Бракераждық комиссия
- Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі бракераж комиссия мүшелерінің асхананың жалпы жұмысын тексеру.
Сөйледі: Бракераж комиссияның төрайымы мектеп директоры А.Р.Сейдалиева
2026-2027 оқу жылы бойынша тексеру жұмыстарының нәтижесінде қазіргі таңда мектеп асханасында оқушылардың бір мезгіл тегін ыстық тамақтануына барлық жағдай жасалғаны туралы айтты.
Сөйледі: мектеп медбикесі Жұмашева М асхананың жалпы санитарлық тазалығын, тағамдардың дайындалуы, өнімдердің сақталуы және жарамдылығы, күнделікті ас мәзіріне сәйкес тағамдардың берілуі қыркүйек айында талапқа сай жүргізіліп отырғандығын айтып өтті.
Сөйледі: директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары Р.Игиликова күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде қаралып, ыдыстардың жарамдылығы, оқушылардың күнделікті тамақтануы және кезекшілердің кесте бойынша жұмыстарын қыркүйек айында жүйелі атқарылуын толықтай бақылауында ұстағанын атап өтті. Бір ай бойы тамақтану сапасын бақылау бойынша бракераж комиссиясының тексеру жұмыстарының қорытындысы «Мектептік тамақтандыру» айдарына салынып отыратынын атап кетті.