13
февраль
2023
"Жаңа ұрпақ салауатты өмір салтын таңдайды" спорттық жарыс
«Жаңа ұрпақ салауатты өмір салтын таңдайды» тақырыбында өткізілген спорттық іс-шараға ДҚТІЖО Р.Игиликова қатысты. Әлеуметтік педагог және дене шынықтыру пәні мұғалімдері Тұрсынбай Е., Қапаров Қ., ұйымдастыруымен «Жаңа ұрпақ салауатты өмір салтын таңдайды» іс-шарасы 6 бөлімнен тұрады. «Эстафета», «Кім епті», «Кім шапшаң?», «Кенгуру», «Кім озар» оқушылар кезеңдерінен өтті. «Сұңқар» тобы (3 сынып оқушылары) және «Жүйріктілер тобы» (4 сынып оқушылары) топтары қатысты.