2018 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету
стандартының қорытындысын талдау
ЕС Е Б І
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 1 қосымшасына сәйкес 18 мұғалімнен 2- педагог-зерттеушіге, 8- педагог-сарапшылыққа, 8- педагог- модераторлыққа өтініш қабылданды.
Аттестатталушы адамдар ұлттық біліктілік тестілеуінен өту үшін осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тестілеуге қатысу үшін 18 мұғалімнен өтініштер қабылданды.Ұлттық біліктілік тестілеуіне қатысу үшін өтініш берген мұғалімдерге осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсатнама берілді.
Өтініш берген мұғалімдерге осы Қағидалардың 8- қосымшасына сәйкес ұлттық біліктілік тестілеуден өткендігі туралы анықтама берілді.Тестілеуді табысты тапсырған 1-педагог-зерттеуші, 6- педагог-сарапшы, 6- педагог- модератор аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберіліп,аттестатталушы мұғалімдердің біліктілік санаттарын беру осы Қағидалардың 18- қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктерді тіркеу журналына тіркеліп, табысталды.
2018 жылдың 20 мамырында "Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылдың 17 қазандағы №530 бұйрығына сәйкес осы Қағидалардың 1- қосымшасына нысан бойынша жоғары санатты растауға -1, бірінші санатты растауға-1 ,екінші санатты бекітуге- 6 аттестатталуға тұлғалардан өтініш қабылданды. Сонымен қатар, 2018 жылдың 29 маусымындағы №316 бұйрығының қағидалары мен шарттарына сәйкес 5- педагог –зерттеушіге,3- педагог- сарапшыға, 6- педагог –модераторлық біліктілік санаттарына өтуге өтініштерқабылданып, қолхаттар беріліп, табысты тапсырған 3-педагог-зерттеуші, 2- педагог-сарапшы, 4- педагог- модератор аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілді.
Қазақстан Республикасың Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына 1-қосымшасына сәйкес, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 2018 жылдың қаңтары мен желтоқсан аралығында мектепке осы стандартына 1-қосымшаға сәйкес 55 оқушының ата-анасының өтініштері мен оқушылардың құжаттары қабылданып, мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берілді.
"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес редакцияда жазылған Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларының 10-тармағы бірінші бөлігінің қолданысқа енгізілуі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын, барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, барлық жеті жастағы балалардың және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді." деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын» редакцияда жазылған өзгерістерге сәйкес, 2018-2019 оқу жылында 1 сыныпқа 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін туылған балалар қабылданды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына 3-қосымша «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының ережелеріне сәйкес 2018 жылдың қаңтары мен желтоқсан аралығында 4 жеке тұлғадан осы аталған қосымшаға сәйкес қабылданған өтініш негізінде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін берілді. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша 4 тармақта көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 15 жұмыс күні аралығында нәтижелері беріліп, осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету стандартының 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін толық ұсынған жағдайда негізгі орта білім туралы куәліктің телнұсқасы, жалпы орта білім туралы
аттестаттың телнұсқасы берілді.
2018 жылы « Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты туралы
ҚазақстанРеспубликасының «Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «25» желтоқсандағы №650 бұйрығына 12- қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына 14- қосымша «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» стандартының 1-қосымшасында көрсетілген үлгі бойынша жеке тұлғалардан өтініш алынып, 2-тарау, 6-тармағына сәйкес 2018 жылдың мамыр айында
120 оқушыға мектеп жанындағы, 82 оқушыға қала сыртындағы лагерьлерге жолдама берілді.
2018 жылы «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты туралы
ҚазақстанРеспубликасының «Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «25» желтоқсандағы №650 бұйрығына 6- қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына 6- қосымша «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты бойынша 2018 жылдың қыркүйек айында 191 жеке тұлғадан « Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген үлгі бойынша өтініш алынды.
Мемлекеттік қызмет алушыдан №198 бұйрықтың 6-қосымшасы 2-тарауындағы 9- тармағына сәйкес құжаттар қабылданып, «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік стандартына 1-қосымшасына сәйкес, мемлекеттік қызмет алушыларға «Жалпы білім беретін мектептерде жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» туралы анықтама берілді.
Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
«Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін қызметтер стандарттарыны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015жылғы 8 сәуірдегі №174 бұйрығы бекітілген 4-қосымшаға сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқуды ұйымдастыру үшін» құжаттары мен 7-оқушының ата-анасының өтініштері қабылданды.
2015жылғы 8 сәуірдегі №174бұйрығының 2 тарауының 9 тармақшасында көрсетілген тізбеге сәйкес қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар қабылданды.