Мерекелік іс-шаралар
2018 жылдың 12 қаңтары күні Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» мақаласының аясында «Бүгінгі түлек-ертеңгі тірек» жобасын іске асыру мақсатында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енген, Республикамыздың мақтанышы, мектебіміздің 1980-1981 жылғы түлегі Рио-де-Жанейро қаласында өткен ХV жазғы Паралимпиадалық ойындарының жүзуден жеңімпазы Габидулина Зульфия Раухатовнамен мектеп оқушылары арасында кездесу өткізілді. 10 «А» сынып оқушылары өздері шығарған «Чемпионға арнау» өлеңдерін жолдап, гүл шоқтарын тапсырды. Мектеп директоры А.Абашова Зульфия Габидуллинаның біздің мектептің түлегі чемпион болғанына қуанышты екендігін білдірді. Оқушылар өз ойларында жүрген сауалдарын қойды. 5 «А» сынып оқушысы Несіпбай Ерасыл «Жаса Қазақстан», 3 «А» сынып оқушысы З. Байдалы «Көгершін» әнін арнады. Бүгінде 156 медаль, 200 мадақтамасы бар Зульфия Раухатовнаның жеңістері туралы слайд, бейнекөріністер көрсетілді. 9 «А» сынып оқушысы Л.Алпысбай өзінің болашақта З.Габидулинаны үлгі тұтатыны, чемпион болғысы келетіні жөнінде 77, Жамбыл телеарнасына сұхбат берді. Мектеп директоры А.Абашовадан 77, Жамбыл телеарналары сұхбат алды. Жамбыл – Тараз, Білім шырағы тілшілері қатысты. Оқушылар, ұстаздар естелікке суретке түсті.