2018-2019 оқу жылындағы ата-аналар жиналысының хаттамасы
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №25 орта мектебі» КММ
2018-2019 оқу жылындағы ата-аналар жиналысының
Хаттамасы
Тараз қаласы 24.01.2019ж.
Өткізілген орны: №25 орта мектеп
Қатысқандар:
- Қалалық білім бөлімінің әдіскерлері;.АяпбергеноваТ.М,ТортаеваЭ.Н
- Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Э.Қосымбекова
- Қатысқаны-38 ата-ана (9»А», 9 «Ә» )
Күн тәртібінде:
- Инстаграм желісіндегі ата-ана тарапынан жазылған құпия хат бойынша сауалнама алу.
Тыңдалды:
Қалалық білім бөлімінің әдіскері Э.Тортаева ата-аналарға анкета толтыру керектігін айтып өтті. 38 ата-ана сауалнама толтырды.
Сауалнама соңында 9 «Ә» сыныбының ата-анасы А.Толыбаева мектепте сабақтардың сабақ кестесіне сай жүргізілетіндігін айтып өтсе, 9 «А» сынып ата-аналары Л.Қаршыға, С.Сыздықбаева, Г.Бұралқиева мектепте ешбір қаражат жиналмағандығын, оқушылардың уақытылы сабаққа және түрлі іс-шараларға қатысып жүргендігін айтып өтті.
Қамқоршылық кеңес төрайымы Э.Қосымбекова мектеп әкімшілігі тарапынан әрбір жиналыста білім сапасының артып, мектепте және мектептен тыс оқушылардың түрлі жетістіктерге жеткендігі туралы хабардар болып отырғандықтарын және мектеп пен ата-аналар тығыз байланыста жұмыс жүргізетіндіктерін атап өтті.
Хатшы: Ж.Туленбекова