02
июнь
2018
2017-2018 оқу жылының ғылыми – әдістемелік жұмысының есебі

Мектептің ғылыми -әдістемелік жұмысының тақырыбы
«Жеке тұлғаға бағытталған оқыту мектепті дамыту және тұлғаның өзін-өзі дамыту құралы ретінде»
Тақырыпты ендіру кезеңдері.
І кезең 2017-2018 оқу жылы
1.Педагогикалық іс- әркет мазмұнының өзгеруі бойынша мұғалімдердің теориялық әрі практикалық дайындығын арттыру. Оқушының жеке шығармашылық қабілетін ашуды көздеген алгоритмдік әркеттегі мониторинг енгізу. Жыл бойы әр оқушыға психологиялық педагогикалық, диагностикалық анализ жасау.
2.Сынып құрылысы әр сыныпта күшті, орта және әлсіз бөлімдерді анықтау.
3.Мұғалімдерді «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында 1,2,5,7-сыныптарды енгізу» бойынша оқыту.
-Жаңартылған білім беру бағдарламасы;
-Оқу үрдісіне тәжірибеге енгізу;
-Оқу мақсаттарын анықтау жолдары;
-SMART мақсат жасау;
-Оқу мақсаттарына жету технологиялары;
-Еске түсіру, оқыту циклы, оның құрылысы;
-Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану;
-Шығармашылық потенциалдық өсуі мен психологиялық емін – еркінділікті және мидың шапшаңдылық қабілетін арттыруды көздеген биоақпараттық, түрлі деңгейлік оқыту технологияларының қарқынды түрлерін енгізу;
-Жаңа үлгімен сабақ жоспарын пәндерге құру және оларды апробациялау.
4.Мұғалімдерді, оқушыларды зерттей, іздене оқыту негіздермен таныстыру;
5.Критериалды бағалауды жоспарға енгізуді бақылау;
6.Мектеп базасында педагогикалық ғылыми іздену бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру;
7.Мұғалімдерді педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу мәселері бойынша оқытудың және оның бағдарламасын жасауға тарту.
ІІ кезең 2018-2018 оқу жылы
1.Жаңартылған білім беру бағдарламасына ену процесінбасқару орталығы мен мектеп кеңесінің жұмысын жетілдіру;
2.Білім беру саласындағы мониторинг жүйесін жетілдіру;
3.Пән мұғалімдерінің әрекеттерін жетілдіру;
4.Танымдық клубтарының жұмысын дамыту;
5.Оқушыларға бағдарламадан тыс төмендегі пәндерді оқып білуге мүмкіншілік жасау (өз қалаулары бойынша);
Психология
Өзін-өзі тану
Сөз шешендігі
Этнография
Экология
6.Оқушы жеке басының қажеттілігін, қауіпсіздігін, ойын, қарым-қатынасын, танымдылығын қанағаттандыратын оқыту технологиясына көшу;
7.Мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық деңгейін дамытатын мәселелерді зерттеу. Аталмыш мәселелері бойынша бағдарламаның тұтас жиынтығын жасау;
8.Мұғалімдер мен оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
9.Зерттеу тәсілдерін оқыту үрдісінде пайдалану (дарынды балалармен жұмыс және оқушылардың креативті ойлауын дамыту үшін);
10.Тәжірибелі жұмыс нәтижелері және оны қорытындылау.
ІІІ кезең 2019-2020 оқу жылы
Оқушыны жекелей дамытуды көздеген педагогикалық технологиялардың негізі мен жиынтығын анықтауда, мектеп пен оқушы арасындағы горманизацияны ашуда, сонымен қатар жеке басты оқыту технологияларына жататын түрлі деңгейлік варианттарын, модульдік
биоақпараттық оқыту технологияларын өңдеп, технологиялық режимде жұмыс істейтін мектеп модулін құру.
Белгіленген тақырып бойынша зерттеу тақырыптарын құру:
І топ – теориялық - әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ету;
ІІ топ – мониторингті құру және өңдеу;
ІІІ топ – оқушының педагогикалық және психологиялық диагностикасын жасау;
ІV топ – оқу-тәрбиесі саласының педагогикалық диагностикасын жасау;
V топ – оқушының жеке басымен мектеп ұжымының өзара іс-әрекетінің модульдік басқару саласында дайындау;
Мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты: Мұғалімнің ғылыми- педагогикалық білімін тереңдетіп, іскерлік шеберлігін арттыру.
Міндеттері:
Ғылыми әдістемелік орталықтың жұмыстарын ұйымдастыру:
1.Оқу үрдісін ғылыми - әдістемелік жұмыспен қамтамасыз ету;
2.Педагог кадрлардың біліктілігін жоғарылату барысындағы жұмыстарды өткізу;
3.Бірлестіктің жұмыс жүйесіне бағыт – бағдар беру;
4.Бағдаралды, бағдарлы дайындық сыныптарының жұмысын ұйымдастыру;
Күтілетін нәтижесі:
-Мұғалімнің ғылыми-педагогикалық білімі артады;
-Іскерлік шеберлігі артады;
-Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі артады.
Нәтижелік критерийлері:
1.Мектеп ортасына келген оқушылардың сезімдік әрекеттерінің жоғарғы деңгейде қанағаттанушылығы.
2.Шаршаудың төмендегі, физиологиялық статусының өсуі;
3.Психологиялық қорғану аумағының кеңеюі. Әлеуметтік қажеттілік пен коммуникабельдіктің артуы;
4.Есте сақтау және ойлау қабілетінің, екпінділігінің қарқындауы;
5.Оқушылар шығармашылығының белсенділігі және олардың білім сапасының артуы;
6.Мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттерге психологиялық дайындығының артуы;
7.Мұғалімдердің оқушыларға психо-педагогикалық әдістермен болжам жасауды меңгеруі;
8.Мұғалімдер мен оқушылар тарапынан зерттеу іс-әрекеттеріне тұрақты қызығушылықтың пайда болуы;
9.Мектептегі әр оқушының қажеттілік өрісінің өзгеруін бақылау, байқау жүйесін құру;
10.Пәнаралық байланыс, кіріктіріп оқыту нәтижесінде оқушының әлеуметтендірілуі.
Шығармашылық тақырыптың негізгі бағыттары
•Мектептің оқу-тәрбие сапасын жаңа заман сұранысына көтеру;
•Оқушылардың дені сау, адамгершілігі мол, өзіне нық сенетін тұлға ретінде тәрбиелеу;
•Мектеп бітірушілерді бәсекеге қабілетті, қоғамда өз орнын таба алатын деңгейге жеткізу;
•Мұғалімдерді жаңа формация талабына жауап бере алатын деңгейге көтеру;
•Оқушылардың дарындылық қабілеттерін дамыту;
•Оқушылардың зерттеушілік көзқарастарын қалыптастырып, әлемдік білім беру кеңестігіне бағыттау.
Шығармашылық тақырып бойынша күтілетін нәтиже:
•Жаңа әлеуметтік рөлді меңгерген тұлға қалыптасады;
•Ұлттық, әлемдік мәдениет құндылықтарын білетін тұлға қалыптасады;
•Оқытудың жаңа әдістеріне байланысты жүргізілетін тәжірибе жұмыстары жалғасады;
•Коммуникативтік, ақпараттық, өзін-өзі дамыту, проблемаларды шешу құзырлылықтары артады;
•Оқушылардың ынтымақтастық ортада дамуы артады;
•Мұғалімнің оқушыны шығармашылық зерттеу іс - әрекетіне баулудағы білім сапасы өседі;
•«Мұғалім-зерттеуші» моделін жасау арқылы әлеуметтік жағдайға бейім жеке тұлға қалыптасады;
•Бәсекеге қабілетті қоғамның этносубъектісі қалыптасады.
Әдістемелік жұмыстың бағыттары.
1. Педагогикалық ұйымдастыру жұмыстары.
2. Озық тәжірибені насихаттау, мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін арттыру.
3. Оқушылардың икем – дағдысын, білім сапасын зерттеу, білім сапасын арттыруға мұғалім жұмысын қадағалау.
4. Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, оның жүргізілуін қадағалау.
5. Кабинетпен жұмыс. Пән кабинетінде сабақтан тыс жұмыстарды пайдалану әдістемесі.
6. Озық педагогикалық тәжірибене зерттеу, жинақтау және мұғалімдердің арасында тарату.
7. Мұғалімдердің әдістемелік шеберлігі, кәсіптік деңгейін жалпы мәдениітін көтеру.
8. Тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыру. Жас мұғалімдермен жұмыс.
9. Пәндік сыныптан тыс жұмыстарды өткізу.
10. Пән айлықтарын өткізу.
11. Мұғалімдердің жұмысын жетілдіру жұмысы.
12. Жаңа технологияларды оқу үрдісіне енгізу.
13. Іс- қағаздарды тексеру.
14. Бағдарлап оқытусыныптарында әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру.
15. Ақпараттық технологияларды енгізуді дамыту.
а. Аттестация;
в. Оқу бағдарламасының орындалуы
с. Өздігінен білім көтеру жұмысы
д. Зерттеу мәдениетін қалыптастыру;
Әдістемелік кеңес жұмысы
Әдістемелік жұмыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жыл 29 қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесіне» 2015 жылғы 27 шілдедегі №488 бұйрығымен енген өзгерістер негізінде іске асырылды. Мектеп директорының 2016 жыл 1 қыркүйектегі№391 бұйрығымен бекітілген әдістемелік кеңес педагогтердің кәсіби деңгейін дамытуды неғұрлым жоғары деңгейге көтеруді көздеді. «Педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбындағы жұмыс қызметі мұғалімнің ғылыми- педагогикалық білімін тереңдетіп, инновациялық көзқарастағы құзырлы ұстаз тәжірибесін қалыптастыру мақсатында оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып оқыту, зерттеу жасау, жинақтау және тарату бағыттарында кәсіби біліктіліктері мен педагогикалық тәжірибесін байытуға көмек көрсетті. Мектептегі инновациялық жұмыстар ғылыми-теориялық негізбен, озат тәжірибелер мен жетекші идеялармен байланысып, жоспарлы түрде жүзеге асты.
Әдістемелік жұмыстың нормативтік-құқықтық құжаттары
1.ҚР білім және ғылым министрінің «Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 бұйрығына өзгеріс енген 2015 жылғы 27 шілдедегі №488 бұйрығы
2.ҚР білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 16 мамырдағы №272 бұйрығы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: бастауыш,негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережелері»
3.ҚР Президентінің бес институтционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» -Ұлт Жоспары.
4.ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
5.ҚР Үкіметінің 25 маусым 2012 жылғы №832 қаулысымен бекітілген «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимылдар жоспары»
6.ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты».
7.«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылға 23 тамыздағы №1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (ҚР ББ МЖМС)
8.ҚР білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы, 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары.
9.ҚР білім және ғылым министрінің «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығы.
10.«ҚР мектепке дейінгі білім берудің үлгілік жоспарларын бекіту» туралы ҚР білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығы.
11.Үйде оқытуға мұқтаж балалардың ҚР білім және ғылым министрінің 25 ақпан 2014 жылғы №61 және 08 қараша 2012 жылғы №500 қосымшасы.
12.«2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты.
Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жұмысының ұйымдастырылуы
Жұмысымызды тамыз айында «Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас» дөңгелек үстелімен бастадық. Мақсатымыз: Жаңартылған білім беру мазмұнын талдау. Жаңартылған оқу бағдарламасындағы басты жаңалық – оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажеттілігін ескеруінде. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білім-білік-дағды талап етілсе, жаңартылған оқу бағдарламасында дағды-білім-білік қалыптасуы ХХІ ғасыр дағдылары деп аталып жүрген кең ауқымды құзыреттіліктерді меңгеруге мүмкіндік беретіндігін талқылау болды. Және алдымызда 1-2 сыныптардың оқытылуы мен бағалаудағы өзгерістер күтіп тұрды.Осыған орай бағалау координаторларын оқытуға оқу ісі жөніндегі орынбасарлар арнайы курсқа жіберіп және мектеп тренерлігін деңгейлік бағдарлама бойынша ІІІ (базалық) деңгейді оқыған орыс тілі пәні мұғалімі А.Тажеева оқып келіп, 100 сағаттық жылдық жоспармен мектеп мұғалімдерді оқытуды бастады. Қазіргі таңда 27 мұғалім курстан өтті.
Атқарылған істер нәтижесінде Қалалық білім бөлімімен бірлесе отырып «Деңгейлік курс бағдарламасы модульдерін қолдану - уақыт талабы»тақырыбында семинар-практикум өткіздік.
Семинар-практикумның мақсаты:Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында сабақты ұйымдастырудағы оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану жолдарын көрсету.
Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзіреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.Жаңартылған білім берудің маңыздылығы- оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын түрғысынан ойлау , зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау , АКТ- ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу,жеке ,жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалдық сауаттылығын арттыру.
«Жаңа формация мұғалімі – рухани дамыған, әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген , педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман» - деп, Н.Ә.Назарбаев айтқандай, биылғы жылы мектеп тәжірибесіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – біздің ұстаздарымыздан оқытудың әдіс-тәсілдерін оқушылардың қажеттілігіне және жас ерекшелігіне қарай қолдана білуді талап етеді. Осы мақсатта № 25 орта мектебінде «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында сабақты ұйымдастырудағы оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану » тақырыбында қала көлемінде семинар өтті.
Семинарда ҚББ әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.Ж.Атакулова «Мектеп үйлестірушісінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында, № 25 орта мектептің директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.К.Абашова «Критериалды бағалауды ұйымдастырудағы іс-құжаттардың жүргізілуі» тақырыбында қазіргі мектептердегі жиынтық бағалаудың ұйымдастырылуы мен жай-күйі туралы ақпарат берді.Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі.Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Осы жұмыстардың нәтижесі, оқушыға және ата-анаға кері байланыс беру, электронды журнал ,мектеп үйлестірушісінің атқарар жұмыстары ортаға салынып, қалыптастырушы бағалаудың іске асуы ашық сабақтар арқылы көрсетілді.
Семинардың практикалық бөлімінде 1 «А» сынып жетекшісі І санатты бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалды Б.Б.сауат ашу пәнінен «Ұлттық ойындар. Ээ дыбысы мен әрпі » тақырыбында, 1 «Г» сынып жетекшісі І санатты мұғалім Рахметова Т.З.математика пәнінен «Теңдеуді шешу » ,1 «В» сынып жетекшісі ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі Игілікова М.А. сауат ашу пәнінен «Ұлттық ойындар. Ээ дыбысы мен әрпі » , 1 «Ж» сынып жетекшісі жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Бейсбаева А.О. жаратылыстану пәнінен «Табиғат физикасы. Жылытқыш құралдар» тақырыбында ,1 «Б» сынып жетекшісі І санатты бастауыш сынып мұғалімі Сманова Ж.А. «Зерде » интеллектуалды ойынын өткізді. Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып өзін-өзі бағалау, жұптық бағалау, топтық бағалау, күлегештер, бас бармақ арқылы көңіл-күйлерін бағалау және сергіту сәттері арқылы оқушылардың алған білімдерін қолдана алуы –жаңартылған оқу бағдарламасының мақсаттарының тиімділігін көрсетті. Семинарға келген бастауыш сынып мұғалімдері мен критериалды бағалаудың мектеп үйлестірушілері тәжірибе алмаса отырып, өз тәжірибелерін жақсартуға көп мәлімет алғандықтарына рефлексия жасады.
3.Білім алушылармен жұмысты ұйымдастыру. Білім алушылар арасында қандай түсіндіру жұмыстары жүргізілді? Білім алушылар үшін қандай жеке қолдау көрсету жұмыстары ұйымдастырылды?
Мұғалімдер оқушыларға топпен, жұппен және өз бетінше жұмыстар орындатып,өздерін, сыныптастарын жиі бағалатып үйрете бастады. Сонымен қатар оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс жүргізіліп отырды.
1 сыныпқа оқушылар әртүрлі дайындықпен келуіне байланысты,жаңа бағдарламаны меңгеру кейбір оқушыларға қиындық туғызды.Осыған байланысты мұғалім жекелеген оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізіп және олардың ата-аналарына қолдау көрсетіп отырды.
5.Мектепте бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды енгізу және қолдану. Пайдалы жақтары мен қиындықтары қандай?
Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізілді. Тіркеу үдерісі кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, дағдысын көрсететін дәлелдерді жинау жүзеге асырылды.
Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық
бағалау) жүргізілді.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша,тоқсандық жиынтық бағалауды жүргізудің жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді.
«Тәжірибедегі рефлексия» мектеп курсы
2016 жылдың 30 наурызындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кеңесінің хаттамасындағы тапсырманы орындау мақсатында жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің сенбілік күнін кәсіби даму үшін қолдану мәселесі бойынша, әдістемелік күн аясында педагогикалық ұжымды «Тең-теңімен» қағидасы негізінде оқыту ұсынылған мұғалімнің кәсіби даму моделі әзірленді. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі НЗМ ДББҰ ПШО) жалпы білім беретін мектептердің педагогтерінің кәсіби дамуының 100 акедемиялық сағат көлеміндегі (бұдан әрі -Бағдарлама) «Тәжірибедегі рефлексия» білім беру бағдарламасын жасады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – мектеп мұғалімдерінің оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау дағдыларын жетілдіру. Осы мақсатты іске асыруда мектеп тренері Назарбекова Фарида Қыдырәліқызы 2016 жылдың 24 желтоқсаны мен 2017 жылдың 27 мамыр аралығында мектеп директорының №550 бұйрығымен курсқа тіркелген 20 мұғалімді әр аптаның сенбі күндері күніне 4 академиялық сағаттан оқытты. Курсқа бірінші сынып мұғалімдері, ағылшын, математика, орыс тілі пәнінің мұғалімдері тартылды.