10 қазан -20 қараша аралығында " Құқықтық білім беру " айлығы өткізіледі
№25 орта мектебінде 10қазан -20 қараша аралығында «Құқықтық білім беру» айлығы бойынша іс-шаралар өткізілді.
10 қазан-20 қараша аралығына «Құқықтық білім беру » айлығының іс-шаралар жоспары бекітіліп, бұйрық шығарылды. Сол жоспар бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді.10 қазан күні құқық бұзушылықтың, зорлық- зомбылықтың алдын алу және адамгершілік- жыныстық тәрбие беру мақсатында 7-11 сынып қыз балаларына «Жан-Нұр» ЖДО орталығы маманы Г.Б.Қалдыбаева мен ЖОСӨСҚМО «ЖШС» маманы Меруерт Оңғарбекқызы Кейкиева «Дене белсенділігінің пайдасы», «Психикалық денсаулық», «Қыздар бойжеткенде » тақырыбында тренинг өтізді. Тренинг мақсаты: Бойжеткендердің репродуктивті денсаулық бойынша білім деңгейін көтеру. Оқушы қыздарға жыныстық өмірдің ерте басталуы, қалаусыз жүктілік және аборт (түсік), АИТВ/ЖИТС, темекі шегу, есірткі және улы заттар қабылдаудың зияны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
11 қазан күні құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ПБ ЖПҚ КТІЖБ бастығы Н.Байтасов, полиция капитаны Б.Сейтбеков 6,7,8 сынып оқушыларына «ұялы телефонның зияны» мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, дәріс оқыды.
12 қазан күні «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында 8-9 сынып ата-аналарына, 13 қазан күні 2,3,4 сынып оқушыларыата-аналарына жиналыс өтілді. Жиналысқа 164 ата-ана қатысты. Ата-аналар конференциясында мектеп психологі Б.Жолдасова балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау керек, интернетке тәуелділік қалыптасуының алдын алу, мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту, баланың өзін-өзі бағалауын арттыру, ойын, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілдері жөнінде айтылды. Баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің «Жеті шектеу» ережесі, ҚР бала құқығы жөніндегі уәкілдің-балалар мен жастарға арналған ұлттық Сенім телефоны мен ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сенім телефондары таныстырылды. «Үндеу», «Менің Қазақстаным», «Балалар және интернет-қауіпсіздік жолдары», «Балалар және дін», «Тату отбасы-бақытты бала-гүлденген ел», «Әке, мені вальске шақыр!», «Анасы мен қызы», «Балаларымыздың болашағы-біздің қолымызда» тақырыбындағы бейнекөріністер көрсетілді. Мектеп директоры А.Абашова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Оршыбек Нұрбек Әбубекұлының үндеу хатымен таныстырды, сауалнама толтырып, жаднама таратылды.
Әр аптаның сәрсенбі күндері Мектеп инспекторы Б.Альмухамедов, мектеп психологы Б.Жолдасова, ДҚТІЖО Р.Игиликова ұстауға тыйым салынған заттарды (пышақ, қайшы, үшкір заттар, смартфондар) тәркілеу мақсатында 1-11 сынып оқушылары арасынада рейд ұйымдастырылды. Пайдалануға тыйым салынған заттарды тәркілеу мақсатында әр аптаның жұма күндері 1-11 сынып оқушыларына рейд ұйымдастырылды.





