу Насыр Әл Фарабидың 1150 жылдығына арналған ,«Абай-өлеңдеріне элюстрация» «Тарихи өлкеге саяхат», «Тарихи көрініс», «Қазақ халқының дәстүрі» тақырыптарында 3-8 сынып оқушыларының арасында сурет байқаулары өтті. Күзгі демалыс кезінде оқушыларымыздың уақытын тиімді пайдалануын қадағалау мақсатында іс-шаралар өтті. «Асар»-отбасына, туыстарымен көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын беру челенджі түсірілді. 1-10 сынып арасында «Алтын күз» экибана жасау іріктеу байқауы өтті. Мектеп фоэсінде оқушылардың шығармашылық еңбектерінен көрме ұйымдастырылып, оқушылар марапатталды. 16 желтоқсан Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздігіне арналған «Тәуелсіздік ел-тірегім!» тақырыбында патриоттық әндер байқауы, шығарма жазу байқауы өткізіліп, дипломдармен марапатталды. «Менің елім-Қазақстан!» тақырыбында мектебіміздің фоэсінде сурет көрмесі үйірме жетекшілерінің ұйымдастырумен өтті. «Асқар тауым – тірегім!» тақырыбында Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында қалалық байқауға 5 «ә» сынып оқушысы Нұғман Мейірбектің отбасы қатысып, 3-ші орынмен марапатталды. Тәрбие жұмысы бойынша оқушыларымыз қалалық байқаудан -10, республикалық байқаулардан- 14, облыстық бақаулардан-1 жетістіккке жетті.
Бүгінгі күні қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесінің алғашқы буыны отбасы болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27 – бабында «Неке және отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы, әрі міндеті деп атап көрсетілген. «Тәрбиесі қиын балалармен жұмыс жасау, оқыту мақсатында, «қиын» оқушылардың тізімі анықталды. Ата-аналарымен бірлесе отырып, оларды мектептегі және мектептен тыс үйірмелерге қатыстырып, мектептің қоғамдық жұмыстарына тартылды. Жанұядағы тәрбиесі қиын балаларды бақылау, ата-ананың балаға жауапкершілігін арттыру міндеттерін шешу үшін әлеуметтік педагог пен психолог жұмыс жүргізді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Тараз қалалық полиция басқармасымен, зиянды заттың алдын алу мақсатында салауатты өмір салты, ЖОПДО, АИТВ/ЖИТС орталықтарымен бірлескен жоспар жасалынып, іс-шаралар жүргізілуде. 2020-2021 оқу жылының жаз мезгілінде оқушылар тарапынан жасалынған бұзақылық әрекеттері туралы мәліметтер базасы жинақталды. Ата-анасының жауапкершілігінің төмендігінен жаз мезгілінде мектебіміздің екі оқушысы бұзақылық жасады. Тәртібі төмен оқушылар мен жайсыз жанұялардың тізімін жүргізіп, бақылаудағы оқушыларға педагог, тәлімгер бекітіліп, құжаттар жинақталып, іс-шаралар жүргізілуде. Полиция есебінде 3 оқушы, үйірмемен қамтылған, тәлімгер бекітілген. 1-4 қыркүйек, 1 желтоқсан, 16-19 желтоқсан күндері, Жаңа жыл қарсаңында 30,31 желтоқсан мен аралығында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі мезгілде (23.0-ден кейін заңды өкілсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрмеуін қадағалау үшін полиция қызметкерлерімен, ДҚТІЖО Р.Игиликова, дене шынықтыру пәні мұғалімдері «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік іс-шара жүргізілді. 5 мөлтек аудандағы 24, 25 жатақханалар, « Малибу», «Мята» т.б кафелер мен Жеңіс саябағы бақылауға алынды. Рейд барысында құқық бұзушылық фактісі анықталған жоқ. Ата-аналар жиналысында «Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, слайд, жаднама таратылды.Мектептің әлеуметтік желісінде жасөспірімдердің қаңғыбастығы мен заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу, ақпараттық бейнероликтері орналастырылды. 30қыркүйек күні «ҚР Әкімшілік және Қылмыстық Кодексіндегі жасөспірімдердің қаңғыбастығы мен заңды өкілінсіз жүруіне қатысты баптары» тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп инспекторы Н.Абдимажит, Тараз қаласы ПБ №5 учаскелік полиция трек пункт полиция майоры Ғ.Асранкулов қатысып кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оны болдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп психологы Б.Жолдасова өз уақытын тиімді ұйымдастыруға байланысты оқушыларға арналған психологиялық кеңес өткізді. 01.10.2020ж. күні «Жетістіктер баспалдағы» акциясы өткізіліп, директордың құқықтық ттәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Игиликова қалалық байқаудан І орынмен марапатталды.Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 1.10.2020ж. күнгі №1856 хатын назарға ала отырып, баланың құқықтарын қорғауды күшейту олармен профилактикалық жұмыстарды жандандыру, кәмелетке толмағандардың заңға қайшы әрекеттерге баруына жол бермеу туралы №67 бұйрық, полиция бөлімінде есепте тұратын мектеп оқушылары мен тұрмысы қолайсыз отбасыларында тәрбиеленіп жатқан балаларды медициналық-әлеуметтік есепке №68 бұйрық шығарылып, жоспар бойынша іс-шаралар жүргізілді. 1 қазан күні «Бала бақылауда» жобасы туралы №72 бұйрық шығарылып, жоспар жасалынып, мектеп әкімшілігі, 1-11сынып жетекшілері, пән мұғалімдеріне таныстырып, 27 оқушыға бақылау іс-шаралары жүргізілуде. Полиция бөлімінде есепке алынған оқушылар мен жайсыз отбасында тәрбиеленетін балалармен жекелеген профилактикалық бағытта жұмыстар жүргізіп, ДҚТІЖО Р.Игиликова, мектеп инспекторы Н.Абдимажит, әлеуметтік педагог А. Шагатаева, психолог Б.Жолдасовалар мекен -жайға рейдтік іс-шаралар жүргізді. 9-20 қараша аралығында «Қатыгездіксіздік және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқан өткізілді. «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермейік», «Бақытты отбасы» т.б. тақырыптарда сурет байқауы өткізілді. Жайсыз отбасындаға ата-ана Л.Лесныхты мектепішілік есепте тұратын 8 «ә» сыныбында оқитын қызы А.Алтаеваның сабақтан себепсіз 10 күн қалуына байланысты жауапкершілікке тарту бойынша Тараз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ж.Анапиевке қатынас хат, білім бөлімінің басшысы С.Есеевке мәлімет жазылды. «Қыс-2020» қауіпсіздік шараларын сынып жетекшілер «Өрт қауіпсіздігі, мұздағы мінез-құлық», тақырыптарында сынып сағаттарын өткізіп, әлеуметтік желілерде жариялады. 2020-2021 оқу жылының І жарты жылдығында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша полиция бөлімінде 3 оқушы тұр. Мектепішілік есепте 9 оқушы тұр. «Бала бақылауда» жобасы бойынша 27 оқушы тұр. «Жайсыз отбасында» 2 отбасы тіркелген. ПБ, мектепішілік есепте тұратын оқушылар қалалық, мектепішілік іс-шараларға қатысып, жетістіктерге жетуде. 9 «а» сынып оқушысы А.Шүленбаев «Болашаққа есірткісіз» сурет байқауы 3 орын. «Менің сарғыш әлемім» қалалық сурет байқауынан 3 орын, Ықылас Бексұлтан « Болашаққа есірткісіз» сурет байқауынан 2 орын, Қанатбек Ильяс мектепішілік «Болашаққа есірткісіз» сурет байқауынан 1 орын. Мектепішілік «Алтын күз» экибана байқауынан 3 орын. Республикалық алгебра пәнінен 8 сыныптар арасында олимпиадасының І дәрежелі жеңімпазы Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты химия пәнінен ұйымдастырған НИО байқауынан І дәрежелі диплом, « Менің сарғыш әлемім!» атты қалалық сурет байқауына «Жайсыз отбасына» тіркелген 6 «ә» сынып оқушысы А.Сейтхан І орынмен марапатталды. 2020-2021 оқу жылында құқықбұзушылықтың алдын алу профилактикалық іс шаралары жалғасын табатын болады.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


















2020-2021 оқу жылындағы оқу жылындағы мектеп директорының қамқаршылық кеңес алдындағы І жарты жылдық есебінің Хаттамасы №
Тараз қаласы Күні: 22.01.2020жыл Қатысқандар: 1.Мектеп директоры-А.Абашова 2. Қамқоршылық кеңес төрайымы-Э. Қосымбекова 3.Қамқоршылық кеңес мүшелері-12 4. Хатшы –Р.Игиликова
Күн тәртібінде
1. 2020-2021 оқу жылындағы оқу жылындағы мектеп директорының қамқаршылық кеңес алдындағы І жарты жылдық есебі
Тыңдалды:
Сөйледі: Қамқоршылық кеңес төрайымы-Э.Қосымбекова қамқоршылық кеңес мүшелерін күн тәртібімен таныстырып, сөз кезегін мектеп директоры А.Абашоваға берді. Сөйледі: Мектеп директоры А.Абашова Құрметті «Қамқоршылық кеңес» мүшелері! Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы ғана емес, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Бүгінгі мақсат-әрбір бала түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздерін білу және олардың жан — жақты дамуына ата-ана, мектеп жағдай жасауы керек.
2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектебімізде санитарлық талаптарды сақтай отыра кезекші сыныптар ұйымдастырылды. І тоқсанда 1-4 сыныптардан және мектепалды даярлық сыныпты қоса алғанда 11 кезекші сынып ашылып, 132 оқушы білім алды. Үйде оқытылатын және инклюзивті (арнайы) балалардың білім алуы ұйымдастырылды. Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын балалардың саны 7- оқушы, инклюзив 2 «б» сыныпта 5- оқушы, 3 «б» сыныпта 6-оқушы. ІІ тоқсанда 1-4 сыныпта-11,5 сыныптардан-2 сынып ашылып,жалпы 13 кезекші сынып ашылып ,157 оқушы кезекші сыныпта білім алды. ІІІ тоқсанда санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып 9,11сыныптар толықтайштаттық оқыту форматына көшті. Сыныптағы пәндерінің 70 пайызын ата-ана өтініштерінің негізінде мектепте оқытылып отыр. Оқу жылының басында 518 оқушымен, 34 тәрбиеленушілермен басталса, І тоқсан соңында 1 – 11 сыныптарда 527 оқушымен, мектепалды даярлық тобы 34 тәрбиеленушімен аяқтады. І тоқсанда келген оқушылар саны – 18, кеткен оқушылар саны – 9. 1 – 4 сыныптарда 242 оқушы, 5 – 9 сыныптарда 257 оқушы, 10 – 11 сыныптарда 28 оқушы. Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын балалардың саны-7. 2020 – 2021 оқу жылының І тоқсанында білім сапасы: 57,2%, үлгерім 100% көрсетті . 2- 11 сынып аралығында оқу озаты 79 оқушы, оқу екпіндісі 192 оқушы. 1– 4 сыныптарда білім сапасының көрсеткіші 63,4%, оқу үлгерімі 100%, 5–9 сыныптарда білім сапасының көрсеткіші 52,9%. 10–11 сыныптарда білім сапасының көрсеткіші 53,5%, оқу үлгерімі 100%, ІІ тоқсанда 1-4 сыныптарда-245, 5-9 сыныптарда-259, 10-11 сыныптарда -28 оқушы. ІІ тоқсанда 1-11 сыныптарда 532 оқушымен аяқтады. 2020 – 2021 оқу жылының І тоқсанында білім сапасы: 57,2%, үлгерім 100% көрсетті, ІІ тоқсанда 59 пайыз, І тоқсанмен салыстырғанда +1,8 пайызға өсім бар. №25 орта мектебінде мектеп бітіруші түлектер саны-12, оның ішінде ҰБТ-ға баратындар саны-11, 1-оқушы ата-анасының өтініші негізінде ҰБТ-ден бас тартып отыр. ҰБТ-ға қатысуға өтініштер беру мерзімі 1-15 желтоқсан аралығында жүргізілді.11 оқушыға өтініштер ҰТО-ның сайты арқылы онлайн режимде берілді. 2020-2021 оқу жылында короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шараларына қарамастан оқушылар мен мұғалімдер көптеген жетістіктерге ие болды, атап айтсақ, оқушылар: республикалық «Ақ бота » интеллектуалдық марафонынан -28 оқушы орын алса, пәндік Әль Фараби атындағы олимпиададан-2 орын, пәндік қашықтық олимпиадаларынан -24 орын, КИО республикалық қашықтық олимпиадасынан-6 орын, халықаралық ПОНИ олимпиадасынан-16 орын, халықаралық «Абай – дана, Абай- дара қазақта» балалар мен жасөспірімдер байқауының көркем сөз жанры бойынша І орындарды , облыстық «Өрлеу» орталығының ұйыдастыруымен өткізген ғылыми жоба байқауында -4 орын, қалалық «Бауыржан оқулары», шығарма , сурет байқауларынан-7 орынды иеленді. Сондай-ақ мұғалімдер арасында республикалық КИО қашықтық олимпадасынан -8 орын, облыстық байқаулардан-2 орын, қалалық байқаулардан -3 орынға ие болды. 2020-2021 оқу жылына мектепті дайындау үшін ғимаратқа косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаржыға сыр, әк, гипсополимер, валиктер, шеткалар т.б құрылыс заттары алынып, мектептің іші толығымен ақталып, сырланды. Мектепті күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындау үшін «Эксиллон-Энержи» ЖШС-і ішкі жылу жүйелеріне тексеріс жүргізіп, 25.07.2020ж. күні дайындық актісін берді. Пандемияға байланысты ашылған кезекші сыныптарға санитайзер орнатылып, кілемшелер төселді. Дәліздегі еденге сыныптарға апаратын бағыт-бағдар орнатылды. Мектептің өрт қауіпсіздігі бойынша сынып бөлмелеріне өрт дабылы орнатылған және өрт сөндіру құралы бар. Әр қабатта эвакуация жоспары ілінген. Шатырды өрттен қорғау үшін БИСОЛ-2 себілді. Әр ай сайын ИП «Systema» ғимараттың өртке қарсы құрал-жабдықтарын тексеріп, ақау болған жерлерді дер кезінде жөндеп, ауыстыруды қажет ететін құралдарды ауыстырып отырды. Оқу жылында пандемияға байланысты 7 қазаннан бастап мектепке жылу берілді. Мектеп ғимаратын суықтан, желден, жаңбырдан қорғау мақсатында сынып бөлмелері мен дәліздегі терезелердің саңлаулары бекітілді. 2020-2021 оқу жылында аз қамтылған отбасындағы оқушылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға әлеуметтік көмек берілді. Мектебімізде аз қамтылған отбасынан шыққан 255 оқушы бар. Олар жалпы оқыту қорынан берілетін кітаппен, мектеп формасымен, бас киім және аяқ киіммен, сөмкемен, кеңсе тауарларымен, қыстық аяқ киім, ақ жейде мен қыстық сырт киімдермен қамтамасыз етілген. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен 146 роутер, 74 планшет, 5 компьтер, 10 моноблок, 25 ноутбукпен қамтамасыз етіліп, оқушыларға таратылып берілді. «Мектепке жол» акциясы бойынша демеушілер тарапынан ЖШС «Аль-Мансур» құрылыс компаниясының басшысы Мамбет Сайлауұлы Сағымбеков әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасына 10 дана клавиатура, 10 дана тышқан тетігін беріп, көмек көрсетті. Мектепте ұйымдастырылған «Қайырымдылық» акциясы аясында мектеп ұжымы қаржылай, киім-кешек, ұялы байланыс бірліктері ретінде 21 балаға көмек көрсетті.Тарихи тұлғалармен танысу, ақын жазушылармен танысу және шығарма, эссе жазу байқаулары өтті.Тарихи өлкелерімізді танып білу, вертуалды экскурсия жасау, табиғатты аялау,атақты тұлғаларымызға танымдық сағаттар,адалдық сағаттары, Даңқ залына оқушылармен саяхат, түрлі сурет байқаулары, кітап оқу байқауы, отбасына арналған фото байқаулар және бейне жазбалар түсіру сияқты іс-шаралар түрлерін өткізілді. 1-11 сынып оқушылары ата-әжелерімен фото суреттер, бейнероликтер жасап байқауларға қатысып үздік бейне түсірілім Республикалық «Балдаурен» байқауына қатыстырылды. Нәтижесінде 4 «ә» сынып оқушылары А.Рахметілдә және Н.Арсланова жүлделі 1-2 орындарды жеңіп алды. «Ұстаз – ұлағатты есім» тақырыбында бірыңғай онлайн ашық тәрбие сағаттары, ардагер ұстаздармен онлайн кездесу, эссе, шығарма жазу байқаулары өткізілді. «Бала Абайдан- дана Абайға дейін» тақырыбында шығарма жазу байқауы ұйымдастырылып, оқушылар марапатталды. «Асқар тауым – тірегім!» тақырыбында Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында қалалық байқауға 5 «ә» сынып оқушысы Нұғман Мейірбектің отбасы қатысып, 3-ші орынмен марапатталды. Тәрбие жұмысы бойынша оқушыларымыз қалалық байқаудан -10, республикалық байқаулардан- 14, облыстық бақаулардан-1 жетістіккке жетті. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Тараз қалалық полиция басқармасымен, зиянды заттың алдын алу мақсатында салауатты өмір салты, ЖОПДО, АИТВ/ЖИТС орталықтарымен бірлескен жоспар жасалынып, іс-шаралар жүргізілуде. 1-4.09.2020ж. күндері, 1.12.2020ж., 16-19.12.2020ж.күндері,30,31.12.2020ж.аралығында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында рейд іс шарасы жүргізілді. 30қыркүйек күні «ҚР Әкімшілік және Қылмыстық Кодексіндегі жасөспірімдердің қаңғыбастығы мен заңды өкілінсіз жүруіне қатысты баптары» тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп инспекторы Н.Абдимажит, Тараз қаласы ПБ №5 учаскелік полиция трек пункт полиция майоры Ғ.Асранкулов қатысып кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оны болдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 01.10.2020ж. күні «Жетістіктер баспалдағы» акциясы өткізіліп, директордың құқықтық ттәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Игиликова қалалық байқауда І орынмен марапатталды. 1 қазан күні «Бала бақылауда» жобасы туралы №72 бұйрық шығарылып, жоспар жасалынып, мектеп әкімшілігі, 1-11сынып жетекшілері, пән мұғалімдеріне таныстырып, 27 оқушыға бақылау іс-шаралары жүргізілуде. 9-20 қараша аралығында «Қатыгездіксіздік және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқан өткізілді. «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермейік», «Бақытты отбасы» т.б. тақырыптарда сурет байқауы өткізілді. Жайсыз отбасындаға ата-ана Л.Лесныхты мектепішілік есепте тұратын 8 «ә» сыныбында оқитын қызы А.Алтаеваның сабақтан себепсіз 10 күн қалуына байланысты жауапкершілікке тарту бойынша Тараз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ж.Анапиевке қатынас хат, білім бөлімінің басшысы С.Есеевке мәлімет жазылды. 2020-2021 оқу жылының І жарты жылдығында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша полиция бөлімінде 3 оқушы тұр. Мектепішілік есепте 9 оқушы тұр. «Бала бақылауда» жобасы бойынша 27 оқушы тұр. «Жайсыз отбасында» 2 отбасы тіркелген. ПБ, мектепішілік есепте тұратын оқушылар қалалық, мектепішілік іс-шараларға қатысып, жетістіктерге жетуде. 9 «а» сынып оқушысы А.Шүленбаев «Болашаққа есірткісіз» сурет байқауы 3 орын. «Менің сарғыш әлемім» қалалық сурет байқауынан 3 орын, Ықылас Бексұлтан « Болашаққа есірткісіз» сурет байқауынан 2 орын, Қанатбек Ильяс мектепішілік «Болашаққа есірткісіз» сурет байқауынан 1 орын. Мектепішілік «Алтын күз» экибана байқауынан 3 орын. Республикалық алгебра пәнінен 8 сыныптар арасында олимпиадасының І дәрежелі жеңімпазы Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты химия пәнінен ұйымдастырған НИО байқауынан І дәрежелі диплом, « Менің сарғыш әлемім!» атты қалалық сурет байқауына «Жайсыз отбасына» тіркелген 6 «ә» сынып оқушысы А.Сейтхан І орынмен марапатталды. 2020-2021 оқу жылында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық іс шаралары жалғасын табатын болады дер сөзін аяқтады.
Сөйледі: Қамқоршылық кеңес төрайымы-Э.Қосымбекова мектеп директоры А.Абашоваға 2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығындағы жүргізілген іс-шараларға қамқоршылық кеңес мүшелері атынан қанағаттанатынын айтып, алғысын білдірді.
Шешім: 2020-2021 оқу жылындағы оқу жылындағы мектеп директорының қамқоршылық кеңес алдындағы І жарты жылдық есебі қанағаттанарлық деп танылсын

1. Қамқоршылық кеңес төрайымы Э.Қосымбекова
2. Хатшы Р.Игиликова
3. Кеңес мүшелері: Л.Бургебаева
М.Керемкулова
А.Султанова
Н.Аманкулова
Г.Скакова
Г.Тажибаева
Г.Шайжанова
М.Рыскулбекова
Ж.Нарбекова
А.Ибадуллаева
Д.Қожахметов




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив