Құқықтық білім беру айлығы
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің №25 орта мектебі» КММ
080009, Тараз қаласы, Қарасу (5) мөлтек ауданы, №28, тел: 34-58-59, school25-08@mail.ru
Білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес оқушы мен ата-аналардың сауаттылығын арттыру , мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Құқықтық білім беру» айлығы бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы
Анықтама!
Білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес оқушы мен ата-аналардың сауаттылығын арттыру , мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Құқықтық білім беру» айлығы бойынша жүргізілген іс-шаралар бойынша төмендегідей іс – шаралар жүргізілді. 2022 жылдың 28 қаңтар күні «Құқықтық білім беру» айлығының іс-шаралар жоспары бекітілді. 28-31 қаңтар аралығында «Құқықтық білім беру» айлығының өтетіндігі туралы ақпараттандыру, әлеуметтік желі мектеп интернет ресурстарында жарияланды. 1 ақпан күні «Құқықтық білім беру» айлығының ашылу шарасын ДҚТІЖО Р.Игиликова, әлеуметтік педагог А.Ермаханова, психолог Б.Жолдасовалардың ұйымдастыруымен 2 этажда линейка жасалып,оқушылар мен сынып жетекшілерге айлықтың жоспарымен таныстырып өтті. Мектептің кіре берісін әдістемелік құрал, нұсқаулық, ақпарат парақшаларымен безендіріп, стенд жасалды. Кітапханада кітапханашы А.Аширова «Бала құқығы» тақырыбында бұрыш жасады.



https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=653989622321455&id=100031312696834&sfnsn=mo
Акт залында Тараз қаласы 85395 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері оқушылармен кездесіп, оқушылардың бойына Отанға, туған жерге деген патриоттық тәрбие бағытында әңгімелер жүргізілді.


«Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» айлығының жұмыс жоспары бойынша мектеп мөлтек ауданына, компьютерлік клубтарға, «Қайқармет» базарына психолог Б.Жолдасова, әлеуметтік педагог А.Ермаханова, ДҚТІЖО Р.Игиликовалар рейд жасады. Қаңғыру мен қайыр сұраудың алдын алу, ПБЗ қолданудың және суық қару алып жүрудің алдын алу бойынша мектеп әкімшілігі мен педагогтар 4,11,18, 25 ақпан аралығында рейд жұмысын жүргізді. Рейд барысында Тараз қалалық полиция басқармасының 2022 жылдың І тоқсанына арналған іс-шарасы жоспарына сәйкес қала аумағында «Жасөспірім» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. 17-19 ақпан күндері мектеп педагогтарымен, ата-аналарынан кезекшілік жұмыстары ұйымдастырылды. Мектеп аумағы, 20,24,25 жатақхана маңайына, кафелерге рейд жүргізілді. Кезекшілік кезінде құқық бұзушылық фактісі орын алған жоқ.




1-7 ақпан аралығында білім алушылардың заңға бағынатын тәртібін, құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында 5 «а», 5 «ә», 5 «б» сынып оқушыларымен ДҚТІЖО Р.Игиликова, инспектор Н.Абдимажит, Тараз қаласы бөлім прокуроры, мобильдік топ жетекшісі С.Абидов және 5 сынып жетекшілері қатысып, «Кәмелетке толмағандарға қатысты жазаның түрлері. Балаларға арналған арнайы мектеп», 6 сынып білімалушылары «Құқық пен құқық бұзушылық» тақырыптарында дәріс, әңгіме, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік желіде жарияланды.



https://m.facebook.com/story.phpstory_fbid=662844138102670&id=100031312696834&sfnsn=mo
Ақпан айының 7-11 аралығында білім алушыларға құқықтық білім беру мақсатында 1-4 сынып білім алушыларға «Бала құқығы туралы Конвенция», «ҚР бала құқығы», 5-8 сыныптарға «Шалыс қадам» Құқықтық әкімшілік жауапкершілік, 9-11 сыныптарға «Кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық және әкімшілік жауапкершілігі» тақырыптарында сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді.



https://m.facebook.com/story.phpstory_fbid=441895500999403&id=100055368715525&sfnsn=mo
2022 жылдың 10 ақпан күні мектеп кітапханашысы А.Аширова «Жасөспірім шақ» тақырыбында пікір сайыс өткізді. Пікір сайысқа Ауған соғыс ардагері, Құрмет орденінің, «Алтын жүрек номинациясының иегері, қоғам белсендісі Ермеков Дүкенбай Сайлаубекұлы қатысып оқушылардың бойында патриоттық, Отансүйгіштік, адамгершілік бағытында тәрбиелеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп инспекторы Н.Абдимажит, ДҚТІЖО Р.Игиликова қатысып құқықбұзушылықтың алдын алу «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127, 440, 442 баптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара әлеуметттік желіде жарияланды.



https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=663469884706762&id=100031312696834&sfnsn=mo
11 ақпан күні құқық бұзушылықтың алдын алуға және білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Құқықтық мәдениет» тақырыбында Ашық есік күні өткізілді. Ата-аналарға хабарланып, мектеп сайтына жарияланды.



http://25-taraz.mektebi.kz/main/228-yty-mdeniet.html
12 ақпан күні « Білім алушылардың интернет желісінде қауіпсіздікті сақтауы, интернетке тәуелділіктен сақтану, құқыққа қарсы әректтен сақтандыру» тақырыбында ДҚТІЖО Р.Игиликова дәріс оқыды.



14 ақпан күні «Құқықтық сана-қуымға пана» жобасы аясында білім алушыларға жанұялық, адамгершілік-жыныстық тәрбие беру бойынша.9-11 сынып оқушыларымен «Гендерлік теңдік, гендерлік зорлық зомбылық, ерте және зорлық-зомбылықты неке» тақырыбында «Жан-Нұр» ЖДО орталығының маманы Г.Қалдыбаева дәріс оқыды, бенекөрініс көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратты. Кездесуге медбике М.Жұмашева, ДҚТІЖО Р.Игиликова.


15 ақпан күні мектеп психологы Б.Жолдасова қиын отбасылар мен құқық бұзушылыққа бейім білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ата-аналарға әдістемелік, ақпараттық , анықтамалық құралдар әзірлеп, әлеуметтік желі, байланыс чаттар арқылы проофилактикалық постерлер таратылды. «Менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында тренинг өткізілді.
17-22 ақпан аралығында 2020-2022 жылдарға арналған «Жол картасының» кешенді жоспарын іске асыру мақсатында 8-11 сынып білім алушылары арасында «Өз тұлғаңды дамыт!», «Өзіңді буллингтан, зорлық-зомбылықтан сақта!» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді.


blob:https://web.whatsapp.com/46c39ae1-9214-4fa4-a832-a6da39d490e1
Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша 2022 жылдың 18 ақпан күні кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, оларға қатысты жасалынатын қылмыстардан сақтану шараларын түсіндіру бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 127, 440, 442 баптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізді. Ата-аналар жиналысына ата-аналар комитетінің төрайымы А.Қосарова қатысты.


http://25-taraz.mektebi.kz/roditelyam/229-kmeletke-tolmaandar-arasynday-y-bzushyly-pen-ylmysty-aldyn-alu.html
Құқықтық білім беру айлығы шеңберінде атқарылған жұмыстарды әлеуметтік желіде жарияланды.
Мектеп директоры А.Абашова