№25 орта мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы мектеп директорының «Қамқоршылық кеңес» алдындағы есебі » СШ №25
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 0000000
Есепші бөлімі:
+7(726) 0000000
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №25 орта мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы мектеп директорының «Қамқоршылық кеңес» алдындағы есебі
23
май
2019

№25 орта мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы мектеп директорының «Қамқоршылық кеңес» алдындағы есебі

№25 орта мектебінің 2018-2019 оқу жылындағы
мектеп директорының «Қамқоршылық кеңес» алдындағы есебі

Құрметті «Қамқоршылық кеңес» мүшелері!
Білім мен тәрбие негізінің бастау алатыны, яғни, осы бағыттағы үрдістің ата-ана- мектеп- ұстаз үштігі болып бірге жұмыс жүргізгенде ғана жүзеге асатыны белгілі. 2018-2019 оқу жылында 1-11 сынып – 454 оқушы және мектепалды даярлық тобы -34 оқушыны құрады. 23 сынып комплектісі және ағылшын, орыс тілі, информатика пәндерінен 27 оқу тобы ашылды. Инклюзивті оқытуға ұсынылған 5 оқушымен арнайы 1 «Б» сыныбы ашылды. Бұл сыныпқа балалардың ерекшелігіне байланысты арнайы мамандар қабылданды. 488 оқушының барлығының да ИИН номерлері бар, Ұлттық білім беру деректер қоры жүйесіне тіркелді. Ұлттық құрамы бойынша 454 оқушының 448 қазақ, 5 қырғыз, 1 азербайжан оқушы оқиды. 375 оқушы, яғни 75 % -ы мектепішілік үйірмелерге және 120 оқушы мектептен тыс үйірмелерге қатысады. Оралман оқушы жоқ, 4 оқушы үйде оқытылады, олардың 3-і мүгедек.5 оқушы денсаулығына байланысты арнайы сыныпта оқиды. Мектеп оқушылары биылғы оқу жылында 100 % оқулықтармен қамтамасыз етілді.
Мектептің педагог мамандармен қамтамасыз етілуі

Барлық педагог мамандар саны -51
Деңгейі, санаты бойынша саны %
1 Педагог-зерттеуші 4 7,3%
2 Педагог-сарапшы 8 15,6%
3 Педагог-модератор 8 15,6
4 Жоғары біліктілік санатты 21 41,1%
5 І біліктілік санатты 8 15,6%
6 ІІ біліктілік санатты 7 13,7 %
7 Санаты жоқ 15 29,4%

2018-2019 оқу жылында № 25 орта мектебінің Ұлттық білім беру деректер қоры есебі 8 бөлім бойынша толтырылды, 1 - інші бөлім бойынша мектебіміздің тіркеу мәліметтері толтырылды. 2, 3, 4 бөлімдер бойынша мектеп жұмысының негізгі көрсеткіштері бойынша ақпарат электрондық негізде деректер қорына енгізілді. 5 – інші бөлім бойынша мектебімізде жатақхана жоқ. 7- бөлім бойынша 2018 жылдың 5 қыркүйегін есепке алғанда мектебімізде 93 қызметкер жұмыс жасауда: оның ішінде – 10 қызметкер бала күтіміне байланысты декреттік демалыста, 2 қызметкер – еңбек ақысы сақталмайтын демалыста, 3 жас маман.
2018-2019 оқу жылының соңында 1-11 сынып оқушыларының саны - 444 оқушымен, мектепалды даярлық тобы 36 тәрбиеленушімен аяқталып отыр. 8 «Ә» сыныбында 1 оқушы, Рысбеков Эльман сабаққа себепсіз келмеуіне байланысты аттестатталмады. Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын балалардың саны 6. 2018 – 2019 оқу жылының І тоқсанында білім сапасы: 53,1%, үлгерім 99,2% көрсетсе, ІІ-тоқсанда білім сапасы – 56,2 %, үлгерім 99,% көрсетті, ІІІ-тоқсанда білім сапасы – 59 %, үлгерім 99,% көрсетті, ал жыл соңын 63 % білім сапасымен аяқтауды болжамдап отырмыз. Өткен оқу жылының соңында – 59%, биылғы болжамдап отырған білім сапасымен салыстырғанда – 4 % өсу болжамдап отырмыз.
2018 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу мақсатында Республикалық «Мектепке барар жол» атты акция жүргізілді. Тамыз–қыркүйек айларында мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасынан шыққан 16 оқушыға көмек көрсетілді. Акция барысында демеушілер тарапынан «Еңбек қорғау департаменті» 3 оқушыға 2 «Ә» сынып оқушысы Орманов Нұрдәулетке, 2 «Б» сынып оқушысы Қаршыға Ахатқа, 4 «А» сынып оқушысы Рауанұлы Ақниетке 10000 мың теңгеден 30000 мың теңге, ЖШС «Ақпараттық технология» компаниясының басшысы С.Әселханов 10 оқушыға мектепке қажетті кеңсе заттарын, ЖШС «Амир»құрылыс компаниясының басшысы А.Шаңбаев 2 оқушыға, 2 «Ә» сынып оқушысы Есбергенова Аруға, 3 «Б» сынып оқушысы Құрманәлі Мақпалға 10000 мың теңгеден 20000 мың теңге, мектеп ұжымы 9 «Ә» сынып оқушысы Малдыбаев Ерікке 8000 мың теңге қаржылай көмек көрсетті. «Білім мекемелеріндегі аз қамтамасыздандырылған отбасы балаларының қатарына жататын оқушыларды анықтау» ережесін басшылыққа ала отырып, бастауыш, орта, жоғарғы сыныптар бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан, ақысыз ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тізімі жаңартылып, бекітіліп, бұйрыққа енгізіліп, құжаттары жинақталып, жоспар жасалынды. Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 2018 жылдың 31 тамыз күнгі №1049 бұйрығымен мемлекет тарапынан берілетін ақысыз ыстық тамақпен 1-10 сыныптардан 191 оқушы қамтылып отыр. Қалалық, мектепішілік есепте тұратын, қиын және құқық бұзуға бейім оқушыларды, жайсыз отбасыларын анықтап, үй-тұрмыс жағдайы зерттеліп, акт толтырылды. Жалпы оқыту қорынан аз қамтылған отбасынан шыққан 191 оқушы (қыз балаларға-91, ұл балаларға-100) қыстық киіммен қамтылды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға ақысыз қосымша сабақ кестесі құрылып, өткізілді. Қазан айында оқушылардың, ата-аналардың, сыныптың әлеуметтік жағдайын зерттеу мақсатында мектептің әлеуметтік төлқұжаты жаңартылып, төмендегідей мәліметтер анықталды. Толық отбасында – 291, толық емес отбасында -150 (анасымен тұратын – 148, әкесімен тұратын-2), аз қамтылған отбасындағы – 134, көпбалалы отбасындағы оқушы – 86, өгей әкесімен тұратын -1 оқушы, жайсыз отбасы-2. Жыл сайын қазан айында «Балаға мейірім сыйла!» Республикалық акция аясында «Қамқоршы күні» мерекесі өткізіліп келеді. Іс-шараға ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар мен олардың қамқоршылары шақырылып, «Мейірімді жүрек» атты мерекелік концерт өткізілді. Кешке 6 «Ә» сынып оқушысы Махмудов Русланның әжесі Кучалиева Патима, 4 «Ә» сынып оқушысы Салманова Гаухардың қамқоршысы Салманова Сарсенкүл, 4 «А» сынып оқушысы Рауанұлы Ақниеттің қамқоршысы Еркебекова Шолпан қатысып, қамқоршыларға сыйлықтар табыс етілді. Желтоқсан айында Тараз қаласы әкімінің жаңа жылдық шыршасына көп балалы отбасынан шыққан 4 «Ә» сынып оқушысы Аманбай Айымжан қатысып, сырт киім, бас киім, жұмсақ ойыншық, тәттілер берілді. Аяз атаға хат жазған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 4 «Ә» сынып оқушысы Салманова Гаухарға «Кари» сауда үйінен сәнді көйлек, туфли беріліп, көп балалы отбасынан шыққан 4 «А» сынып оқушысы Қаршыға Ахатқа ақ жейде, шалбар, спорттық киім берілді. Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.Олжабай Г.Салманова мен А.Қаршығаға жаңа жылдық тәттілер сыйға берді. «Тараз қайырымдылық қоры» көп балалы отбасынан шыққан 2 «А» сынып оқушысы Алымкулова Әсияға, 7 «Ә» сынып оқушысы Мадрейм Бекке, 6 «Ә» сынып оқушысы Жасұланұлы Ұланға жаңа жылдық сыйлықтар, азық-түліктер табыс етті. 2019 жылдың 10 қаңтар-10 ақпан аралығында «Қайырымдылық» акциясы өткізілді. Акцияда аз қамтылған, көп балалы , жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға педагогикалық ұжым, мектеп қызметкерлері тарапынан 21 оқушыға сабаққа қажетті құрал жабдықтар, киім-кешектер т.б. материалдық көмек көрсетті. Наурыз айында мектебімізде оқитын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жетім балалардың қамқоршыларын «Алғыс айту» күніне арналған мерекелік концертке шақырып, сыйлықтар тапсырылды. Мамыр айында оқушылардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру мақсатында жазғы сауықтыру лагеріне жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар қамтылды. Мектепішілік және жазғы сауықтыру лагеріне-170 оқушы қамтылып отыр. Мекепішілік және сыртқы жазғы сауықтыру лагеріне ата-аналар сайт арқылы кіріп өтініштерін береді.
2018-2019 оқу жылында мектебіміз "Күнделік. кz" электронды бағдарламасы жүйесіне қосылды. Күнделік жобасы бойынша мектеп мұғалімдері мен сынып жетекшілерге директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шатаева Камшат жүйені қолдану туралы қыркүйек айында «Электронды күнделікпен жұмыс» атты семинар өткізіп, ата-аналарға жалпы ата-аналар жиналыстарында, сыныптардың ата-аналар жиналыстарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір мектеп бойынша 51 мұғалім, 290 ата-ана мектеп "Күнделік. кz" жүйесіне қосылған. Элекронды журналды қолдану мұғалімдерге ай сайын, тоқсан сайын тапсыратын есептерді электронды автоматты түрде жасалуына мүмкіндік береді. Мұғалімдерге, оқушылар мен ата-аналарға қолжетімді болуы үшін электронды күнделіктің мобильді нұсқасы жасалған, яғни ұялы телефондар арқылы жүйеге тіркелу, жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Әр мұғалімнің, ата-ананың, оқушының өз логині мен парольдері жүйеге тіркеліп, қосылған. 2018-2019 оқу жылында мектеп бойынша 488 журнал толтырылып, тоқсан бойынша оқушылар қорытылып, электронды журналға бағалары қойылуда. 1,2,3,5,6,7,8 сынып оқушыларының жиынтық бағалары электронды күнделікке уақытылы қойылып, тоқсандық жиынтық бағалары шығарылуда.
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесіне көшу жүргізілуде. Осыған орай білім алушылардың оқу жетістіктеріне критериалды бағалау өткізудің тәртібі туралы арнайы үлгідегі жоспары дайындалып, бекітілді. Өздеріңізге белгілі 2018-2019 оқу жылында жаңа бағалау жүйесіне 1,2,3, 5,6, 7,8- сыныптар көшті.
Критериалды бағалау жүйесінің негізгі мақсаты - сапалы бағалау мен тұлғаны дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, қоршаған әлеммен тиімді өзара әрекет етуге, өздігінен білім алуға және дамуға дайын, алдын ала белгілі және нақты критерийлер бойынша объективті бағалау болып табылады.
2018-2019 оқу жылында мектебімізде жаңа білім мазмұнына көшкен 17 сынып бар.
Оның ішінде 1-інші сыныптарда 6 негізгі пәндерден, 2,3 сыныптарда 6 негізгі пәндерден жиынтық бағалау жүргізілді. 5-інші сыныптарда 9 пәннен жиынтық бағалау, дене шынықтыру пәнінен әр тоқсан сайын, музыка, көркем еңбек, өзін өзі тану пәндерінен әр жарты жылдықта сынақ алынды.
6-ншы сыныптарда 10 пәннен жиынтық бағалау, дене шынықтыру пәнінен әр тоқсан сайын, көркем еңбек, өзін өзі тану пәндерінен әр жарты жылдықта сынақ алынды.
7-нші сыныптарда 13 пәннен жиынтық бағалау, дене шынықтыру пәнінен әр тоқсан сайын, көркем еңбек, өзін өзі тану пәндерінен әр жартыжылдықта сынақ алынды.
8-інші сыныптарда 14 пәннен жиынтық бағалау, дене шынықтыру пәнінен әр тоқсан сайын, көркем еңбек, өзін өзі тану пәндерінен әр жарты жылдықта сынақ алынды.
Тоқсандық жиынтық бағалау Модерациясын өткізу қорытындысы бойынша мектептің білім сапасы шығып отырды. Білім сапасын арттыру мақсатында мұғалімдермен «Нәтижеге бағытталған оқу-білім сапасын арттырудың негізі», «Мектептің пайымдауы және миссиясы» атты тақырыпта мектепішілік семинарлар өткізілді.
2018-2019 оқу жылының 22, 23, 24. 04. 19ж. күндері аралығында ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №94 бұйрығымен бекітілген Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау 4 сыныптарда қағаз жүзінде 38 оқушы тест тапсырды, денсаулығына байланысты 7 оқушы тапсыра алмады. 9-11 сыныптарында онлайн тест түрінде өткізілді. Оның біреуі денсаулығына байланысты үйде оқытылады. 9-11 сыныптарында онлайн тест түрінде өткізілді. 9 сыныпта барлығы - 42 оқушы. 9 «А» сыныбында 22 оқушы, оның 2-уі денсаулығына байланысты үйде оқытылады. Ожсб-ға денсаулығына байланысты 2 оқушы қатыса алмады. 9 «Ә» сыныбында 20 оқушы. ОЖСБ-ға денсаулығына байланысты 4 оқушы қатыса алмады. Жалпы 9-сыныпта барлығы -34 оқушы қатысты. 11-сыныпта барлығы-8 оқушы . Оның 1-і денсаулығына байланысты үйде оқытылады. 7 оқушы ОЖСБ-ға қатысты. 4 сыныптардан қазақ тілі, математика пәндерінен әр пән бойынша берілген төрт жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты анықтауға арналған, қағаз тасымалдағышты қолдана отырып, 15 сұрақтан тұратын байқау тесті алынды, орта балл-20,02
9 сыныптардан қазақ тілі пәнінен 20 сұрақтан тұратын алгебра, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, география, химия, биология, физика пәндерінен жаңа форматқа сәйкес 40 сұрақтан тұратын , қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып тест тапсырмасы алынды. Нәтижесінде орта балл-55,11балл. Максималды балл-75
11 сыныптан Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, Физика пәндерінен тест тапсырмасы алынды. Қазақ тілі пәнінен 20 сұрақ, таңдау пәндерінен 30 сұрақтан тұратын жаңа форматқа сәйкес тест тапсырмасы алынды. Нәтижесінде орта балл-82,8 балл. Максималды балл-100 балл
2018-2019 оқу жылында мектеп Назарбаев Зияткерлік мектебімен желілік қоғамдастық жоспарын бірлесе құру арқылы және екіжақты меморандумға қол қойып келісім арқылы жұмыс жасады. Желілік қоғамдастық жоспары аясында жыл бойы мұғалімдер Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен өткізген республикалық, облыстық семиарларға қатысып,озық ойлы ұстаздар қауымымен ой бөлісті. Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері №25 орта мектепте мұғалімдерге көптеген коучинг, семинарлар өткізді. Кітапхана қызметкерлеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылықтарын қалыптастырудағы мектеп кітапханасының ролі», Педагог-психологтарға арналған, «Адаптациялық процессіне психологиялық қолдау, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының оқу процесіне енгізілуі атты семинар-практикумдар өткізіліп, мұғалімдермен өзара талқылау жұмыстары жүргізілді
Мектептің дамыту жоспарына сәйкес, мұғалімдердің шығармашылығын арттыру, өзара тәжірибе алмасу және үш деңгейлік курс модульдерін сабақ үрдісінде кеңінен қолдану «Сенім» кәсіби қоғамдастығы мұғалімдері ұжым мүшелерімен жұмыс атқаруда. Қоғамдастықта барлығы 7 мұғалім жұмыс істейді.
2018-2019 оқу жылында «Сенім» қоғамдастығы жұмыс жоспарына сәйкес, 8 қазан күні ДӘІЖО Қасенова «ОМЖ, ҚМЖ үлгілерін құру» тақырыбында семинар коучинг өткізді.
2018-2019 оқу жылында мұғалімдер төмендегідей байқаулар мен жарыстарға қатысып төмендегідей жетістіктерге жетті
География пәні мұғалімі Сейтқұлова Баян Султаналиевна КІО география пәнінен қашықтық олимпиадасына қатысып І дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Жолдасбекова Шынар Мадибековна Республикалық « Үздік педагогикалық өнім-2019» байқауына қатысып І дәрежелі Дипломмен марапатталды. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қошанова Роза Үздік орыс тілі пәні мұғалімі» сайысына қатысып ІІІ орынмен марапатталды. Физика пәні мұғалімі Ахметова Марал Жақсылыковна «Үздік физика пәні мұғалімі» жарысына қатысып ІІІ орынмен марапатталды. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалдыбекова Баян Романкуловна «Понарамалық идеялар» фестиваліне қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен мрапатталды. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Жумақожаев Досхан Мажитович «1 мамыр- Қазақстан Халқының Бірлігі күні» қарсаңында Тараз қаласының тұрғындары арасында гір тасын көтеру, футбол және қол күресінен І орын алды. Дене шынықтыру пәні мұғалімі Жолчубек Бектур «1 мамыр- Қазақстан Халқының Бірлігі күні» қазақша күрестен ІІ орын алды. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Аубакирова Жарқынай «Үздік жас маман-2018» республикалық сырттай байқауына қатысып ІІ дәрежелі диплом алды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тәжімұратова Тамара Өтегенқызы «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі» республикалық сырттай байқауынан ІІ орын алды. Математика және алгебра пәні мұғалімі Арчаманова Тамара Кудайкуловна «Ұлы өнертапқыштық алғашқы қадам» ғылыми-практикалық конференциядан «Үздік педагог» медалі және Алғыс хатпен марапатталды. Физика пәні мұғалімі Ахметова Марал Жақсылыковна «Жас ғалым -2019» VII халықаралық ғылыми практикалық конференциясында жоғары нәтиже көрсеткені үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Физика пәні мұғалімі Игиликова Роза Аскеровна «Жаңартылған мазмұндағы 4, 9 және 10 сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді талқылау» атты өңірлік әдістемелік семинарына қатысқаны үшін облыстық сертификатпен, «Физика» пәні бойынша республикалық олимпиадаға оқушы даярлағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Тарих және география пәні мұғалімі Ақберді Айдын Бақытқызы облыстық «Рухани жаңғыру» бағдарламасын білім беру ұйымдарында жүзеге асыру: бүгіні мен болашағы» атты облыстық конференцияда мазмұнды баяндама жасағаны үшін сертификатпен марапатталды. «Табиғатты аяла» атты қалалық экофорумында «Эко әлем» номинациясы бойынша Алғыс хатпен марапатталды. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қошанова Роза Сатимбековна «Орыс тілін қашықтықтан оқыту әдістері» облыстық шеберлік сыныбына қатысып, сертификатпен марапатталды. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалдыбекова Баян Романкуловна «Орыс тілін қашықтықтан оқыту әдістері» облыстық шеберлік сыныбына қатысып сертификатпен марапатталды. Технология пәнінің мұғалімі Бейсекулова Айгул Альжапаровна «Табиғатты аяла» форумында «Жасыл оазистер» номинациясы бойынша Алғыс хатпен марапатталды.
2018-2019 оқу жылында байқаулардан мектеп оқушылары Халықаралық жарыстан -51 орын, республикалық жарыстан -24 орын, облыстық жарыстан - 3 орын, қалалық жарыстан -22 орын жетістіктерге жетті.
Физика пәнінен «Жас ғалым -2019» VII халықаралық ғылыми практикалық конференциясында ІІ дәрежелі дипломмен 1 оқушы, М.Ломоносов атындағы ХХ турнирдан 1 оқушы мақтау қағазымен, «Ұлы өнертапқыштық алғашқы қадам» ғылыми практикалық конференцияға 2 оқушы қатысып І және ІІІ дережелі дипломмен, ғылыми жобалар байқауынан 1 оқушы І орын, 4 оқушы қалалық ғылыми жобалар байқауынан І орынмен, «Пони-Үркер» байқауына 21 оқушы қатысып І,ІІ,ІІІ орындармен, «Руский медвежонок» байқауынан 5 оқушы І орынмен, «British Buldog» интеллектуалды олимпиадаға 20 оқушы қатысып І,ІІ,ІІІ орындармен марапатталды. Республикалық «Сурет байқауына» 1 оқушы – І орынмен, «Шығармалар байқауына» 9 оқушы – ІІ орынмен, «Алтын тобылғы» республикалық байқауына 6 оқушы І,ІІ,ІІІ орындармен, «Ақбота» марафонына 3 оқушы І,ІІ орындармен, «Білімді жастар - Қазақстанның жарқын болашағы» тақырыбында ХІҮ тәжірибелік конференцияға қатысып, 1 оқушы ІІ орынмен марапатталды.
Дамуында мүмкіншілігі шектелген балалар үшін білім алу қолжетімділігін қамтамасыз ету нысаналы индикаторының 2018-2019 оқу жылына жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499
бұйрығы, 08.11.2012 жылғы №500 бұйрығының қосымшасы, БҒМ 15.07.2016жылғы №453, 08.04.2015 жылғы №174 бұйрығымен бекітілген денсаулығына байланысты үйде оқытылатын балалар анықталып, ата-аналар ұсынған дәрігерлік бақылау комиссиясының тиісті анықтамалары мен психологиялық – медициналық – педагогикалық комиссия ұсынымдарына сәйкес мектебімізде 2018-2019 оқу жылына үйде оқытылатын балалардың білім алуы ұйымдастырылды.
Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын балалардың саны 8- оқушы ПМПК қорытындысы негізінде үйде оқытылатын оқушылар тізіміне енді:
1.Әндер Ришат – 6 «ә» сынып оқушысы;
2.Махмудов Руслан– 6 «ә» сынып оқушысы
3.Болатова Мариям 9 «а» сынып оқушысы;
4. Талап Мұқағали - 10 «ә» сынып оқушысы,
5.Булекбаева Ханифа - 11 «А» сынып оқушысы
6.Никалаева Назерке – 4 «Ә» сынып оқушысы
7. Алимжанова Дана -1 «Б» сынып оқушысы.
8.Аманжан Әділжан- 9 «а» сынып оқушысы
Оқушыға арнайы үлгідегі оқу жоспары дайындалып, арнайы сабақ кестесі бекітілген, әр оқушыға күнделік арналып пән мұғалімдері бақылау жүргізіліп отырды. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылар үшін, соның ішінде үйде оқытылатын балалар үшін қазіргі таңда инклюзивті оқытуға нормативті құжаттарда жеке бағдарламаның құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар жоқ екендігін атап өткен жөн.
Дегенмен, білім беру жүйесін дамытудың басымдығы әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесімен мұғалімдеріміз жұмыс жасауда және білім алушылардың бағасын күнделік кz электронды журналына енгізіп отырады.Үй жағдайында оқитын оқушыларымыз толық қанды мектеп кітапханасының оқулықтармен қамтылған. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылар үшін қалалық білім бөлімі «Жұлдыз-ай -2019» атты байқау ұйымдастырып, қалалық іріктеу кезеңінен ән номинациясы бойынша Болатова Мариям ІІ орынды, Николаева Назерке Бейнелеу өнері номинациясы бойынша І орынды, қолөнер номинациясы бойынша Талап Мұқағали ІІ орынды иеленді.
«Тәрбие басы тал бесік» дегендей баланың басты тәрбиесіші-ата-ана.Тәрбиенің қайнар көзі отбасынан басталады. Сондықтан баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ең алдымен ата-анасының тәрбиесі негізгі рөл атқарады. 2018-2019 оқу жылында тәрбие саласы бойынша тәрбиенің 8 бағытымен жұмыс жасады. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында мектеп пен отбасы болып жұмыла жұмыс жүргізілді. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы «Отаным – тағдырым», «Өлкетану», «Саналы Азамат» бағыттары бойынша қаламыздың бірнеше мекемелерімен бірлескен жоспар құрып, іс-шаралар жүргізілді. «Жамбыл Облысы және Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлер Одағының төралқасымен» төрағасы Ермеков Дүкенбай Сайлаубекұлымен 20 қараша күні № 54 бұйрық негізінде тәрбие мен білім саласындағы ортақ мақсаттар мен принциптер негізінде меморандумға қол қойылды. Меморандумның негізгі мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы ардагерлерінің ерліктерін дәріптей отырып, Жеңіс саябағында орнатылған Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш аллеясы мен отырғызылған ағаштарға құрметпен қарап, күтуге бағыттау. «Жас қырандар» ұйымымен ескерткіш маңында «Ерлікке тағзым» атты ерлік сабақтары және ескерткіш аллеясына оқушылармен саяхат сабақтары және сыныптар арасында құрылған кесте бойынша, оқушылар ескерткіш маңына тазалық жұмыстары мен егілген ағаштарға күтіммен қарау жұмыстарын жүргізіп отырды. Осы бағытта 14 іс-шара жүзеге асырылды. Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Жан-Нұр» денсаулық сақтау орталығымен меморандумға қол қойылып, бірлескен түрде іс-шаралар жүргізілді. «Жан-Нұр» орталығының қызметкерлері қыздар арасында «Қыз Жібек» қыздар клубымен бірлесе отырып, дөңгелек үстелдер мен дәріс сабақтарын өткізді. Бүгінгі күні осы бағытта 12 іс-шара жүзеге асырылды. Сондай-ақ, оқушыларды мектептен тыс үйірмелерге қамту мен шығармашылыққа баулу мақсатында Техникалық шығармашылық орталығының директоры М.Ибраимовпен біріккен жоспар құрылып, жұмыстар жүргізілді, мектептен 25 оқушы үйірмеге қатысты Мұғалімдер мен оқушылар саяхат сабақтарын жасап, оқушылар үйірмеге қатысып, байқау жеңімпаздары атанды. Мектептің үйірме жетекшілері әдіс алмасу мақсатында орталықтың түрлі үйірме сабақтарына қатысып отырды. Осы бағытта 8 іс-шара жүзеге асырылды. «Қарасу» мөлтекауданының Коммуналдық пәтерлер қауымдастығының төрағасы Қожахметов Дүйсенбай Асатұлымен біріккен түрде іс-шаралар жүргізілді. 24қазан күні қала күніне орай № 25 жатақхана ауласында өткізілген іс-шарада мектебіміздің өнерлі оқушылары концерттік бағдарлама қойды. Оқушылардың өзі өскен ортасын таза ұстау бағытында «Таза подьезд», «Менің таза аулам» тақырыптарында жазылған мектепішілік эсселер байқауының жеңімпаздарын сыйлықтармен марапаттады. Алғыс айту күнінде Коммуналдық пәтерлер қауымдастығына оқушылар алғыстарын білдірді. 5 қараша күні «Мәңгілік Ел» бағдарламасы негізінде Мәңгілік елдің ұрпақтарын көшбасшылыққа бейімдеу мақсатында «Бірлік» атты шаңырақ қауымдастығы құрылды. Қауымдастық жеті шаңырақтан тұрады. «Қыран» шаңырағы - 9 «Ә», 4 «А», 1 «Ә» сынып оқушыларынан, жетекшісі Ш. Өмірәлиева, «Сенім» шаңырағы - 6«Ә», 1 «А», 3 «Ә» сынып оқушылары, жетекшісі Л. Нұртазаева, «Бейбіт» шаңырағы - 8 «Ә», 7 «А», 2 «Ә» сынып оқушылары, жетекшісі: Д.Аманжолова, « Ынтымақ» - 10 «А», 6 «А», 2 «А» сынып оқушылары, жетекшісі М.Сұлтанова, « Достық» -7 «Ә», 5 «А», 2 «Б»сынып оқушылары, жетекшісі Э.Саршаева, «Береке» -9 «А», 3 «А», 4 «Ә» жетекшісі Т.Тәжімұратова, Шаттық -8 «А», 5 «Ә», 3 «Б» сынып оқушылары, жетекшісі Ж.Әубәкірова. Әрбір шаңырақ үшбуындағы үш түрлі сыныптардан құралды. Себебі «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» қағидасы негізінде жоғарғы сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына үлгі көрсете отырып, төменгі сынып оқушылары жоғарғы сынып оқушыларына қарап көшбасшылыққа бейімделеді. Оқушылар өзін-өзі басқарады және өзін-өзі реттейді. Осы бағытта әрбір шаңырақ жоспарлы түрде түрлі іс-шаралар мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласып және «Өлкетану» бағытында саяхаттарға шығып отырды. 29 қараша күні «Қыран» шаңырағының ұйымдастыруымен сынып жетекшілері Ұ.Сәтімбекова, Н.Мақашева, Ш.Өмірәлиева «Бірлікпен берік іргеміз, Елін сүйген Елбасымен біргеміз!» атты кездесу кешін өткізді. Кездесуге Теміртау қаласында 2 – Домна пешінде Романов бригадасында Елбасымен бірге жұмыс жасаған Мырзахметов Рахымжан ағай шақырылды. Кездесу барысында Елбасымен бірге болған кездегі қиын да қызықты сәттерін әңгімеледі, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, Елбасы туралы жақсы ән – жырларын тыңдап, ақ батасын берді. «Білім шырағы» газетіне және «Дарын» журналына мақала жарияланды. 14 желтоқсан күні «Сенім» шаңырағы жаңа инновациялық әдіспен кино – концерт түрінде «Тәуелсіздік – Мәңгілік Ел мұраты!» атты кеш өткізілді. 15 ақпан-Ауған соғысы ардагерлер күніне орай, «Бейбіт» шаңырағы Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізді. 8 наурыз «Ана- бақыт, ана деген ақ арман» тақырыбында «Ынтымақ» шаңырағының ұйымдастыруымен, 22 Наурыз күні мерекесін «Наурыз-жыл басы» «Достық» шаңырағы 7,9 мамыр-Жеңіс күні «Береке» шаңырағы, 1 мамыр «Ынтымағы жарасқан, күн көзімен таласқан» тақырыбында «Шаттық» шаңырағы мерекелік кештерді өз дәрежесінде ұйымдастырды.
Тәрбие бағытында төмендегідей жетістіктерге жетті. Қалалық спорттық жарыстан-3, «Жас ұлан» ұйымы-6, Эссе жазудан-1, облыстан-4, Республикалықтан-8, Халықаралықтан-1, әлемдік жарыстан-1, республикалық жарыстан-10, Техникалық шығармашылық орталығынан «Табиғатты аяла» тақырыбында қалалық экофорумнан - 3 жетістіктерге жетті.
Бүгінгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі- балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Құқықтық тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында оқу жылының басынан бері оқушылар арасында төмендегі бекітілген жоспар бойынша профилактикалық іс- шаралар жүргізілді. 2018-2019 оқу жылына арналған жылдық жоспар, Тараз қалалық полиция басқармасымен бірлескен жоспары, салауатты өмір салты орталығымен бірлескен жұмыс жоспары, Жамбыл облыстық нарко-диспансермен бірлескен жұмыс жоспары, «ЖИТС» орталығымен бірлескен жұмыс жоспары, діни экстремизмге қарсы іс-шаралар жоспары, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жоспары, суицидтің алдын алу бағытында психологпен бірлескен жоспар, «Кеңес» алқасы, «Наркобекет», жас полиция көмекшілері ұйымы құрылып, іс-шаралар жоспары жасалынды. 2018-2019 оқу жылының басында полиция бөлімшесінде есепте оқушы болған жоқ, мектепішілік есепте 4 оқушы болды. Мектепішілік есепте тұратын оқушыларға арнайы жоспар жасалып, тәлімгер бекітілді. Мектепке бекітілген мектеп инспекторы полиция мойоры Б.А.Альмухамедов құқық қорғау өкілдері қызметкерлерімен,мектеп әкімшілігімен бірлесіп оқушылармен дәріс оқып, ерекше назардағы тәртіп бұзған оқушылармен,олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұлдар жиналысын өткізді, ай сайын қамқоршылық кеңес алдында есебін беріп отырды. Есепке алынған оқушылармен, «Жайсыз отбасына» тіркелген ата-аналар үйіне рейд жасалып, жеке жұмыстар жүргізілді. Сабаққа келмей отырған Э.Рысбеков жөнінде Тараз қаласының ІІБЖПҚ басшысы полиция полковнигі Қ.Төлешовқа 21.09.2017ж. күні және 11.12.17ж күндері ата анасын жауапқа тарту мәселесін қарап, тиісті шара қолдануын сұранып, сұраныс хат жіберілген. 2017 жылдың 12 желтоқсанында Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодексінің 127 бабы 1 бөлімі бойынша жинақталған іс-құжаттары жіберіліп сот отырысы болып, ата-анасына 7 айлық көрсеткіш бойынша айып пұл салынды. Ата-ана Г. Рысбекованы 2018 жылдың 16 қараша күні Э. Рысбеков түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілсіз жүргені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442 бабының 2-і бөлімімен жауапкершілікке тартылды. 25 желтоқсан күні ішімдік ішкені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440 бабымен жауапкершілікке тартылды. Әр ай сайын білім бөліміне мәлімет беріліп отырды. 27 наурыз күні полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі А.Т.Мадимаровқа қатынас хат жазылды. 9 қаңтар күні 8 «ә» сынып оқушысы ішімдік ішкені үшін полиция бөлімшесіне есепке алынды. 2019 жылдың 4 сәуір күні кәмелет жасқа толған Э. Рысбековты полиция есебінен шығарылды. 14 қыркүйек күні «Елу жылда- ел жаңа» қоғамдық бірлестігі басшысы Сүйімқұл Шарапат Батырбекқызы, «Ән-Нұр-Фат» психологі Фатима Бизақова, психология орталығының заңгері Сағындықов Нұрболат Дұйсенұлы «Құқық бұзушылық және жасөспірім» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді. 24 қыркүйек күні 6-11 сынып оқушыларына Жамбыл станциясының инспекторы, полиция аға лейтенанты Р.Жантереков, инспектор, полиция капитаны Г.Мусаева «Құқықтық тәртіп» тақырыбында,Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 140 бабы және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 442, 559 бабтарының талаптарымен таныстырып, «Темір жол қауіпті аймақ» өрт қауіпсіздігі, су қауіпсіздігі, темір жолға бөгде заттар қою, вагондарға мінбеу, темір жол арқылы белгіленбеген жерден өту жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 11 қазан күні Тараз қаласы ІІБ ЖПҚ КТІЖБ бастығы, полиция полковнигі Н.Байтасов, полиция капитаны Б.Сейтбеков 6-8 сынып оқушыларына «Ұялы телефонның зияны», 442 баптың 2-і бөлімімен кешкі мезгілде заңды өкілсіз жүрмеу жөнінде дәріс оқыды. 24 қаңтар күні «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында 7-11 сынып ұл балаларына жиналыс өткізілді. Түркістан облысының, бірнеше оқу орындарының мектеп оқушыларының қатысуымен орын алған қорқыту, бопсалау жөнінде әлеуметтік желіде тараған бейнекөрініске қатысты профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпан айында «Жасөспірімдердің қиындықтан шығу және өзін-өзі жетілдіру жолдары» тақырыбында құқық айлығы өткізілді. 8 ақпан күні «15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай» №3 лицейде өткен спорттық эстафеталық жарысқа «Жайсыз отбасы» есебінде тұратын оқушы қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. 9 ақпан күні №30 мектеп гимназия кешенінде «Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылылғын арттыру арқылы қылмыстың жолын кесу» тақырыбында пікір сайысқа 6 «ә» сынып оқушысы А.Алтаева қатысты. 13 ақпан күні «Жұлдыз бол» фотоэтюд, әдеби шығармаларды мәнерлеп оқу байқауына мектепішілік есепте тұратын оқушылар қатыстырылды. 19 ақпан күні №29 мектепте кешенінде өткізілетін «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?» бейнеролик байқауына және спорттық ойынына қатысты. 20 ақпан күні құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында облыстық білім басқармасының басшысының орынбасары Т.С.Жамалов, Жамбыл облыстық полиция Департаментінің ЖПҚ ЮПБ бастығы Қ.Ж.Қалжанов, білім бөлімінің басшысы М.К.Жинақбаева 8-11 сынып ұл балалары мен ата-аналарға «Оқушылар мен кәмелетке толмағандар арасында орын алатын топтық төбелестер мен құқық бұзушылық жағдайлары, қылмыстық әрекеттері мен әкімшілік жауапкершілігі туралы» тақырыбында жиналыс өткізді. 22 ақпан күні мобильді топ мүшесі, Тараз қаласы әкімшілігі,қаржы бөлімінің басшысы Қ.Ж.Паримбеков «Жас тұлғаның болмысының дұрыс қалыптасуы- ата-ананың өнегелі тәрбиесінде» 8 сынып оқушыларына дәріс оқыды. 24 сәуір күні 9 «ә» сынып оқушысы Төлетай Баянсұлу кешкі мезгілде заңды өкілсіз жүргіні үшін ата-анасы 442 баптың 2-і бөлімімен жауапкершілікке тартылып, полиция есебіне алынды. «Жайсыз отбасында» екі отбасы тіркелген. Көктемгі демалыс кезінде ішкілік ішіп көршілерімен жанжал туғызған Н.Нұрматованы аумақтық инспектор наркодиспансерге жапқызып, 7 «ә» сынып оқушысы Г.Нұрматованы уақытша бейімдеу орталығына орналастырған. Тараз қаласы полиция бөліміне қатынас хат жазылды. Полиция бастығының орынбасары М.Алтаев ата-ана Н.Нұрматованың ата-аналық құқығынан айыруға тиісті құжаттар жиналып, Тараз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданғанын хабарлап, 2 мамыр күні хат жолдады. 20 ақпан күні 4 «ә» сынып оқушысының анасы Ахатаева Гүлжазира Уксикбаева ішімдік ішіп отбасында жанжал болған, әкесі А.Туленбаев полиция бөлімінен көмек сұраған. Мектеп әкімшілігі 5-16-2 мекен-жайға рейд жасап, 22 ақпан күнімен «Жайсыз отбасына тіркелді». Анасы Г.Ахатаева 5.03.2019ж. күні,19.04.2019ж. күні, 13.05.2019ж. күндері келіп түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Күзгі, қысқы, көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру кезінде футбол, қашықтыққа жүгіру, белтемірге тартылу, асық ату мен арқан тарту спорттық жарыстарға мектеп оқушылары қатысып жетістіктерге жетті. Оқу жылының соңында полиция бөлімінде бір оқушы, яғни жоғары тәуекел тобында бір оқушы, мектепішілік есепте екі оқушы тұр, орта тәуекел топта бір оқушы, төмен тәуекел топта бір оқушы тіркелді.
Құқықтық тәрбие бағыты бойынша жетістіктер.
1. «Мен және менің полицейім» атты қалалық акцияға сурет байқауынан 4 «а» сыныптың 5 оқушысы Б.Жақсыбек І орын, Н.Құрманов І орын, М.Нуренов 2 орын, Ш.Тубанова 2 орын, А.Бердіш 3 орын иеленді.
2. 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген қалалық полиция бөлімшесімен бірлескен сурет байқауынан 9 «ә» сынып оқушысы Қ.Таласбек үздік өнер көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды және қалалық «Менің отбасым» тақырыбында эссе жарысына қатысып, 3 орынмен марапатталды
3. «Мен талантты жанмын» қалалық сурет байқауынан 6 «а» сынып оқушысы Ә.Аманбай -3 орын иеленді.
Мектептің оқу-өндірістік базасын нығайту жұмыстары жоспарлы түрде толық жүзеге асырылуда. Жыл бойындағы ғимараттың жөндеудегі қажет ететін бөліктеріне ағымдық жөндеулер жүргізіліп отырды. Оқу жылының алдында мектептің іші толығымен ақталып, сырланды. Қабырғалардағы түскен, жарылған жерлері қайта сыланып, ақталды. Шайынды сулар ағатын құбырлар тазартылды. Спортзалдың еденінің жарамсыз жерлері жөнделіп, ауыстырылып, толығымен сырланып, жылыту батареяларды қоршап тұрған тақтайшалар жаңартылды.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тактильді жолақтар мен пандус орнатылды. Оқу жылының қазан айында ғимараттың сыртына 9, ішіне нақты айтқанда асханаға, спортзалға және екінші, үшінші қабаттың дәліздеріне 5 бейнебақылау орнатылды. Мектеп ғимаратын WI-FI жүйесімен толық қамтамасыз ету мақсатында қараша айында 7 информатика кабинетіне шкаф концентратор орнатылды. Жыл бойы ғимараттың санитарлық жағдайы қадағаланып, талапқа сай жұмыстар жүргізіліп отырды. Ғимараттың өрт қауіпсіздігіне байланысты білім бөліміне сұраныс беріліп, ақпан айында жұмыстар жүргізілді. Ғимараттың А блогына 2 және жертөлеге 12 дабыл құрылғысы орнатылды. Кіру және шығу таблосы ілінді. Мектепке су жылыту құралдары алынып, еден жуушыларды кунделікті пайдалану үшін жылы сумен қамтамасыз етіліп отыр. Алдағы оқу жылында мектептің электр жүйесін толығымен жөндеу үшін қалалық білім бөліміне электр құралдарына сұраныс беріліп отыр. Қазіргі таңда мектеп ғимаратына кезекті ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Жаңа оқу жылының міндеттері

2019-2020 оқу жылына оқу тәрбие үрдісі бойынша төмендегі міндеттерді қойып отыр.
- 1 сыныпқа оқушыларды қабылдау edu.school.kz
- Критериалды бағалауды енгізуде мұғалімдерді оқыту
- Іс-әрекетті зерттеуді мұғалімдер топтарында оқыту
- Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізуді жалғастыру;
- Мұғалімдердің ғылыми - шығармашылық ізденіс жұмыстарын жандандыру;
- Дарынды оқушылардың шығармашылық жобамен жұмыстарына аса назар аудару және олармен жұмыс түрлерін нығайту;
- Пән мұғалімдерімен әдістемелік жұмысты күшейту;
- Пән бірлестігі тарапынан жаңа технологияларды оқып үйренуде, пайдалану тәсілдерін мектеп тренері курсы арқылы тарату;
- Жас мамандардың сабақтарына қатысып, технологиялық – әдістемелік көмек көрсету
- Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру;
- Жас мамандарға тәлімгерлік арқылы көмек көрсету;
- Әр түрлі пәндер бойынша білім сапасын көтеру мақсатында уәжі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүйесін жолға қойып, мектепішілік бақылау жасау.
- Мектеп мұғалімдерін деңгейлік курстан өткен топ жетекшілері іс-әрекетті зерттеуге үйретуін/оқытуын басты назарда жоспарлы түрде ұстау.

2018-2019 оқу жылына мектеп ұжымы құқықтық тәрбие үрдісін әрі қарай дамытуды негізге ала отырып, төмендегідей міндеттер қояды.

1. Құқық қорғау органы өкілдерімен тығыз байланыста болу, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру;
2. ЖОНД ,ЖИТС, ЖОСӨСҚО орталықтарымен тығыз байланыста болу;
3. Сынып жетекшілері оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алу, зиянды заттың алдын алу профилактикалық іс-шараны тиісті дәрежеде жүргізуін қадағалау;
4. «Жан-Нұр» орталығы мамандарымен бірлесе отырып «Қыз Жібек » қыздар клубының жұмысын жүйелі жүргізу;
5. Келісім шартқа отырған «Жамбыл обл. Ауған соғысы ардагерлер кеңесі ұйымымен», «ТШО»-мен бірлескен жоспарлы жұмыстарды жалғастыру
6. Өзін-өзі басқару жұмысы арқылы оқушыларды көшбасшылыққа бейімдеу;
7. «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының мүшелерін толықтыру;
8. Сынып жетекшілер және ата-аналар арасындағы байланысты нығайту ;
9. Басылымдарға мақала жариялау;
10. Өзіндік білім деңгейін жетілдіру.
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №25 орта мектебі» КММ
080009, Тараз қаласы, Қарасу (5) мөлтек ауданы, №28, тел: 34-58-59, school25-08@mail.ru




Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысының

ХАТТАМАСЫ

Тараз қаласы 21.05.2019жыл


Төраға: қамқоршылық кеңес төрағасы Э.Косымбекова
Хатшы: директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Игиликова
Қатысқандар: Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы М.К. Жинақбаева қамқоршылық кеңес мүшелері-15, мектеп әкімшілігі-5

Күн тәртібі:
1.Мектеп директоры А.К.Абашованың қамқоршылық кеңес алдындағы есебі


Тыңдалды:

Есеп беру жиналысын қамқоршылық кеңес төрағасы Э.О.Косымбекова ашып, Қазақстан Республикасы білім және Ғылым министрінің 2017 жылғы27 шілдедегі №355 «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмыстарын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары туралы» бұйрығында көрсетілген нормаға сәйкес, мектеп директоры А.Абашова білім беру ұйымының қызметі туралы оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы қайырымдылық көмектің жұмсалуы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері бойынша қамқоршылық кеңес мүшелерінің алдында берілетін есепті тыңдауға жиналып отырғандығымызды айтып сөз кезегін мектеп директоры А.Абашоваға берді.
Сөз алды: мектеп директоры А.Абашова 2018-2019 оқу жылында 1-11 сынып – 454 оқушы және мектепалды даярлық тобы -34 оқушыны құрады. 23 сынып комплектісі және ағылшын, орыс тілі, информатика пәндерінен 27 оқу тобы ашылды. Инклюзивті оқытуға ұсынылған 5 оқушымен арнайы 1 «Б» сыныбы ашылды. Бұл сыныпқа балалардың ерекшелігіне байланысты арнайы мамандар қабылданды. 488 оқушының барлығының да ИИН номерлері бар, Ұлттық білім беру деректер қоры жүйесіне тіркелді. Ұлттық құрамы бойынша 454 оқушының 448 қазақ, 5 қырғыз, 1 азербайжан оқушы оқиды. 375 оқушы, яғни 75 % -ы мектепішілік үйірмелерге және 120 оқушы мектептен тыс үйірмелерге қатысады. Оралман оқушы жоқ, 4 оқушы үйде оқытылады, олардың 3-і мүгедек.5 оқушы денсаулығына байланысты арнайы сыныпта оқиды. Мектеп оқушылары биылғы оқу жылында 100 % оқулықтармен қамтамасыз етілді.
Мектептің педагог мамандармен қамтамасыз етілуі
Барлық педагог мамандар саны -51
Деңгейі, санаты бойынша саны %
1 Педагог-зерттеуші 4 7,3%
2 Педагог-сарапшы 8 15,6%
3 Педагог-модератор 8 15,6
4 Жоғары біліктілік санатты 21 41,1%
5 І біліктілік санатты 8 15,6%
6 ІІ біліктілік санатты 7 13,7 %
7 Санаты жоқ 15 29,4%

2018-2019 оқу жылының соңында 1-11 сынып оқушыларының саны - 444 оқушымен, мектепалды даярлық тобы 36 тәрбиеленушімен аяқталып отыр. 8 «Ә» сыныбында 1 оқушы, Рысбеков Эльман сабаққа себепсіз келмеуіне байланысты аттестатталмады. Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын балалардың саны 6. 2018 – 2019 оқу жылының І тоқсанында білім сапасы: 53,1%, үлгерім 99,2% көрсетсе, ІІ-тоқсанда білім сапасы – 56,2 %, үлгерім 99,% көрсетті, ІІІ-тоқсанда білім сапасы – 59 %, үлгерім 99,% көрсетті, ал жыл соңын 63 % білім сапасымен аяқтауды болжамдап отырмыз. Өткен оқу жылының соңында – 59%, биылғы болжамдап отырған білім сапасымен салыстырғанда – 4 % өсу болжамдап отырмыз.
2018 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу мақсатында Республикалық «Мектепке барар жол» атты акция жүргізілді. Тамыз–қыркүйек айларында мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасынан шыққан 16 оқушыға көмек көрсетілді. Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 2018 жылдың 31 тамыз күнгі №1049 бұйрығымен мемлекет тарапынан берілетін ақысыз ыстық тамақпен 1-10 сыныптардан 191 оқушы қамтылып отыр. Қалалық, мектепішілік есепте тұратын, қиын және құқық бұзуға бейім оқушыларды, жайсыз отбасыларын анықтап, үй-тұрмыс жағдайы зерттеліп, акт толтырылды. Жалпы оқыту қорынан аз қамтылған отбасынан шыққан 191 оқушы (қыз балаларға-91, ұл балаларға-100) қыстық киіммен қамтылды. Толық отбасында – 291, толық емес отбасында -150 (анасымен тұратын – 148, әкесімен тұратын-2), аз қамтылған отбасындағы – 134, көпбалалы отбасындағы оқушы – 86, өгей әкесімен тұратын -1 оқушы, жайсыз отбасы-2. Желтоқсан айында Тараз қаласы әкімінің жаңа жылдық шыршасына көп балалы отбасынан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар сыйлықтар алды. 2019 жылдың 10 қаңтар-10 ақпан аралығында «Қайырымдылық» акциясы өткізілді. Акцияда аз қамтылған, көп балалы , жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға педагогикалық ұжым, мектеп қызметкерлері тарапынан 21 оқушыға сабаққа қажетті құрал жабдықтар, киім-кешектер т.б. материалдық көмек көрсетті. Мамыр айында оқушылардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру мақсатында жазғы сауықтыру лагеріне жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар қамтылды. Мектепішілік және жазғы сауықтыру лагеріне-170 оқушы қамтылып отыр. Мекепішілік және сыртқы жазғы сауықтыру лагеріне ата-аналар сайт арқылы кіріп өтініштерін береді. Келесі кезекте мектеп директоры А.Аюашова "Күнделік. кz" электронды бағдарламасы жөнінде тоқталып өтті. Күнделік жобасы бойынша мектеп мұғалімдері мен сынып жетекшілерге директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шатаева Камшат жүйені қолдану туралы қыркүйек айында «Электронды күнделікпен жұмыс» атты семинар өткізіп, ата-аналарға жалпы ата-аналар жиналыстарында, сыныптардың ата-аналар жиналыстарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір мектеп бойынша 51 мұғалім, 290 ата-ана мектеп "Күнделік. кz" жүйесіне қосылған. 2018-2019 оқу жылында мектеп бойынша 488 журнал толтырылып, тоқсан бойынша оқушылар қорытылып, электронды журналға бағалары қойылуда. 1,2,3,5,6,7,8 сынып оқушыларының жиынтық бағалары электронды күнделікке уақытылы қойылып, тоқсандық жиынтық бағалары шығарылуда. Келесі мәселе 2018-2019 оқу жылының 22, 23, 24. 04. 19ж. күндері аралығында ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №94 бұйрығымен бекітілген Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау 4 сыныптарда қағаз жүзінде 38 оқушы тест тапсырды, денсаулығына байланысты 7 оқушы тапсыра алмады. 9-11 сыныптарында онлайн тест түрінде өткізілді. 4 сыныптарда- орта балл-20,02. 9 сыныптарда орта балл-55,11балл. Максималды балл-75
11 сыныпта орта балл-82,8 балл. Максималды балл-100 балл
2018-2019 оқу жылында мектеп Назарбаев Зияткерлік мектебімен желілік қоғамдастық жоспарын бірлесе құру арқылы және екіжақты меморандумға қол қойып келісім арқылы жұмыс жасады. «Сенім» кәсіби қоғамдастығы мұғалімдері ұжым мүшелерімен жұмыс атқаруда. Қоғамдастықта барлығы 7 мұғалім жұмыс істейді.
2018-2019 оқу жылында мұғалімдер байқаулар мен жарыстарға қатысып жетістіктерге жетті. Мұғалімдердің кәсіби байқау жетістіктері Республикалық-2, облыстық-4 орын, қалалық-9 орын.
Байқаулардан мектеп оқушылары Халықаралық жарыстан -51 орын, республикалық жарыстан -24 орын, облыстық жарыстан - 3 орын, қалалық жарыстан -22 орын жетістіктерге жетті. Физика пәнінен «Жас ғалым -2019» VII халықаралық ғылыми практикалық конференциясында ІІ дәрежелі дипломмен 1 оқушы, М.Ломоносов атындағы ХХ турнирдан 1 оқушы мақтау қағазымен, «Ұлы өнертапқыштық алғашқы қадам» ғылыми практикалық конференцияға 2 оқушы қатысып І және ІІІ дережелі дипломмен, ғылыми жобалар байқауынан 1 оқушы І орын, 4 оқушы қалалық ғылыми жобалар байқауынан І орынмен, «Пони-Үркер» байқауына 21 оқушы қатысып І,ІІ,ІІІ орындармен, «Руский медвежонок» байқауынан 5 оқушы І орынмен, «British Buldog» интеллектуалды олимпиадаға 20 оқушы қатысып І,ІІ,ІІІ орындармен марапатталды. Республикалық «Сурет байқауына» 1 оқушы – І орынмен, «Шығармалар байқауына» 9 оқушы – ІІ орынмен, «Алтын тобылғы» республикалық байқауына 6 оқушы І,ІІ,ІІІ орындармен, «Ақбота» марафонына 3 оқушы І, ІІ орындармен, «Білімді жастар - Қазақстанның жарқын болашағы» тақырыбында ХІҮ тәжірибелік конференцияға қатысып, 1 оқушы ІІ орынмен марапатталды. Дамуында мүмкіншілігі шектелген балалар үшін білім алу қолжетімділігін қамтамасыз ету нысаналы индикаторының 2018-2019 оқу жылына жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 бұйрығы, 08.11.2012 жылғы №500 бұйрығының қосымшасы, БҒМ 15.07.2016жылғы №453, 08.04.2015 жылғы №174 бұйрығымен бекітілген денсаулығына байланысты үйде оқытылатын балалар анықталып, ата-аналар ұсынған дәрігерлік бақылау комиссиясының тиісті анықтамалары мен психологиялық – медициналық – педагогикалық комиссия ұсынымдарына сәйкес мектебімізде 2018-2019 оқу жылына үйде оқытылатын балалардың білім алуы ұйымдастырылды.Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын балалардың саны 8- оқушы ПМПК қорытындысы негізінде үйде оқытылатын оқушылар тізіміне енді.Үй жағдайында оқитын оқушыларымыз толық қанды мектеп кітапханасының оқулықтармен қамтылған. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылар үшін қалалық білім бөлімі «Жұлдыз-ай -2019» атты байқау ұйымдастырып, қалалық іріктеу кезеңінен ән номинациясы бойынша Болатова Мариям ІІ орынды, Николаева Назерке Бейнелеу өнері номинациясы бойынша І орынды, қолөнер номинациясы бойынша Талап Мұқағали ІІ орынды иеленді. Тәрбие жұмысының басым бағытына тоқталып, өткізілген іс-шараларға мағлұмат берді. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы «Отаным – тағдырым», «Өлкетану», «Саналы Азамат» бағыттары бойынша қаламыздың бірнеше мекемелерімен бірлескен жоспар құрып, іс-шаралар жүргізілді. «Жамбыл Облысы және Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлер Одағының төралқасымен» төрағасы Ермеков Дүкенбай Сайлаубекұлымен 20 қараша күні № 54 бұйрық негізінде тәрбие мен білім саласындағы ортақ мақсаттар мен принциптер негізінде меморандумға қол қойылды. Осы бағытта 14 іс-шара жүзеге асырылды. «Жан-Нұр» денсаулық сақтау орталығымен меморандумға қол қойылып, бірлескен түрде іс-шаралар жүргізілді. Бүгінгі күні осы бағытта 12 іс-шара жүзеге асырылды. Сондай-ақ, оқушыларды мектептен тыс үйірмелерге қамту мен шығармашылыққа баулу мақсатында Техникалық шығармашылық орталығының директоры М.Ибраимовпен біріккен жоспар құрылып, жұмыстар жүргізілді, мектептен 25 оқушы үйірмеге қатысады. Осы бағытта 8 іс-шара жүзеге асырылды. «Қарасу» мөлтекауданының Коммуналдық пәтерлер қауымдастығының төрағасы Қожахметов Дүйсенбай Асатұлымен біріккен түрде іс-шаралар жүргізілді. 5 қараша күні «Мәңгілік Ел» бағдарламасы негізінде Мәңгілік елдің ұрпақтарын көшбасшылыққа бейімдеу мақсатында «Бірлік» атты шаңырақ қауымдастығы құрылды. Қауымдастық жеті шаңырақтан тұрады.
Тәрбие бағытында төмендегідей жетістіктерге жетті. Қалалық спорттық жарыстан-3, «Жас ұлан» ұйымы-6, Эссе жазудан-1, облыстан-4, Республикалықтан-8, Халықаралықтан-1, әлемдік жарыстан-1, республикалық жарыстан-10, Техникалық шығармашылық орталығынан «Табиғатты аяла» тақырыбында қалалық экофорумнан - 3 жетістіктерге жетті.
2018-2019 оқу жылына арналған жылдық жоспар, Тараз қалалық полиция басқармасымен бірлескен жоспары, СӨС орталығымен бірлескен жұмыс жоспары, ЖОНД-мен, «ЖИТС» орталығымен бірлескен жоспарлар бекітілді. Мектепке бекітілген мектеп инспекторы полиция мойоры Б.А.Альмухамедов құқық қорғау өкілдері қызметкерлерімен, мектеп әкімшілігімен бірлесіп оқушылармен дәріс оқып, ерекше назардағы тәртіп бұзған оқушылармен, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіп, ұлдар жиналысын өткізді, ай сайын қамқоршылық кеңес алдында есебін беріп отырды. «Жайсыз отбасында» екі отбасы тіркелген. Күзгі, қысқы, көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру кезінде футбол, қашықтыққа жүгіру, белтемірге тартылу, асық ату мен арқан тарту спорттық жарыстарға мектеп оқушылары қатысып жетістіктерге жетті. Оқу жылының соңында жоғары тәуекел тобында- бір оқушы, орта тәуекел топта -бір, төмен тәуекел топта- бір оқушы тіркелді. Құқықтық тәрбие бағыты бойынша «Мен және менің полицейім» атты қалалық акцияға сурет байқауынан 4 «а» сыныптың 5 оқушысы І, ІІ, ІІ орындармен марапатталды. 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген қалалық полиция бөлімшесімен бірлескен сурет байқауынан үздік өнер көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды және қалалық «Менің отбасым» тақырыбында эссе жарысына қатысып, 3 орынмен марапатталды. «Мен талантты жанмын» қалалық сурет байқауынан 1 оқушы 3 орын иеленді.Мектептің оқу-өндірістік базасын нығайту жұмыстары жоспарлы түрде толық жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тактильді жолақтар мен пандус орнатылды. Қазан айында ғимараттың сыртына 9 бейнебақылау орнатылды. Мектеп ғимаратын WI-FI жүйесімен толық қамтамасыз ету мақсатында қараша айында 7 информатика кабинетіне шкаф концентратор орнатылды. Ғимараттың өрт қауіпсіздігіне байланысты білім бөліміне сұраныс беріліп, ақпан айында жұмыстар жүргізілді. Ғимараттың А блогына 2 және жертөлеге 12 дабыл құрылғысы орнатылды.
2019-2020 оқу жылына оқу тәрбие үрдісі бойынша міндеттерді айта отырып, мектеп директоры есебін қорытындылады.
Төраға: Есеп беруші мектеп директорына қоятын сұрақтарыңыз немесе тілектеріңіз болса, сұрақтарыңызды қойыңыздар.
Қамқоршылық кеңестің мүшесі Г.Тажибаева : балаларым осы мектепте оқиды, ата-аналармен жиі пікірлесіп тұрамыз, мектебіміздегі ұстаздардың білім беруі өзімізге ұнайды. Мектеп ұжымының ұстаздарына, оқушыларына шығармашылық табыс тілей отырып, биіктен көріне беруіне тілектеспіз.
Қамқоршылық кеңестің мүшесі Д.Кожахметов : Мектептегі атқарылған жұмыстардың өз дәрежесінде өтіліп отыруы мектеп басшысының дұрыс бағыт- бағдарының ықпалы екені сезіліп тұр. Кеңес мүшелері директордың басқару жұмысына оң баға береміз, ал қамқоршылық кеңесінің жұмысын жандандыру үшін, әрқайсымыз ат салысуымыз керек.
Шешім қабылдады:
1. Мектеп директоры А. Абашованың есебі қанағаттанарлық деп танылсын.
2. Қамқоршылық кеңес мүшелері мектептен тығыз байланыста бола отырып, оқу тәрбие үрдісінде атқарылған іс-шара, дөңгелек үстел, кездесулерге, жиындарға ат салыссын.
Төраға: Э.О. Косымбекова
Хатшы: Р.А.Игиликова
Мүшелері: Д.Кожахметов
Г.Пирназарова
С.Журмухамедов
Ф.Бизакова
А.Сұлтанова
М.Рахымжанова
Г.Скакова
Г.Тажибаева
Г. Шайжанова
М.Рысқұлбекова
Ж.Нарбекова
А.Толыбаева
Ж.Есалиева
Қ.Әбеуов





[center]
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив