BilimLand – цифрландыру мен білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында
Жалпы мақсат:
Педагогтерді бүгінгі білім беруде пайдаланылатын интернет-сервистермен, Bilimland платформасының мүмкіншіліктерімен таныстыру.
Тренингтің мақсаты – bilimland.kz білім беру платформасы бойынша ұстаздарды жұмыс жүргізуге дайындау.
Кіріспе сөз
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
(5 мин)
«Терминдер мен ұғымдар» тренингін ұйымдастыру.
1.Әр мұғалім өз пәніне байланысты ұғымды өз
атымен байланыстырады, қысқаша түсінік
береді.
Қатысушы әріптестер
екі қатар бір -біріне қарама қарсы тұрады, коучтың көрсетуі бойынша
тапсырмаларды орындайды.
Нәтижесі
Мұғалімдердің бойында еркіндік пайда болып,
көңіл-күйлері көтеріледі.
Топқа бөлу (2 мин)
Шағын топқа бөлу.
Пән бірлестіктері бойынша 4 топқа бөлінеді:
1-топ: Тілдер бірлестігі
2-топ: Жаратылыстану бірлестігі
3-топ: Тарих, өзін өзі тану бірлестігі
4-топ: Бастауыш
сыныптар бірлестігі
Нәтижесі
Топқа бөліну арқылы ынтымақтасқан шағын орта
құрылады.
<!--
[if !supportLineBreakNewLine]
-->
<!--
[endif]
-->
Негізгі бөлім, мазмұны
Bilimland платформасы мұғалімдер үшін оқу үдерісін ұйымдастыру
барысында да, сабақтан тыс іс-шараларды өткізу кезінде де аса тиімді екені
көрсетілді
Сонымен қатар, тыңдаушылар барлық жастағы балаларды оқытуға арналған,
қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі 18 000-нан астам сабақ салынған
bilimland.kz білім беру платформасымен танысуға мүмкіндік алды.
Bilimland платформасы келесі сайттар тізбегін құрайды:
● BilimLand: білім берудің жаңартылған мазмұны
● Жаңа iTest: қорытынды аттестаттау және ҰБТ
● Twig-bilim – үш тілдегі танымдық қызықты оқытушы фильмдер ● iMektep – қазақ тіліндегі бастауыш сыныптарға арналған курс
● BilimLand Kids – қазақ тіліндегі балалар әндері
● BilimBook – үздік оқуға арналған үздік құрылғы
● BilimLand байқаулары
● BilimLand: стратегиялық жоспарлар мен жаңалықтар
- Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 2000 интерактивті сабақ
Математика (1–4 сыныптар)
Жаңартылған мазмұндағы бағдарлама бойынша қазақ және орыс тілдерінде 396 сабақ:
● ашық әрі түрлі түсті дизайн;
● әр тапсырманың дыбысталуы;
● өзіндік жұмысқа арналған жұмыс парақтары
Математика (5-11 сыныптар) Геометрия
Жаңа бағдарлама бойынша қазақ және орыс тілдерінде 886 сабақ:
● видеотүсіндірмелелер мен көрнекі суреттер;
● толық теориялық материалдар;
● интерактивті тапсырмалар;
● қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарына бөлу.
Химия (7–11 сыныптар)
Қазақ және орыс тілдерінде 486 сабақ:
● видео мен мәтін түріндегі материалдар;
● қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі терминологиялық сөздіктер;
● интерактивті жаттығулар мен зертханалық жұмыстар;
● қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарына бөлу
Сондай-ақ, twig-bilim.kz видеосабақтар ресурсын ұсынғалы отырмыз. Бұл білім беру кешені мектеп бағдарламасына енген химия, физика, биология және жаратылыстану пәндеріне арналған қызықты 1500 қысқа фильмнен тұрады. Фильмге арқау болған деректер әлемге танымал ВВС және NASA студияларының мұрағаттарынан алынды. Әр фильмге қосымша оқыту материалы ретінде иллюстрациялар мен диаграммалар, кестелер мен интерактивті тапсырмалар берілген. Аталған инновациялық платформа 19 тілге аударылып, 70-тен астам елдің білім беру жүйесіне енген. Тіл үйрену үшін де қолайлы платформа 2012-2017 жылдар аралығында бүкіләлемдік білім беру технологиялары көрмесінде (BETT) қатарынан үш рет үздік атанды.
Жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындалуға арналған жаттықтырғыш - ITEST
Жаңа сабақтар:
● Оқу сауаттылығы
● Математикалық сауаттылық
● Адам. Қоғам. Құқық
Жаңартылған дизайн және функционал
60 000 сұрақ
Қорытынды аттестаттауға дайындық
2018-2019 оқу жылындағы 4 міндетті пән:
● Қазақстан тарихы
● Эссе
● Алгебра және анализ бастамалары
● Қазақ және орыс тілі
11 профильді пән:
● Физика
● Химия
● Биология
● География
● Қазақ әдебиеті
● Дүниежүзі тарихы
● Информатика
● Геометрия
● Ағылшын тілі
● Орыс әдебиеті
● Француз тілі
● Неміс тілі
Жаңа iTest:
iTest.kz артықшылықтары
● тест сұрақтарының тараулар мен тақырыптар бойынша құрылымы;
● күрделілік деңгейі бойынша бөлінген тест сұрақтары;
● тақырыптар бойынша конспектілерді жүктеп алу мүмкіндігі;
● тақырып бойынша тестілер, пән бойынша тестілер және толық ҰБТ тестін жүктеп, сабақтарда таратпа материалы ретінде пайдалануға болады (жүктеу батырмасын басқан сайын жаңартылады);
● тестілеу статистикасы;
● қателермен жұмыс істеу мүмкіндігі;
● баламасы жоқ қорытынды аттестаттауға дайындық материалдары;
● оқыту бағыттары бойынша тест сұрақтары және тапсырмалары;
● аудиодәрістер, шешімі бар есептер, нұсқаулықтар және эссе үлгілері;
● тілдер бойынша емтихандар: тыңдалым,
оқылым, лексика және грамматика
Жаңа оқу жылында Bilim Media Group дербес оқыту компьютер-планшеті болып саналатынBilimBook құрылғысын ұсынады. Бұл
компьютер-планшеттің мазмұны (контенті) 40 000-нан астам интерактивті сабақтан,
миллионнан аса видеоанимациядан, 30 000-нан аса тест сұрағынан тұрады.
BilimBook – сыныпта да, үйде де пайдалануға ыңғайлы, оқушының танымдық деңгейін арттырып, зейіні мен бейімін шыңдайтын бірден-бір оқыту құрылғысы. Басты мақсат – қала мен ауыл баласы арасындағы цифрлық білім алуды теңестіру.
Бұл құрылғы Қазақстан мектептеріне интерактивті оқытудың жаңа сатысына көтерілуге мүмкіндік береді.
Әдістемелердің әр алуандығы мұғалімге оқыту үдерісін қызықты форматта жоспарлауға мүмкіндік бере отырып, оқу материалын жеңіл меңгеруге ықпал етеді; оқу модульдерінде иллюстративті материалдар көп, оның ішінде анимациялық роликтер, диаграммалар, кестелер, сызбалар, ойын түріндегі интербелсенді тапсырмалар.
Топтарға тапсырма
таратылады
7 мин
тапсырма: Әр топ берілген ресурстарды, АКТ-ы,
ноутбуктарын қолдана отырып, кез келген пән бойынша сабақ жоспарын құрады. Сабақ
жоспары Bilimland платформасының аудио,
видео материалдарын қолдана отырып жасалынады. Мұғалімдер өздерінің жеке
аккаунтары мен парольдерін қолданады.
<!--
[if !supportLineBreakNewLine]
-->
<!--
[endif]
-->
Топ мүшелері тапсырма
орындайды
Тапсырмаларын қорғау
Әр топқа 3-4 минут
Кері байлыныс 3 мин
1. Bilimland платформасын сабақты ұйымдастыруда қолданудың сіз үшін тиімділігі.
2. Bilimland платформасының қолданудың оқушы үшін ұтымдылығы.
Қорытынды 3 мин
Семинар тренингке 37 мұғалім қатысты. Семинар жағымды ахуалда
өтті, ал ресурстардың алуан түрлілігі мен оларды қолданудың қарапайымдылығы
тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Семинар ұйымдастырушысы ДОІЖО
Шатаева Камшат мұғалімдерді толғандырған өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға
жауап беріп, өз ұсыныстарын білдірді.
Семинар-тренингтерге қатысқан қызметкерлерінің bilimland.kz білім беру платформасындағы интерактивті сабақтар мен анимациялық фильмдерге деген қызығушылықтары жоғары болды.
Мектеп қызметкерлері bilimland.kz білім беру сайтындағы жаратылыстану ғылымдары бағытындағы химия, физика, биология пәндерінің интерактивті сабақтары мен виртуалды зертхана материалдарына ерекше назар аударды. Twig-bilim.kz сайтындағы үздік оқытушы дәрістер де тренингке қатысушыларды қызықтырды.
Қазақ тіліндегі бастауыш мектеп пәндерін толық қамтыған iMektep.kz сайтына да тренингке қатысушылар жоғары баға берді. Сонымен қатар, гуманитарлық бағыттағы интерактивті сабақтар мен қазақ және орыс тілдеріндегі аудиохрестоматиялар қатысушыларды бей-жай қалдырмады.
Биылғы жылы «Виртуалды зертхана» симуляторлары мобильді құрылғылармен үйлесімді HTML 5 негізінде қайта жасалып, жұмыс істеу жылдамдықтары артып, дизайны жаңарды. iMektep пен iTest-тің де дизайны жаңарды, мобильді құрылғыларда қолданылуы жақсарды. iMektep-тің сабақтары тартымды, көрнекті, қызықты бола түсті.
Тағы бір жаңалығымыз – bilimland.kz «Аудиохрестоматия» деп аталатын жаңа ресурспен толықты. Аудиохрестоматия – шетел және орыс әдебиетінің классикалық туындылары мен әлем халықтары фольклорын қамтыған жаңа ресурс.
Вilimland.kz платформасы – барлық жастағы балаларды оқытуға арналған курстардың жиынтығы ғана емес, жаңа заман мұғалімі мен оқушыға арналған көмекші.
BilimLand-пен бірге білім шыңына, арман асқарына бірге қанат қағайық!