09
сентябрь
2024
"Цифрлық ұстаз" жобасы
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі №659 Қаулысын орындау шеңберінде ҚР Үкіметі бастамасымен оқу процесін цифрландыру аясында тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар үшін «Цифрлық ұстаз» жобасы іске асырылады.
Жобаның мақсаты: тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға қосымша сабақтар жүргізіп, үлгерімін көтеруге, білімдегі олқылықтарды толтыруға, күрделі және көлемді тақырыптарды меңгеруге, бітіру емтихандарына дайындалуға көмек көрсету.
Жоба негізінде мектебімізде 8-11- сынып білім алушыларына қосымша қашықтан сабақтар ұйымдастырылуда. Сабақта 6 негізгі пәндер: алгебра, геометрия, химия, физика, биология, Қазақстан тарихы оқытылады. Оқушы осы пәндердің ішінен 2 таңдалған пән бойынша білім алады.
Қосымша сабақтар қолжетімді цифрлық платформаларда цифрлық білім беру ресурстарын және бейне сабақтарды қолдана отырып, қашықтан оқыту форматында өткізіледі;
Әрбір пән бойынша сабақтар аптасына 2 сағат онлайн форматта, зум платформаларында және айына 1 рет офлайн форматта сабақтар жүріп отырады.
Жобаға сәйкес сабақтарды өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарды негізге ала отырып сабақ жоспарлары жасалды, мұғалімдері бекітілді.
Сонда әр оқушы 2 пәннен 2 рет сабақ өтеді, жалпы аптасына 4 сабақ өткізіледі және айына 1 мәрте офлайн форматта кеңес беру сабақтары өткізіледі. Офлайн сабақ мектепте, құрылған кесте бойынша өтіп отырады.