26
январь
2026
Қалалық семинар
2026 жылдың 26 қаңтар күні №25 орта мектепте «Жасанды интеллект және тарих сабағы: жаңа дәуірдің білім беру мүмкіндіктері» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды.Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері Ә.А.Халымбетова және қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында тарих сабақтарында жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану жолдары талқыланып, заманауи әдіс-тәсілдер мен озық педагогикалық тәжірибелер ортаға салынды. Іс-шара аясында тарих пәні мұғалімдері Саршаева Э.Б., Абдикадирова А.А., Анарова А.К., Сембай Ә.Н. ашық сабақтар өткізіп, қатысушыларға арналған мазмұнды тренингтер ұйымдастырды.
Сондай-ақ семинарға Жамбыл облыстық өлкетану мұражайының өкілдері келіп, оқушыларды тарихи жәдігерлермен таныстырып ,көрме ұйымдастырды.Бұл өз кезегінде оқушыларға тарихи білімді терең әрі қызықты түрде жеткізудің жаңа мүмкіндіктерін көрсетті.
Аталған іс-шара кәсіби тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар мен тың көзқарастарды қалыптастыруға үлкен мүмкіндік берді. Семинарға қатысқан әріптестерге белсенділігі мен құнды пікірлері үшін шынайы алғыс білдіреміз.