2018 жылғы 12-23 қараша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанын (РАН) ұйымдастыру » СШ №25
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 345859
Есепші бөлімі:
+7(7262) 345859
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2018 жылғы 12-23 қараша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанын (РАН) ұйымдастыру
12
декабрь
2018

2018 жылғы 12-23 қараша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанын (РАН) ұйымдастыру

2018 жылғы 12 қараша күні «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанын (РАН) ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді.Науқанның ұраны: «Балалық шақ-мейірімділік мекені»

Ақпанның науқанның мақсаты: балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне қоғамның назарын аудару, балаларға қатысты қатыгездікке төзуге болмайтын қоғамның қарым-қатынасын қалыптастыру. Жоспар бойынша төмендегідей іс-шаралар жүргізілді.Мектеп сайтында«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанын (РАН) ұйымдастыру және өткізу бойынша хабарлама жасалды. 12-23 қараша аралығындаата-аналар мен оқушылар үшін тақырыптық стендтер жасалынды.

Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсететін мекемелердің байланыс деректері бар ақпараттық парақшаларды ДҚТІЖО

Р. Игиликова, мектеп психологі Б.Жолдасова, мектеп инспекторы Б.Альмухамедов таратып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әр түрлі нысаналы топтарға арналған (балалар және жасөспірімдер, ата-аналар және педагогикалық қызметкерлер): «Балаларға қатысты қатыгездіктің алдын алу. Мамандарға арналған жаднама», «Ата-аналар үшін жаднама», «Сенім телефоны. Көмекті қалай сұрау керек?», «Кімге жүгіну керек?», «Әр бала зорлық-зомбылықсыз балалық шаққа құқылы?», «Хабарласыңыз! Көмектесеміз!» т.б ақпараттық парақшалар шығарып, таратылды.

Көркем еңбек пәні мұғалімдері Г.Тулеуова, А.Бейсекулова, 5-9 сынып жетекшілері «Бақытты отбасы», «Зорлық- зомбылыққа төтеп берейік» тақырыптарында фотоконкурс ұйымдастырып өткізді. 12-23 қарашааралығында « Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына эссе байқауы болып өтті. І орын 10 «а» сынып оқушысы Б.Айтбазар, ІІ орын 9 «а» сынып оқушысы Ж.Серғалиева, ІІІ орынмен10 «а» сынып оқушысы М. Сейілхан марапатталды.19 қараша күні 9 сынып оқушыларына сынып жетекшілері Т.Тажимуратова, Ш.Умиралиева «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары » тақырыбында сынып сағатын өткізді.

6-8 сынып жетекшілері «Өкпелеу қорлаудан сақ балалар» тақырыбында сынып сағатын өткізді. 15 қараша күні ДҚТІЖО Р.Игиликова «Қоғамдағы, отбасындағы және мектептегі зорлық-зомбылық және бейбітшілік қағидаттары» атты мектеп мұғалімдерінің қатысуымен семинар ұйымдастырды. Психолог Б.Жолдасова «Тұрмыстық зорлық -зомбылық» тақырыбында дәріс оқыды.

«Жанұялық қарам қатынас», «Жанұялық оқиғалар» атта ойындар жүргізе отырып, жанұядаға қақтығыстар, түсініспеушіліктербалаға кері әсер ететіні жөнінде айтып өтті. Мектеп кітапханашысы А.Аширова «Балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездіктің алдын алу» мәселері бойынша әдістемелік, нормативтік құқықтық әдебиет көрмелерін ұйымдастырды.

ДҚТІЖО Р.Игиликова, ДТІЖО Ж.Туленбекова,1-11 сынып жетекшілері кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстардың, соның ішінде сексуальды сипаттағы қылмыстардың алдын алу мәселесі бойынша құқық қорғау органдарының қызметкері аумақтық инспектор С.Т.Журмухамедов, прокурор А.Жанкулов, мектеп инспекторы Б.Альмухамедовтың қатысуымен «Отбасындағы зорлық-зомбылық: балаға қалай көмектесуге болады?» ата-аналар жиналысы өткізілді.16 қараша күні әлеуметтік педагог Ш.Умиралиева, психолог Б.Жолдасова ата-аналар қауымдастығы үшін «Тыңдалуға құқық», «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермейік!» тақырыбында семинар - тренинг ұйымдастырды. Психолог Б.Жолдасова «Тұрмыстық зорлық -зомбылық» тақырыбында дәріс оқып және «Жанұялық қарам қатынас», «Жанұялық оқиғалар» атты ойындар жүргізе отырып, жанұядаға қақтығыстар, түсініспеушіліктер балаға кері әсер ететіні туралы жөнінде айтып өтті. 12-23 қараша ДҚТІЖО Р.Игиликова, Б.Альмухамедов мектеп ұжымы әлеуметтік қатерлі жағдайлардағы балалар мен отбасыларды анықтау мақсатында «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермейік», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» кең ауқымды ведомстволық рейдтерді ұйымдастырып, өткізді. Рейд кезінде әлеуметтік қатерлі жағдайлардағы балалар мен отбасылар анықталған жоқ. 24 қараша күні «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» психолог маманы Усербаева Айгерім Талғатқызы, полиция майоры Ғани Асранкулов, полиция майоры Д.Кинжеханова т.б қызметкерлері мектеп мұғалімдері мен жатақхана ата-аналарына егер сіз отбасыңызда қиын жағдайға тап болсаңыз, қатігездік көрсетілген болса, психологиялық күйзеліске ұшырасаңыз, барар жеріңіз болмаса орталыққа уақытша орналасуға және мамандардың қызметін алуға болады.

Сенім телефонына хабарласыңыз: 8( 7262)45-59-57, 87074630623 (тәулік бойы және анонимді). Ата-аналарға жаднама таратылды.

 

2018 жылғы 12-23 қараша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық  ақпараттық  науқанын (РАН) ұйымдастыру

 

 

 

 

 

2018 жылғы 12-23 қараша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық  ақпараттық  науқанын (РАН) ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив