PISA-2025 » СШ №25
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 345859
Есепші бөлімі:
+7(7262) 345859
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ноябрь
2024

PISA-2025

PISA-2025 циклындағы жаңашылдықтар
Жаратылыстану сауаттылығын бағалауға арналған алдыңғы PISA циклдерінің тұжырымдамалары білім берудің нәтижесі және жаратылыстану ғылымдарын бағалаудың басты түсінігі ретінде «жаратылыстану сауаттылығы» түсінігін енгізді. PISA 2025 циклінің тұжырымдамасы бұдан кеңірек. Құжаттың басты назары математика мен оқу сауаттылығына арналған тұжырымдамалармен сәйкестендіру үшін «жаратылыстану сауаттылығына» емес, жаратылыстану ғылымдарының жалпы оқу нәтижелеріне аударылады.

2025 циклдің тұжырымдамасын әзірлеу кезінде алдыңғы циклдердегі екі құзырет («Ғылыми зерттеуді бағалау және жобалау» және «Деректер мен дәлелдерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру») бір құзіретке біріктірілді: «Ғылыми зерттеу үшін жобаларды құру және бағалау, ғылыми деректер мен дәлелдерді сыни тұрғыдан интерпретациялау». Бұл өзгеріс жобалауды бағалауға көбірек көңіл бөлу үшін жасалды, өйткені эксперименттерді жобалаумен көп адамдар айналыспайды және екі құзырет те зерттеуге қатысу процесінің бөлігі ретінде қарастырылды.

Қазіргі уақытта қоғамда ақпарат көздерінің басым бөлігі Интернеттен болса, оның ішінде жаратылыстану ғылымы басым болып келеді, бұл білім алушыларға «шешім қабылдау және әрекет ету үшін ғылыми ақпаратты зерттеуге, бағалауға және пайдалануға» үйрету маңыздылығын айқын көрсетеді. Сол себепті осы үшінші жаңа құзырет қосылды.

Құзіретке әсер ететін эмоционалды факторлар бойынша біраз өзгерістер орын алды: зерттеудің назары жаратылыстану ғылымдарына деген көзқарастан «жаратылыстану ғылымдары бойынша өзіндік ұстаным» деген кеңірек түсінікті зерттеуге бағытталды. Бұл түсінік білім алушылардың жаратылыстану ғылымдарына қатысуын жан-жақты сипаттай алады.

Соңында назарымыз тұрақтылық пен қоршаған орта туралы білімге бағытталады. Бұл элементтер «Антропоцен дәуірінде әрекет ету қабілеті» түсінігіне кіріктірілді, және бұл тұжырымдама осы түсініктің элементтері болып саналатын құзыреттерді анықтайды және олар PISA 2025 циклінде бағаланады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив