2019-2020 оқу жылында қамқоршы бағымындағы балалардың көктемгі тексерілуі туралы АНЫҚТАМА
2019-2020 оқу жылында қамқоршы бағымындағы балалардың көктемгі тексерілуі туралы
АНЫҚТАМА
Тексерудің мақсаты: Қамқорлықтағы балалардың үй-тұрмыс жағдайын зерделеу.
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған ,жетім балаларды анықтау және есепке алу Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы заңына негізделіп жүргізіледі. Оқу жылының басында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар анықталды. Жылына үш рет қыркүйек, қаңтар, мамыр айларында әр баланың үй-тұрмыс жағдайын зерделеу актісі жасалынып, қамқоршылардан есеп алынады.
Әрбір қамқорлықтағы оқушылардың жеке құжаттарының көшірмесі, баспана алу үшін кезекте тұру анықтамалары жинақталған. Қорғаншы тәрбиесінде -4 бала бар. Мектеп жасында-4.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы қысқаша мәлімет берсек. Олар:
1. Нұралы Сұңқар Ерланұлы 26.07.2009 жылы туылған, жетім. Ата-анасы қайтыс болған. Қорғаншылық берілген мерзімі 13.10.2014 ж. Қорғаншы Тлеумбетова Жанара Макишевнаның (нағашы әпкесі) тәрбиесінде.
4 «А» сыныбында оқиды, сабақ үлгерімі жақсы. Мекен-жайы: 5 мөлтек ауданы 7 үй 54 пәтерде тұрады. Тексеру барысында анықталғаны пәтер үш бөлмелі. Пәтер күрделі жөндеуден өткен, санитарлық-гигеналық жағдайы талапқа сай, тұрмыс жағдайлары орта. Жалпы оқыту қорынан Сұңқарға сырт киім, аяқ киім, бас киім, мектеп формасы, ақ жейде, сөмке берілді, ақысыз ыстық тамақпен , кітаппен қамтамасыз етілген. Сұңқарға жағдай жасалынған.
2. Рауанұлы Ақниет 24.08.2008 жылы туылған, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. Анасы Аширова Динара Инкаровна қайтыс болған, әкесі Райымкулов Рауан Амантаевич әкелік құқығынан айырылған. Қорғаншылық берілген мерзімі 24.09.2012ж. Қорғаншы Еркебекова Шолпан Мырзагельдиевнаның (әжесі) тәрбиесінде. 5 «А» сыныбында оқиды, сабақ үлгерімі жақсы. Мекен-жайы: 2 мөлтек ауданы 16 үй 84 пәтерде тұрады. Тексеру барысында анықталғаны пәтер үш бөлмелі. Пәтер күрделі жөндеуден өткен, санитарлық-гигеналық жағдайы талапқа сай, тұрмыс жағдайы орта. Балаға жағдай жасалынған. Жалпы оқыту қорынан Ақниетке сырт киім, аяқ киім , бас киім, мектеп формасы, ақ жейде, сөмке берілді, ақысыз ыстық тамақпен, кітаппен қамтамасыз етілген.
3. Салманова Гаухар Бақытбекқызы 11.09.2008 жылы туылған, жетім. Некесіз туылған. Анасы Салманова Сәуле Мусаевна қайтыс болған. Қорғаншылық берілген мерзімі 27.08.2010 ж. Қорғаншы Салманова Сарсенкуль Мусаевнаның (нағашы әпкесі ) тәрбиесінде. 5 «Ә» сыныбында оқиды. Мекен -жайы: 10 мөлтек ауданы 4 үй 107 пәтерде тұрады. Тексеру барысында анықталғаны пәтер бір бөлмелі. Пәтердің санитарлық-гигеналық жағдайы талапқа сай, тұрмыс жағдайы орта. Нағашы әпкесі Гаухардың тәрбиесіне көңіл бөліп, сабағын күнделікті қадағалап отырады, сабақ үлгерімі орта. Жалпы оқыту қорынан Гаухарға сырт киім, аяқ киім, бас киім , мектеп формасы, ақ жейде, сөмке берілді, ақысыз ыстық тамақпен , кітаппен қамтамасыз етілген.
4. Махмудов Руслан Муслимович 16.07.2007 жылы туылған, жетім. Некесіз туылған. Анасы Махмудова Тахмилья қайтыс болған. Қорғаншылық берілген мерзімі 27.03.2009ж. Қорғаншы Кучалиева Патима Жамаловнаның (әкесінің шешесі ) тәрбиесінде. 7 «Ә» сыныбында денсаулығына байланысты үйде оқытылады, сабақ үлгерімі орта. Мекен- жайы: 7 мөлтек ауданы 22 үй 36 пәтерде тұрады .Зейнеткер әжесі баланың сабағы мен тәрбиесін өз қадағалауында ұстайды, тексеру барысында анықталғандай тұратын жайлары екі бөлмелі, пәтер жөндеуден өткен ,таза. Бөлменің тазалығы гигеналық талапқа сай ,оқушының киімдері мен құрал жабдықтары ұқыпты жинақталған, тұрмыс жағдай орта. Жалпы оқыту қорынан Русланға сырт киім және аяқ киім берілді. Әжесі немересіне дұрыс тәлім-тәрбие беруде.
2019 жылдың желтоқсан айында қамқорлықтағы 4 оқушыға «Амир» ЖШС құрылыс компаниясының басшысы Шаңбаев Алмаз Рахымұлы және «Аль-Мансур» құрылыс компаниясының басшысы Мамбет Сайлауұлы Сағымбековтердің демеушілік көмек көрсетуімен жаңа жылдық сыйлықтар берілді.
Шешімге ұсыныс:
1.Әлеуметтік педагог Ш.Умиралиеваның анықтамасы назарға алынсын.
2.Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ұжым тарапынан әрдайым қолдау көрсетілсін.