2018-2019 оқу жылының I тоқсан бойынша атқарылған » СШ №25
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2018-2019 оқу жылының I тоқсан бойынша атқарылған
01
ноябрь
2018

2018-2019 оқу жылының I тоқсан бойынша атқарылған

1.09.2018 ж «Білім күніне» байланысты салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді.Мектебімізге ардагер ұстаздар О.Қаңлыбаев, Қ.Сейтбеков, Р.Нарматова, Ұ.Нақыпбекова, Б.Әлекеева оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, 1 сынып оқушыларының алғашқы мектеп табылдырығын аттауына зор ықыластарын танытты. Ардагерлерімізге гүл шоқтары тапсырылып,құрмет көрсетілді.
1 сыныпқа қабылданған оқушыларды тазалық пен еңбекқорлыққатәрбиелеу
мақсатында «Бір бала-бір ағаш» акциясы бойынша мектеп ауласына 12 ағаш
отырғызылды.

ТШО орталығына оқушыларды бағыттау мақсатындағы саяхат
жұмысы бойынша мәлімет
2018-2019 оқу жылының қазан айында 5-8 сыныптардан 84 оқушымен ТШО орталығына саяхат жасадық .Саяхат барысында оқушылар «Тоқыма бұйымда-рының технологиясы», «Қол өнер технологиясы», «Құрастыру және үлгілеу(тігін)технологиясы», «Логикалық математика» атты үйірмелердің жүргізілу барысымен танысты.Үйірме жетекшілерімен, үйірмет мүшелерімен сұхбатта-сып, түрлі қолөнер бүйымдарымен танысып қайтты.Саяхат барысында оқушы-лардың үйірмеге деген қызығушылықтары артып қатысуға деген бесенділіктерін білдірді.
Жолда жүру айлығының салтанатты жиынында 1-8 сыныптар бойынша«Назар
аудар,бағдаршам!»атты командалық сайыста жеңіске жеткен сыныптар
марапатталды.

Ұстаздар мерекесінде«Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбындағы
мерекелік іс-шараға ардагер ұстаздар шақырылды

ҚР президенті Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының
өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбында атты Қазақстан
халқына жолдауын мектеп ұжымымен талдау жиыны



«Кемелді келешекке – кемеңгер Елбасымен!»атты «Жас Ұлан»«Жас Қыран» ұйымына қабылдау туралы мәлімет
Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына мектебіміздің үздік, сонымен қатар белсенді оқушыларын ұйымға қабылдау мақсатында 2018 жылдың 22 қазан күні сағат 13:00 – де 35 «Жас Қыран», 25 «Жас Ұлан» мүшелері ұйымға қабылданды.

Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімі мен 25 орта мектебінің Жас Ұландар ұйымының мүшелері мүгедектер мен қарттарға арнаулы көмек көрсету бағдарламасы бойынша 5-6-4 тұрғыны Тыл ардагері Кулачихина Зинаида Феодоровна (1927 жылғы) 5-6-2 тұрғыны (1940жылғы) Потанина Валентина Викторовнаға барып түрлі тағамдар апарып ән-жырмен көңілдерін көтеріп,баталарын алып қайтты

24.10.2018 ж. Қала күніне орай комуналдық пәтерлер қауымдастығымен
өткізілген мерекелік іс-шара өткіздік. Іс-шараға мектеп оқушылары
тарапынан ұйымдастырылған концерттік бағдарлама қойылды.


«Күз – береке» атты жәрменке өткізілді

11 «А» сынып оқушысы Есбергенова Арай Италия мемлекетінде өткен әлемдік Кигбоксингтен
3-орын қола жүлдегері атанды


4 «Ә» сынып оқушысы Мусамат Айжан Қалалық «Тараз - тарихи мекенім» тақырыбындағы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық байқауының жеңімпазы

«Кемелді келешекке – кемеңгер Елбасымен!» атты қалалық
«Жас Ұлан» «Жас Қыран» ұйымына қабылдау
форум туралы мәлімет
30.10.2018 ж. күні қалалық мәдениет үйінде «Кемелді келешекке – кемеңгер Елбасымен!» атты форум болып өтті. Форумға қалалық білім бөлімінің басшысы М.Қ.Жинақбаева, Ұ.Б.Баялишева, О.Саймасаев сынды ардагер ұстаздар да қатысты. Форум барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген іс – шараларға белсене қатысқаны үшін мектеп көшбасшысы Н.Сейтбек Алғыс хатпен марапатталды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген қалалық «Жас – Қыран» әскери – спорттық ойынында «Қаруды жинау және бөлшектеу» кезеңі бойынша І орын, «Гранатты арақашықтыққа лақтыру»кезеңі бойынша І орын, жалпы мектеп командасы жүлделі ІІ орынмен марапатталды.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив